4 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде жыл сайын ең кемі 10 оқушының жүрегі тоқтап көз жұмады

27 март 2019, 10:59
Елімізде жыл сайын ең кемі 10 оқушының жүрегі тоқтап көз жұмады


Медицина саласының мамандары келтірген статистика осы. Халқының саны 18 миллионнан аспайтын Қазақстан үшін бұл үлкен қауіп дейді олар. Дәрігерлер жыл санап жүрек ауруы жасарып барады деп ескерту жасауда. Дұрыс ұйықтамау, түнімен компьютер алдында отыру, телефонды қолдан тастамау сайпы келгенде жүрекке салмақ салып, аритмияға шалдықтыруы мүмкін дейді мамандар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Кейбір тәжірибелі кардиолог дәрігерлердің өзі жүрегі тоқтап қайтыс болған балаға нақты диагноз қоя алмайды. Бұл да бір шындық!» - дейді профессор Леонид Макаров. Жастар мен жасөсіпірімдердің аяқ асты өлімін 30 жылдай зерттеп жүрген маман алғашқы медициналық көмекті заңнамалық негізде реттемей бәрі бекер екенін айтады.

ЛЕОНИД МАКАРОВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

«Бізде өкінішке орай, адамның жүрегі тоқтап қалса аяқ асты өлім деп тіркейді. Себебі, алғашқы медициналық жәрдем бір жүйеге қойылмаған. Логистикалық тұрғыдан да, заңнамалық негізде қаралмаған. Көшеде біреу құлап қалса оған барып алғашқы көмек көрсетуге кез-келген азаматтың құқығы жоқ. Себебі, ертең өліп кетсе жауапқа тартылады. Мұндай жайттар практикада кездесіп жатады».

Ресми дерек бойынша жылына 10 оқушының жүрегі тоқтап қайтыс болады дедік. Бірақ диагнозы басқаша тіркелгені қаншама?! Мысалы жақында Қарағандыда жеткіншек көз жұмды. Каратэден жаттығу жасап жатқан кезде соққы алған мектеп оқушысын дәрігерлер аман алып қала алмаған. Ресми орган жеткіншек ауруханада көз жұмды десе, ақ халаттылар жедел жәрдем келмей жатып, жазым болған деп ақпар берген еді.

АЙЖАН ИСА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ-ХАТШЫСЫ:

«Жедел жәрдем дәрігерлері келгенде бала уже қайтыс болып кеткен. Бірақ оған қарамастан бүкіл реанимациялық көмек көрсетілді. Ешқандай нәтиже берген жоқ. Қасындағы адамдардың өтініші бойынша дәрігерлер оны облыстық кардиология-хирургиясына апарды. Ол жерде де бүкіл реанимациялық көмек көрсетті. Бірақ ол да өкінішке орай, ешқандай нәтиже бермеген жоқ».

Дәл осындай дефибрилляторлар республика бойынша тек санаулы мектептерде ғана орнатылған. Адамның жүрегі тоқтап қалғанда мұндай құрылғы ауадай қажет. Қолдану да қиын емес. Мына қорапшаны ашқанда жақын маңдағы жедел жәрдемге бірден хабар түседі. Ал мамандар оқиға орнына бағыт алады екен».

Мұндай құрылғы ауыл мен аудандардағы мектептер үшін әзір қол жетпес арман екені түсінікті. Тіпті, шалғай өңірлерге жедел жәрдем де жете қоймайды. Сондықтан кардиолог дәрігерлер тексеруден уақытылы өтіп тұру керек деп кеңес беруде. Жүрек ауруларының белгісі 40 жастан асқаннан кейін емес, тіпті 15-20 жастағы жастардан да табылып жатыр екен.

СӘУЛЕ ӘБСЕЙІТОВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, КАРДИОЛОГ ДӘРІГЕР:

«Стресс, дұрыс ұйықтамау, түнімен компьютер алдында отыру мен телефонды қолдан тастамау мұның барлығы айналып келгенде жүрекке салмақ салып аритмияға шалдықтыруы ғажап емес. Мысалы жастар сәл тұмауратып, жөтелсе дәрі ішеді де жүре береді. Оның да жүрекке әсері бар. Бұл байқалмай миокард инфарктіне апаруы мүмкін екенін мамандар жоққа шығармайды».

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданудың өзі жүрек ауруынан амал алып қалады алмайды. Оған өткен жылы Алматы марафонында көз жұмған 18 жастағы Максим Королевтің өлімі куә. Сондықтан елордада бас қосқан дәрігерлер қоғамдық орындарда, білім ошақтарында қызмет атқаратын мамандар алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуі керек деген бапты заңнамаға енгізу керек деген бастаманы көтерді.

ГҮЛНӘР ҚҰЛҚАЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

«Теміржол вокзалы, сапаржай, әуежай, супермаркет, кинотеатр сияқты адамдар көптеп жиналатын қоғамдық орындарда қызмет атқаратын мамандар міндетті түрде бірінші медициналық көмек көрсетуді меңгеру керек деген талап бұл бапта болады деп жоспарлап отырмыз. Әрине бұл бір күнде бола қоймайды. Дегенмен, бұл мәселенің өзекті екені сөзсіз».

"Халықтың денсаулығы туралы" кодекс қашан қабылданады, жалпы қабылдана ма? Бұл өз алдына жеке сұрақ. Ол қалай жүзеге асырылатыны да белгісіз. Қалай болғанда да соңғы тіркелген қайғылы оқиғалар істің алға басуына сепші болады деген үміт бар.
Просмотров материала: 2 027

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 185 246 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 771 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 184 345 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 184 395 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 710 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 813 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 933 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 183 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 445 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 590 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 120 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 197 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 489 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 315 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 146 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 394 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 082 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 484 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 218 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 197 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 028 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 867 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 080 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 579 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 900 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 540 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 926 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 875 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 941 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 902 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 121 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 265 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728