22 января 2021 г.

Мы в соц сетях:



Көпбалалы аналар 1 сәуірден бастап көмек алуы тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев

06 март 2019, 16:29
Көпбалалы аналар 1 сәуірден бастап көмек алуы тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиынға премьер-министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев және премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

"Жақында өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырдық. Мен тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ұсынған болатынмын. Біз бүгін оларды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жан-жақты талқылаймыз", - деді Қазақстан Президенті.

Басқосуда Мемлекет басшысына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі жөнінде Үкіметтің жұмыс жоспары таныстырылды. Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған соң, Елбасы халықтың көмекке мұқтаж санатына жататындардың бәріне әлеуметтік жәрдем беру қажет екенін айтты.

"Әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бөлінетін қаражат салық түсімі есебінен құралатынын түсінген жөн. Сондықтан, мемлекеттің тиісті тепе-теңдікті сақтай отырып, көмекке аса мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсететінін баршаға түсіндіру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар мемлекеттің қамқорлығын жақын арада сезінуге тиіс екенін атап өтті.

"Көмекке аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы 1 сәуірден қалмай әлеуметтік көмек алуы қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдерінің жұмыстарын бағалау азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне және тұрмыс сапасына тікелей байланысты болатынын атап өтті. Мемлекет басшысы өңірлерде жалақыны өсіру жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануының, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі реформалар жүргізудің, тұрғын үйлер мен ішкі аудандық жолдарды салу қарқынын күшейтудің, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен экология проблемаларын шешудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, "Құтты мекен" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

"Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері өңірдегі тұрғындардың өзекті мәселелерін жеке бақылауға алып, жүктелген міндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар қабылдауы керек. Сонымен қатар, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылау жасау негізгі бағыттың бірі саналады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың тиімділігін арттырып, бұл үдеріске тұрғындардың белсенді атсалысуы қажеттігін атап өтті.

"Ең алдымен, халықты жұмыспен қамту керек. Мемлекеттік аппараттың міндеті - шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға күш жұмылдыру. Бұл жұмысты барлық қалаларда, аудандар мен ауылдарда жаппай жүргізу қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп, жүктелген міндеттердің орындалу барысын үнемі бақылап отыруды тапсырды.

"Үкімет, әкімдер, жұртшылық және Нұр Отан» партиясы нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін осы жұмысқа атсалысуы тиіс. Мен бұл үдерісті өзім бақылауға аламын", - деді Назарбаев.
Просмотров материала: 1 164

Поделиться материалом


14:47 Зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алуға бола ма?... 18 Просмотров

14:40 Шести партиям отказали в регистрации в Казахстане... 20 Просмотров

14:30 Крещение сарсаңы. ШҚО-да өзен суының 1 литрі 1000 теңгеден... 35 Просмотров

14:17 У 10 казахстанцев, прилетевших из-за границы, обнаружили... 36 Просмотров

14:17 Шымкентте қонақүйлердің бірінде емін-еркін жүрген арыстан... 46 Просмотров

14:06 Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан үй алу үшін 15 млн теңге... 50 Просмотров

14:03 Отравленной водой в поездах пугают казахстанцев... 36 Просмотров

13:00 В Уральске детей незаконно завлекли в секту... 56 Просмотров

13:00 Былтыр партия құру бойынша 9 өтініш келіп түсті – министр... 67 Просмотров

12:50 Житель Алматинской области угнал авто у родственницы и... 55 Просмотров

12:43 Борышкерлердің мүлкін өндіріп алуға «Сергек» жәрдемдеседі... 75 Просмотров

12:40 В Актобе вор проник в дом и избил кочергой двух... 75 Просмотров

12:30 Отстрелившего ухо собаке мужчину задержали в Акмолинской... 58 Просмотров

12:27 Nur Otan-нан кеткен экс-депутат халық үкіметін құруды ұсынды... 75 Просмотров

12:12 Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн... 90 Просмотров

12:10 Досрочное снятие пенсионных: оплату ИПН разрешили отсрочить... 82 Просмотров

12:07 2020 жылы 7 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген... 90 Просмотров

11:58 7 млн административных правонарушений зарегистрировано в... 86 Просмотров

11:50 Қазақстанда 40 градус аяз болады... 148 Просмотров

11:45 Досрочное снятие пенсионных: платформа для заявок будет... 78 Просмотров

11:35 Елімізде қаржы пирамидаларын бақылайтын топ құрылды... 80 Просмотров

11:32 Средний возраст министров РК составил 48 лет... 70 Просмотров

11:19 Қытайдан қашып келген Мұрагер Әлімұлын пышақтап кетті... 105 Просмотров

11:12 Видео с мертвой рыбой на Балхаше возмутило казахстанцев... 80 Просмотров

11:10 Энергетика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды... 78 Просмотров

11:02 Три млрд тенге заплатили казахстанцы за нарушения карантина... 77 Просмотров

10:55 Карантинді бұзғаны үшін қазақстандықтар 3 млрд теңге... 87 Просмотров

10:45 Бизнес-леди осудили за хищение бюджетных средств в... 81 Просмотров

10:40 Мұздатқыштағы нәресте өлімі: атыраулық дәрігерлер сот... 92 Просмотров

10:33 В Туркестанской области предпринимателя избили до смерти за... 99 Просмотров

10:22 2020 жылы алимент төлеуден жалтарғандардан 76 пәтер мен 62... 87 Просмотров

10:14 Әділет министрлігі қандай заңдарды әзірледі?... 86 Просмотров

10:11 Младенец в холодильнике: коллеги осужденных выразили... 104 Просмотров

10:02 Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: өтінім қабылдайтын... 93 Просмотров

10:00 Жанибек Нупиров назначен руководителем аппарата Минторговли... 72 Просмотров

09:50 Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары... 77 Просмотров

09:48 Врач избежал тюремного срока за смерть пациентки после... 85 Просмотров

09:42 Нұр-Сұлтан маңында ит атып, құлағын тескен ер адам ұсталды... 88 Просмотров

09:30 Вакцинацияға арналған электрон паспорт: екпе... 99 Просмотров

09:26 2 человека скончались от пневмонии в Казахстане... 88 Просмотров





Опрос


«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031