19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Наурызда он күн демалыс берілсін! - министр ұсыныс жасады

04 март 2019, 16:47
Наурызда он күн демалыс берілсін! - министр ұсыныс жасады


Наурыз – әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. «Наурыз» жаңа күн деген мағынаны береді. Халық арасында ерекше қолдауға ие бұл мереке 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте де тойланып келген.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болып, 2009 жылдың 24 сәуірінде наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берілді.

Нақ, осы күннен бастап, республикамызда Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіле бастады.

НАУРЫЗ – ЖАҢА ФОРМАТТА

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан» деп, Наурыздың тәлімдік әрі тәрбиелік мазмұнын ашып көрсетіп берді.

Енді заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныстылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек.

Ел арасында «Наурыз мерекесі бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда» деген пікір қалыптасты. Сондықтан мерекенің өзіне сәйкес атрибуттарын қалпына келтіріп, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпы қазақстандық мереке дәрежесіне жеткізген жөн. Мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы.

Наурыз мерекесінің негізгі мағынасы: Ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғырту

Сондықтан да Наурызға іргелі ізденістер мен тарихи, әрі заманауи шаралар керек. Мұның бірнеше жолы бар. Атап айтқанда:

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – БҮЛДІРШІНДЕР

Жаңа жылда Аяз Атаның, Рождествода Санта-Клаустың сәбилерге сыйлық беруі, отбасы мүшелерінің бір-біріне тарту-таралғы жасауы сияқты дәстүрдің берік орнығуы бұл мерекелерді халыққа барынша жақындатқаны мәлім. Жаңа жылдан әрбір бала тосын жаңалықтар күтеді. Наурызда да балалардың есінде қалатындай мереке сыйлағанымыз жөн.

Демек, Наурызды тойлау арқылы біз бар жақсылығымызды, шарапатымызды бүлдіршіндерге арнауымыз керек.

Қазіргі заманға лайықтап, шоколадпен көмкеріп, көрнекі қаптамасын жасап, көз тартар қорапқа салып, ұлттық тағам аясында әзірленетін жент, талқан, балқаймақ, кілегей, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік және тағы басқаларын әдемі де шақты етіп әзірлеу процесін жолға қоятын мезгіл жетті.

НАУРЫЗ КАНИКУЛЫ

Мысалы, күнтізбелік Жаңа жыл – 1 қаңтар өзінің мықты идеологиясымен, сан алуан белгілерімен отбасылық мерекеге айналғаны мәлім. Бұл орайда, студенттер мен оқушылардың ұлттық мейрамды отбасында, жақындарының жанында қарсы алуға мүмкіндік туғызу мақсатында 14-23 наурыз аралығында (10 КҮН) наурыз каникулы белгіленуі тиіс.

Бұл жерде мектеп оқушыларының бұрынғы 24 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ІІІ-тоқсан каникулы он күнге жылжып, олар осы Наурыз мейрамын отбасымен, ағайын-тумаларымен қарсы алуға мүмкіндік алар еді. Сондай-ақ, тоқсан аралық каникулдардың арасында жиілік тепе-теңдігінің сақталуына мүмкіндік туады.

НАУРЫЗ НЫШАНЫ

Жауқазын, бәйшешек немесе қызғалдақ Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы ретінде бекітуді қажет етеді. Гүлдің адамға деген әсері өте мол. Себебі гүлден ерекше сұлулықпен бірге адам нәр алады. Гүл тұрған жерде биік сезім пайда болады. Мереке күні аналарға, қыз-келіншектерге гүл сыйлау көңілдерге құштарлық сыйлайды. Бұған қоса мекемелер, көшелер, саябақтар жауқазын гүлімен көмкеріліп, абаттандырылса нұр үстіне нұр. Сол арқылы біз Еуропаға ерекше қастерленетін қызғалдақтың, жауқазын мен бәйшешектің түпкі отаны қазақ даласы екенін де ұрпақ санасына сіңіре түсер едік.

НАУРЫЗ СИМВОЛИКАСЫ


Күн мен түннің теңелуі – астрономиялық көктемнің тууы. Астрономдардың тілімен айтар болсақ, бұл кезде Күннің орталығы өз қозғалысы барысында Жер экваторын кесіп өтеді. Ғылымда көктем туатын мезгілді түрліше шамалау әдісі қалыптасқан. Күн қозғалысына негізделген есеп бойынша нағыз көктем осы – КҮН мен ТҮННІҢ (21-нен 22-не қараған түні) теңелу сәті. Түн ортасы ауғанда жаппай ЖАҢА КҮНДІ қарсы алу дәстүрін түлеткеніміз абзал. Елбасы өз сөзінде «Халқымыз қашанда жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күннен үмітін үзбеген. Бүгінін болашағымен байланыстыратын бар ізгіліктің бастауын игі ниеттен іздеген. Сондықтан тіршілік жаңаратын наурызда әр адам жақсылыққа ниет етуі тиіс» деген. Ендеше жарықтың ұзаратын, күн нұрының молығатын ЖАҢА КҮННЕН үлкен де, кіші де жақсылық тілейтін.

БАСҚА ХАЛЫҚТАРҒА ҚАРАҒАНДА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛ – НАУРЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛУЫ ОСЫ ҚАСИЕТІМЕН БАСЫМ.

ТАЛ ЕГУ

Наурыз мейрамы тек той тойлау ғана емес, сонымен қатар жаппай тазалық шараларын өткізу керек. «Бір тал кессең, он тал ек!» дегендей, көшет отырғызу науқаншылдық емес, дәстүрге айналғаны абзал және сол егілген талдарға айырықша күтім болса.

АҒАЙЫНМЕН КӨРІСУ

Ұлыс күні Ұлт Көшбасшысы ел дамуының кепілі ретінде белгілеп берген бірлік, татулық, отбасыны қастерлеу сияқты адамзаттық құндылықтарға құрылған.

Осыған орай, Наурыз мейрамының рухани-мәдени тәрбиелік мәнін іс жүзінде өмірге енгізуді ұсынамыз. Бұл мақсатта Наурыздың сипатын ашатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр салтты жаңғыртатындай көрісу күні, қайырымдылық жасау күні, ата-бабаны еске алу күні, ақ дастархан күні деп мазмұн бере отырып, рухани іс-шараларды қалыптастыру қажет.

ӘЛЕУМЕТТІК ШАРАЛАР

Дәл осы «Наурыз мейрамы» күндері аясында еліміздің іскер азаматтары, меценаттар, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер балалар үйлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға және қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарына жәрдем жасап, қайырымдылық шараларына көңіл бөлгені жөн. Бұл игі істе Қазақстанның белсенді жастарының басын біріктіріп, волонтерлар корпусын Наурыздың жаңа тұрпатта тойлануына жұмылдыру керек.

Наурыздың рухани мәртебесі арта түсуі үшін, жыл сайын қыс айларында дәстүрлі берілетін әдебиет пен өнер саласы қайраткерлеріне арналған стипендиялардытабыс ету мерзімін Наурыз мейрамына ауыстырған абзал.

ҰЛТТЫҚ КИІМ

Сондай-ақ, Наурызға әбден жаттанды болған шапан мен камзолдың орнына, осындай қасиетті де ерекше күндері әркім өзіне жарасатындай, сән-салтанатымен, мақтанышпен киетіндей қазіргі заманғы ұлттық киім үлгілерін тіктіргені абзал және Наурыз мерекесін барша қазақстандық сол ұлттық киіммен қарсы алса, нұр үстіне нұр болар еді!

Сонымен, гүл сыйлау үрдісі, ұлттық тағамның ықшамдалған үлгісін әзірлеу, креативті киім үлгілеріне сұраныс туғызу, наурыз белгілерін айшықтайтын кәдесыйлар, сувенирлер жасау – бәрі айналып келгенде, ысырапқа емес, керісінше экономикамыздың да қозғаушы күштерінің біріне айналады.

ҚЫРЫҚТЫҢ БІРІ – ҚЫДЫР

Қыдыр баба (Қызыр) бар жақсылықтың, молшылық пен берекенің иесі, үміттің шырағын жағатын кие. “Қырықтың бірі – Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көреміз. Әдетте, біз Қыдыр бабаны көбінесе көпшіліктің алдына шығарып, ақ тілек айтқызып, ақ бата бергіземіз де, одан әрі оның қиялды ұштай түсетін мүмкіндігін ескермейміз. Ендеше, Қыдыр бабаны Наурыз мейрамын өткізу барысында ұтымды пайдаланған абзал. Айталық, ол жұртқа бата берумен ғана шектелмей, сыйлықтар да үлестіретін болса. Әсіресе, Қыдыр атаның мейірімі бүлдіршіндер көңілімен ұштасса, мерекенің мәні мен сәні арта түседі.

Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мейрамына алдын ала үлкен дайындықтар жасалады.14 наурыз күні таңғы сағат 6-дан бастап жұрттың бәрі үй-үйді жағалап көріседі. «Кім ерте тұрып, 40 үйге кіріп, көрісетін болса, соған Қыдыр ата несібесін береді» деген де сөз бар. Сол несібені алып қалу үшін кішкентай бүлдіршіндер таң атпай ерте тұрып, үй-үйге жүгіріп, ата-әжелерге барып көрісетін. Үлкен адамдар «Бүгін көрісуге адамдар келеді» деп, үйінің айналасын, ішін тазалап, жаңа киімдер киіп, күтіп отырады.

Наурыз мейрамы тек той тойлау ғана емес, сонымен қатар жаппай тазалық шараларын өткізу керек. «Бір тал кессең, он тал ек!» дегендей көшет отырғызуды дәстүрге айналдыру қажет.

СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР

Наурыз мейрамы аясында мемлекеттік деңгейдегі дәстүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастыруды жандандыру керек. Сондай-ақ, бұқаралық спортты және халықтық дәстүрлерді насихаттау мақсатында, велошеру, марафон секілді бүкіл халықтық сипаты бар спорт сайыстарымен қатар ұлттық ойындардан жыл сайынғы республикалық «Наурыз» спартакиадасын ұйымдастыруды ұсынамыз.

НАУРЫЗДЫ НАСИХАТТАУ

БАҚ мүмкіндіктерін пайдалануға айрықша назар аударғанымыз абзал. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары Наурыз мейрамын тойлау барысында өткізіліп жатқан шаралардың танымдық және мазмұндық жағына мән берсе.

Наурыз идеясын насихаттау барысында аймақтар арасында телекөпірлер өткізу, телемарафондар мен тақырыптық бағдарламалар, ақпараттың басқа да формаларын ұйымдастырудың маңызы зор.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ежелгі Наурыз мейрамы қазіргі заманға бейімделіп, қоғамда саяси тұрақтылықты, достық пен келісімді нығайтудың, жалпы қазақстандық, отбасылық мерекенің тетігіне айнала түседі деген қорытынды жасауға болады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі
Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 2 604

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 664 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 486 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 455 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 391 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 374 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 229 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 663 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 725 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 292 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 280 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 431 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 823 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930