19 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға қатысты жаңа заң күшіне енді

21 февраль 2019, 13:43
Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға қатысты жаңа заң күшіне енді


Онда мектеп табалдырығын аттайтын ұл-қыздардың жасына шектеу енгізілген. Ал балабақша тәрбиеленушілеріне арналған тағы бір Заң жобасы келер жылы жүзеге асырылады. Құжатта бөбекжай бүлдіршіндеріне арналған бағдарлама мүлдем өзгереді делінген. Заңдағы өзгерістер қандай? Жаңа бастама ата-аналарға несімен жақпай қалды? Мамандардың пікірі қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Білім туралы Заңға енгізілген өзгеріс екеу. Оның біріншісіне тоқталайық. Енді балалар даярлық сыныбында алатын ілім-білімін балабақшада жүріп меңгереді. Яғни, 2020 жылдан бастап бөбекжайларға нөлінші сынып енгізіледі. Ал екінші өзгеріс биылғы жылдың 1 қаңтарында енгізілген. Оған сәйкес, балалар енді 6 жастан бастап мектепке қабылданады. Ал егер бүлдіршін бұл жаста орта білім алуға дайын болмаса, жеті жасқа толғанша үйде отыруға болады. Заңдағы соңғы өзгеріске ата-аналар алаңдай бастады. Соның бірі Астана қаласының тұрғыны Самал Тәуекелова.

САМАЛ ТӘУЕКЕЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

"Біз о баста жұбайым екеуміз балам бірінші сыныпқа жеті жастан барады деген шешім қабылдадық. Себебі, менің ойымша ұлым әлі мектеп табалдырығын аттауға дайын емес. Мәселе, әріптер мен сандарды көбейтуді білгенде емес, балам өте ойынға құмар. Мектеп ойнайтын жер емес. Білім ордасына перзентіңді тәрбиелеп барып беру қажет".



Білім басқармасындағылар да аталған заң жобасы биыл қабылданысымен шу шығарған ата-аналардың қатары артқанын алға тартты. Тіпті, кейбір өңірлерде осы сәтті ұтымды пайдаланған пысықайлар даярлық тобындағы бүлдіршіндерді 1 сыныпқа барыңдар деп шығарып жіберген көрінеді. Алайда, балаларды оқу жылының ортасында сыныптан қууға министрлік тарапынан тыйым салынған. Оған кейбір білім ошақтары пысқырып та қарамайтын көрінеді.

ЗЕЙНЕП МАҚСҰТОВА, ҚР БҒМ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларды бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылдайтын білім беру саласындағы заң жобасы күшіне енді. Егерде, оқу жылы басталған сәтте, бала 6 жасқа толмаса, онда перзентін білім ордасына беру бермеуі ата-ананың өз қалауы. Мұндай заң қабылданған соң, кейбір аймақтарда мектепке дейінгі даярлық сыныптарынан балаларыңды бірінші сыныпқа беріңдер деп шығарып тастап жатқан жағдайлар тіркеліп жатыр".

Заңдағы жаңа өзгеріске сай, келер жылдан бастап енді жасы 6-ға толған бүлдіршінді балабақша қабылдамайды. Бұл жаста оны мәжбүрлеп ешкім мектепке де шақырмайды. Таңдау ата-аналардың өзінде. Баласының ойы толысып, жасы жетіге толғанша үйінде тәрбиелеуге құқылы. Бірақ, балабақшада нөлінші сыныптың бағдарламасын меңгеруі міндетті. Алайда, мамандардың сөзінше баланы 6 жастан білім ордасына беру, перзентіңізді теңізге ескексіз қайықпен жібере салумен тең. Өйткені, бұл жаста кез-келген бала ойынға әуес, оң - солын танымайды екен. Сондықтан, аталған заң жобасын қайта қарау қажет деген пікірде.

АСИЯ ФАЗЫЛОВА, БАЛАЛАР ПСИХОЛОГЫ:

"Алаңдауға бірнеше негіз бар. Себебі, бұл жаста баланың алдыңғы ми бөлігі физиологиялық тұрғыда дұрыс жетілмейді. Екіншіден, бұл жаста баланың миы ойынға әуес болып, оқуға зер сала алмайды. Перзентіңіздің оқу қабілеті тек 7 жаста пайда болады. Ал, одан ертерек ұлыңыздың алдында мүлдем басқа мақсат тұрады. Бұл өз кезегінде асығыс шешім. Бәрі өз уақытымен болғаны құба-құп".

Статистикаға сәйкес, жыл сайын мектеп табалдырығын көбіне 6 жастағы ұл-қыздар аттайды екен. Мәселен, мына сыныпта барлығы 25 оқушы білім алады, оның 15-і үздіктер қатарында. Арасында 6 жастағылар мен одан үлкендері де бар. Ал, мұғалімдер болса егер балаларды 6 жастан мектепке қабылдайтын болса, онда жас ерекшеліктеріне байланысты оқушыларды топ-топқа бөліп, білім беру қажет деген ұсыныс тастады.

ӘЛИЯ БАЙҒАЗИНОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

"Менің ойымша, балаларды сыныпқа қабылдаған кезде, 6 мен 7 жастағы балақайларды топ-топқа бөліп отырғызу керек. Сол кезде ұстазға да қажетті материалдарды жинақтауға қолайлы болады. Әр балаға өзгеше қарым-қатынаста болар еді. Өйткені, 6 жастағы балалар ойынға әуес келеді".

Білім министрлігіндегілер алты жастағы балаларды мектепке баруға міндеттейтін заң нормасын өзгертетіндерін хабарлады. Бірақ, балабақшада даярлық сыныбының бағдарламасын меңгерген бүлдіршіндер орта білім ордасына тек бірінші сыныптан бастап қабылданады.
Просмотров материала: 5 421

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 180 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 012 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 638 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 686 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 970 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 084 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 221 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 445 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 453 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 619 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 342 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 854 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 348 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 201 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 019 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 215 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 297 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 964 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 350 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 070 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 087 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 922 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 755 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 019 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 958 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 474 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 943 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 794 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 065 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 393 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 808 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 763 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 817 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 767 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 994 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 140 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031