19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Баланы іздеудің орнына бізді тергеді". Астанада құдыққа құлап мерт болған оқушының жақындары полицейлерге ашулы

21 февраль 2019, 10:42
"Баланы іздеудің орнына бізді тергеді". Астанада құдыққа құлап мерт болған оқушының жақындары полицейлерге ашулы


Астанада тағы бір жеткіншек қыршыннан қиылды. 13 жастағы баланың мәйіті ашық қалған кәріз құдығынан табылған. Еріктілер 3 күн бойы жер-көктен шарқ ұрып іздеген Бақдәулет Өмірханның денесі үйінің жанындағы шұңқырда жатқан. Белгілі болғандай, жеткіншек тұрған төңіректе жүзден аса ашық құдық бар екен. Марқұм баланың жақындары полицейлер жайбасарлыққа салынбағанда, өлімнің алдын алуға болар еді деп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

4 күн бұрын жоғалған Бақдәулетті іздеуге шыққан еріктілер бұл. Қаланың шеті, омбы қар болғандықтан, нақты қанша волонтер бар екенін санап отыруға тура келген. Өйткені беті ашық шұңқырға құлап кету мүмкін еді. Күн күлкісі, түн ұйқысын сарп еткен азаматтар кеше түнде жеткіншектің жансыз денесін ашық қалған кәріз құдығынан тапқан.

Балаға ажал әкелген құдықтың беті қазір жабық тұр. Темірмен емес, бетонмен бірақ бітепті. Жанындағы өзге шұңқыр да жабық тұр. Одан арғысын көріп едік, үңірейіп ашық жатыр.

«4 метрге дейін түбінде суы бар екен. Шам жағып едім, ішінде бала жатыр екен», – дейді ерікті Мақсат Біржан.

Жеткіншек құлап кеткен шұңқыр жақтан келе жатқан бетіміз. Шамамен бір линияның бойындағы мынау төртінші құдық. Әне қақпағы ашық жатыр. Түнде іздеу жүргізген еріктілер қауіпті шұңқырлардың айналасын осындай лентамен белгілеп, қоршап қойған. Мұндай қауіпті құдықтардың көптігін мына қатар әспеттеп тұрғандай. Шамамен 400-500 метрлік торап әлі бар ар жақта.

Қара жамылған отбасы көңіл айтып келіп жатқандарды қабылдауда. Марқұмның туыстары коммуналдық шаруашылық мамандарынан бөлек, полицейлерге де өкпелі екенін жеткізді. Жоғалған адамды іздеудің орнына өздерін тергей жөнелгеніне ашулы.

«Жедел елеу қызметтерін жасағанда, мұндай жағдайға жетпейтін еді. Олар келді, мен бірден айттым оларға, криминальный группаны шақырыңыздар, итпен келіңіздер, иіс алыңыздар. Сол кезде бала әлі тірі болатын ба еді. Олар жоқ, келді, кетті түнгі сағат үште келді, таңғы жетіде келді. Келіп сендер не істедіңдер? Деп өзімізден жауап алып сұрайды да», – дейді Баудәулеттің ағасы Нұржан Өмірханұлы.

Полицейлер болса, бұл айыппен келіспейді. Сөздеріне сенсек, хабар түскен бойда балабаруы мүмкін жерлер тексеріліпті. Қазір енді дерек бойынша тергеу жұмыстары басталған.

“Кәмелетке толмаған бала болғандықтан, хабар түсісісмен барлық шаралар қолданылды. Қай жерде болуы мүмкін екенін анықтау. Барлығы қолға алынып, басқа да бөлімшелердің қызметкерлері жұмылдырылып, іздеу бірден басталып кетті”, – деді Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Байқағанымыз, Бақдәулет тұрған үй мен мәйіті табылған құдық арасы 100 метрдей ғана қашықтық. Ашық тұрған құдықтар аумақтағы жер үйлерге етене жақын орналасқан. Қайғылы оқиғадан соң, коммуналдық мекеме қызметкерлерінің келгенін көз шалды. Көліктердің жүк салғышында бетон қақпақтар әкелінгендей. Сырт киімдеріне қарағанда, “Суарнасы” мекемесінен келген.

Бақдәулетті іздеуге өзі оқыған мектептің ұстаздары да шығыпты. Жеткіншек оқуда озат, спортқа да жақын болған көрінеді.

«Беспен оқитын оқушымыз біздің. Олимпиадаға дайындап отырған оқушыларымыздың бірі еді. Физика пәндеріне, логика пәндеріне өте жақсы бала», – дейді мектеп мұғалімі Гүлмира Айталы.

Қапыда көз жұмған жеткіншектің денесі бүгін Таразға жөнелтілмек. Бақдәулеттің ата-анасы оны Жамбыл жерінде жерлеуді ұйғарыпты.
Просмотров материала: 2 884

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 658 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 480 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 449 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 384 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 367 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 442 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 229 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 663 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 722 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 291 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 428 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930