29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ресей Байқоңырдан біржола кетпейді

Ресей Байқоңырдан біржола кетпейді


Күні кеше ғана, «zakon.kz» дейтін сайт сүйінші сұрап, «РФ Қорғаныс министрлігі Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалануды доғарады» деген ақпаратты таратты. Аталған сайттағы аз ғана ақпаратты оқып, бөркімізді аспанға ата қуандық. Қуанбай қайтейік, ұшырғанынан құлатқаны көп көршіміз бейбіт күнде бала-шағамызға у жұттырып, запыран құстырды. Ол туралы бұған дейін де жаздық. Кейінірек тағы жазармыз...

Әлгі ақпараттан алғанымыз, Ресейдің Қорғаныс министрлігі біздің Байқоңырдан биылдыққа бір ғана зымыран ұшырады екен. Сонымен бітті. Әрі қарай зымаран ұшыруды доғарып, өздерінің «Плесецк» дейтін айлағына толық көшіп кетеді екен. Қазақ топырағының тоз-тозын шығарған қирауықтардан құтылатын болдық дедік.

Ресей Байқоңырдан кетті ме, жоқ па?

Сөйткенше болмады. Әлеуметтік желіде желдей ескен мың сан ақпараттың арасынан Ресейдің «tvzvezda.ru» дейтін сайтының мына бір материалы жылт ете қалды. Дәл жаңағы тақырып. Дәл жаңағы ақпарат. Бірақ кремльдік БАҚ-тың нұсқасы. Аштық, қарадық.

Сөйтсек, РФ ҚМ Әуе-ғарыш күштерінің ғарыштық әскері басшысының бірінші орынбасары Игорь Морозов деген адам былай мәлімдеме жасапты.

Шынында Ресейдің Қорғаныс министрлігі біздің Байқоңырдан биыл соңғы рет зымыран ұшырады екен. Содан кейін, Архангелскі облысында орналасқан өздерінің «Плесецк» ғарыш айлағына көшеді екен.

Жаңағы Морозов деген адам: «Байқоңыр бөтен мемлекеттің территориясында орналасқан. Сондықтан әскери жобалар енді өзіміздің жерімізде, Плесецк ғарыш айлағында жүзеге асырылады. Биыл Байқоңырдан бір зымыран ұшырамыз. Сонан соң, толық көшетін боламыз. Ал Байқоңыр айлағы Роскосмостың меншігіне өтеді» депті.

Соңғы 10 жылда ресейлік әскери спутниктер толық жаңартылып болды. Қазіргі уақыттағы орбитадағы 150 ресейлік аппараттың 70 пайызы РФ Қорғаныс министрлігінің бақылауында. Бұл да жаңағы Морозовтың айтқаны.

Сонымен, түйгеніміз мынау: Ресей Байқоңырды біржола тастап кетпейді. Тек әскери мақсаттағы зымырандар ұшыруды тоқтатты. Байқоңырдан Ресейдің Қорғаныс министрлігі ғана кетеді. Ал Роскосмос ендігі жерде Байқоңырды РФ Қорғаныс министрлігімен бөліспей, өзі би, өзі қожа болып қала бермек.

Ресей 2050-ге дейін Байқоңырдан қусаң да кетпейді

Міне, жағдай солай. Ресей 2050 жылға дейін Байқоңырдан кетпейді. Былтыр Ресей Үкіметі, Роскосмос басшылығы біздікілермен келісіп, Байқоңырды пайдалану мерзімін 2050 жылға дейін ұзартқан. Оны Ресейдің Роскосмосын басқаратын Рогозин деген сүйіншілеп хабарлаған.

Бұл бұл ма, Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық келіссөздер жасалып, ақырында екі мемлекеттің бірлескен «Бәйтерек» жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Протоколға қол қойған. Ол бойынша, «Байқоңыр» ғарыш айлағында зымыран ұшыратын жаңа кешен салынады.

Екі тарап келісіп шешкен. Қазақстан өз міндетіне – «Зенит-М» ғарыштық инфрақұрылымын модернизациялауды алса, Ресей сол кешеннен ұшыратын орта класты «Союз-5» зымыранын әзірлейді. Ресей зымыранды даярлап, Қазақстан оны ұшыратын кешенді салып болған соң, оған «Бәйтерек кешені» деген ат беріледі. Жаңағы «Бәйтеректен» зымыран ұшыруды 2025 жылға жоспарлаған. Кейін, жылдамдатып ұшырып жіберсек деп келісіпті. Келісіпті де, алғашқы ұшыруды 2022 жылға жоспарлапты. Өтіңіз жарылып кетсе де расы осы.

Байқоңырда Президент – Путин

Жоғарыда айттық, географиялық орналасуы бойынша «Байқоңыр» Қазақстан территориясына кіреді. Ал оны жалға алып отырған Ресей. «Байқоңырда» ҚР Заңы жүрмейтіні, ондағы жұрттың Ресей рубльімен сауда жасап, мектептерінде «Президентіміз Путин» деп оқытылатыны осыған дейін талай мәрте жазылды. Сол кезде Көшербаев «көкелерін танытамын» деп барып, ақырында 6 мектепті ҚР БжҒМ программасымен оқытатын етіп қайтқан еді. Дегенмен, «Байқоңырда» Ресей Заңы үстемдік құрып тұр, қазір. Тақырыптан сәл ауытқыдық.

Ғарыш айлағына оралайық. Сонымен, «Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресей 2050-ге дейін жалдайды. Зымырандарын ұшырады. Сынақтарын жүргізеді. Сол үшін ақы төлейді. Былай қарасаңыз, «онда тұрған не бар» дерсіз. Бар. Білмесеңіз, білдірейік. Көрмесеңіз, көрсетейік...

2019 жылы 7 «Протон» ұшырады

Өткен жылы Ресей Байқоңырдан 2019 жылы 7 «Протон» ұшыратыны жария болды. 5 «Протон» ресейлік спутниктерді толықтыру үшін, жабдықтар жеткізуге пайдаланылса, тағы 2 «Протон» «Ямал-601»-ге жабдықтар жеткізу үшін «Экспресс-80», «Экспресс-103» аппараттарын алып ұшады.

Қазақ даласына 36 рет «Протон» құлаған

«Протон» Ресейдің негізгі жүк тасымалдаушы зымыраны. Ең көп ұшырылған да осы «Протон» екен. Біздің Байқоңырдан 415 рет «Протон» ұшырылған. Оның 370-і сәтті орындалса, 9-ы жартылай сәтті болған. Ал 36 «Протон» апатқа ұшыраған. Апатқа ұшыраған дедік қой. Енді сол апаттар жайлы жазайық...

Апаттар

Кейбір дерек­тер­ге сүйенсек, 600 тонналық гептилмен ұшатын «Про­тон­ның» Қазақстан жеріне 36-сы құлапты.

28/02/2006. “Протон-М” зымыран-тасығышы (ЗТ) “Арабсат-4а” ғарыш аппаратын белгiлен­ген орбитаға шығара алмады.

06/09/2007. “ДжейСиСат” серiгiн орбитаға шығару барысында “Протон-М” тасығыштың екiншi және үшiншi бөлiгi ұшу жолынан ауытқып кеттi. Ол Жезқазғаннан 40 шақырымдай жерге құлап, сол маңдағы елдi мекен­дердi әбiгерге салды. Қоршаған орта, айналаға, ауаға, суға, жан-жануалар мен өсiмдiктерге елеулi залал келтiрдi.

15/03/2008. “Протон-М” ЗТ тағы да “АМС-14” байланыс серiгiн мөлшерленген орбитаға шығара алмады. Ғарыштық аппарат уақытынан бұрын бөлiнiп қалды.

05/12/2010. “Протон-М” ЗТ үш “ГЛОНАСС” ғарыштық серiгiн белгiленген орбитаға шығара алмай құлады.

18/08/2011. “Протон-М” зымыраны “Экспресс-АМ-4” ғарыш аппаратын жобаланған орбитаға шығара алмады.

06/08/2012. “Протон-М” ЗТ “Бриз-М” блогымен “Экспресс-МД” және “Телком-3” серiкте­рiн бел­­гiленген орбитаға шығара алмады.

02/07/2013. “Протон-М” ЗТ “ДМ-03а” блогы және “ГЛОНАСС” аппаратымен ұшып бара жатып, 17-секундта апатқа ұшырады.

16/05/2014. “Экспресс-АМ4Р” серiгiн алып бара жатқан “Протон-М” зымыраны басқарушы қозғалтқыштың бұзылуынан апатқа ұшырап, оның қалдықтары атмосферада жанып кеттi.

16/05/2015. MexSat-1 мексикалық ғарыш серiгiн шығару барысында да “Протон-М” ЗТ 500-шi секундта күтпеген жағдай болып, атмосферада жалын құшты.

11 миллион гектар жер Ресейдің әскери полигоны

Ол аз десеңіз тағы айтайық... Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-пен жарысып қарулануды мақсат еткен КСРО 1950 жылдардан бастап әскери полигондарын қаптатып аша бастаған. Бір таңқаларлығы, Ресейдің осы әскери полигондарының басым бөлігін Қазақстан аумағында ашуы. Қазақтың кең даласы – Ресейдің үлкен полигон алаңына айналған және айналып отыр. Әрине, 1992 жылдан кейін қазақ даласындағы полигондардың аумағы әжептәуір азайды. Дегенмен, әлі күнге дейін Қазақстанның 11 миллион гектар жері Ресейдің әскери полигондары үшін жалға берілген.

Ресейдің қазақ даласындағы әскери полигондарында Қазақстанның үкімі жүрмейді және сөз болып отырған аймақ территориясы жағынан Польша секілді Еуропадағы ірі мемлекеттің аумағымен пара-пар. Қазақстанның тұтастай екі облысын қамтитын жер. Ол түптеп келгенде Қазақстанның жері. Жалға беру деген – ол меншікке беріп қою деген сөз емес.

Елімізде Ресейдің 7 әскери базасы орналасқан

Алайда, еліміздегі 7 бірдей әскери нысанды арнайы келісімшарт негізінде Ресей Федерациясына жалға бердік. Бүгінде 11 млн. гектар аумақты алып жатқан сол жеті база Ресей Қорғаныс Министрлігінің иелігінде.

1. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің №5-ші мемлекеттік сынақ полигоны. Қызылорда облысы аумағында орналасқан, ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағы. 2004 жылы жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.

2. РФ Қорғаныс министрлігінің В.Чкалов атындағы мемлекеттік №929-шы ұшу-сынақ орталығы. Бұл орталықтың штабы Астрахан облысының Ахтубинск қаласында орналасқан.

3. РФ Қорғаныс министрлігінің №4-ші мемлекеттік әртүрлі сынақ полигоны. 1949 жылы құрылған бұл полигон аумағы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының батыс аймақтары (Нарын құмы) мен Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград облысының шығыс бөліктерін қамтиды.

4. РФ Қорғаныс министрлігінің №10-шы мемлекеттік әртүрлі сынақ полигоны. Сары-Шаған сынақ алаңы. Бұл сынақ алаңында негізінен әуе күштеріне қарсы сынақтар жүргізіледі. Күні кеше ғана Мәскеуді қорғауға арналған зымыранға қарсы құрылғы сынақтан өткізілді.

5 .№5580-ші сынақ жұмыстарын қамтамассыз ету базасы. РФ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы №11 Ембі мемлекеттік сынақ полигоны. Бұл сынақ алаңы Ақтөбе облысы аумағында орналасқан.

6. Ресейдің Әуе күштерінің Ғарыш әскеріне қарасты №3-ші зымыран-ғарыш қорғанысы армиясының радиотехникалық желісі. Бұл нысан Балқаш көлінің бойындағы Приозерск қаласында орын тепкен.

7. Қостанай қаласындағы Ресей Әуе қорғаныс күштері транспорттық авиациясының жеке полкі.

Түйін. Әлгі бір жылы «протон» Байқоңырдан улы бұлт боп үйірілгенде ресейліктер Қазақ даласына, Қазақстан азаматтарына келген орасан зор көлемдегі зиянды емес, қалталарынан өтемақы ретінде шығатын шығынды есептеп әуреге түсті. Ал біздің шенеуніктердің көпшілігі «қоршаған ортаға да, азаматтарға да төнген қауіп жоқ» деуден танбады.

Кейін Үкімет алдында есеп берген сол кездегі «Қазғарыш» агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мырза: «Бұл апат емес, Ресейдің ішкі шаруасы», – деп салды.

Ал «ақсақал билік» пен Үкіметінің бар ойлағаны «Байқоңырдан ресейліктер кетсе, оның жұмысы тоқтап, біздің табысымыз ортайып қалады» деген қара бастың қамы ғана. Қамсыз күнде қан жұтып жатқан қарашаның қамын ойласа, өз үкіметі өстір ме еді?!

Табиғатты, қор­шаған ортаны, бабадан балаға мирас болған қасиетті топырақты тоздырған полигондардан түскен пайдаға күн көретіндей не басына күн туды қазақ Үкіметінің?! 10 млн. гектар жерді қалай, қайтіп пайдаланып жатқанын да білмейміз, тек болмашы тиын-тебенге мәзбіз. Тіпті, өз жеріміздегі өз ғарыш айлағымыздан өз азаматымызды ғарышқа ұшыру үшін Ресейге 20 миллиард төлейміз. Біз сондай мықтымыз ғой...


Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 955

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 530 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 369 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 357 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 295 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 250 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031