6 августа 2020 г.

Мы в соц сетях:



Қараусыз қалған Қаратөбе кеніші

19 февраль 2019, 16:19
Нақты иесі жоқ нысанның өзінен-өзі қожырап, мате­риалдық мүліктері ұстаған­ның қолында, тістегеннің аузында кете баратыны талай дәлелденген. Осындай иесіздік көрінісі анау-мынау емес, стратегиялық шикізат көздерін өндірумен айналысатын тұтастай бір кен орнына қатысты болса ше?

Қараусыз қалған Қаратөбе кеніші


Мұндай жағ­дайда оның материалдық зиянын айт­па­ғанда қор­шаған ортаға тигізетін эко­логия­лық тұрғыдағы қауіп-қатері де болмай қалмайды.

Өкінішке қарай Байғанин ауданы аумағында Жарқамыс елді меке­ні тұсынан 10 шақырым қа­шықта орналасқан Қаратөбе кен орнында осындай иесіздік көрі­нісі қалыптасып отыр. Неге? Оқырманға түсінікті болуы үшін бәрін басынан бастап ай­тайық. Ақтөбе облысы бойынша Экология департаментінен алын­ған дерек­терге сәйкес «Қаратөбе Интер­нешнл Оперейтинг Ком­па­ни» ЖШС 2002 жылдың 25 ма­мыры күні Энергетика министр­лігімен Қаратөбе кен орнын­да көмір сутегі шикізатын бар­лау және өндіру жөнінде келі­сімге келген. Келісім негізі №954 келісімшарт екені департаменттегі деректе көрініс тапқан. Осы арқылы аталған компания түгін тартсаң майы шығатын құйқалы топырақта жер қойнауын пайдалану құқығына ие болады.

Кез келген келісімшарт орын­­далуымен құнды. Ал онда көр­сетілген талаптар мен жұмыс ау­қымы орындалмаса не үміт, не қайыр? Әуел бас­­та жұмысқа тәп-тәуір қарқынмен кіріскен се­кіл­ді сыңай танытқанымен, ке­йін­нен «Қаратөбе Интернешнл Оперейтинг Компани» ЖШС-ның кен орнын барлау мен өндіру жөніндегі жұмыстары қожырап сала берген. Қысқасы, олар жеме-жемге келгенде келісімшарт та­лаптарын орындамады.

Осыған орай Энергетика және минерал­ды ресурстар министрі 2008 жыл­дың 30 қаңтарында екіжақты ке­лі­сімшартты бұзу туралы №20 бұй­рығын шығарған. Жалпы алғанда аталған компания қызметіндегі берекесіздік пен белден басушылық, жауап­сыз­дық көріністері бірер жыл өт­кен соң айқын көріне бастаған екен.

Мұндай жағдайда олардың келі­сімшарт нормаларына қай­шы әрекеттеріне құқықтық баға бе­рілуі керектігі де талас туғыз­байды. Сөйтіп 2009 жылдан бері жер қойнауын пайдаланушы­лар қызметінің заңдылығы тура­лы мәселелер әртүрлі сот инстан­цияларында қаралыпты. Тіп­ті аталған іс Париждегі арби­траж­дық соттың қарауына да енгі­зіліпті.

Әйтсе де соның бірде-бірінде түбегейлі шешім шыға­рыл­­маған. Бұл Қара­төбе кен ор­ны­ның иесіздікке ұшырауына әке­ліп соқтырды.

Сот үдерістерінің күрделілігі бір тараптың кен орнына жұмсалған шығындарының қайтарымын талап етуінде, екінші тараптың келісім-шарттың толықтай орындалмауына байланысты оны төлеуден бас тартуын­да жатқан секілді. Соның салдарынан аталған кеніште мұнай ұрлау оқиғалары да болған. Сондай-ақ мұнда мұнай өнімдері тектен-тек төгіліп, ысырап болып жатыр.

2015 жылдың желтоқсан айында кен орнында тоқтатылған ұңғымалардың бірінен мұнай ағу дерегінің орын алғанын да айта кетейік. Мұны тура мағынасындағы төтен­ше жағдай десек, артық айтқан­дық емес. Солай болды да. Сол кезде Бай­ғанин ауданы әкімдігі оқиғаға орай төтен­ше жағдай жариялады. Оған жер­гі­лікті мемлекеттік органдар мен маман­дан­дырылған құрылымдардың күштері жұмылдырылды. Соның нәти­жесінде мұнайдың ағуы тоқтатылды. Біршама аумақ ластанып, мұнайдың одан әрі таралу қаупі төнген еді.

Әй­теуір «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ғарып», бірлесе іс-қимыл таныту­дың арқасында оған жол берілген жоқ. Мұнай тектен-тек рәсуа болып әрі экологиялық қауіп туғызып жатқан кезде жоғарыда айтылғандай тізе қосып, қоян-қолтық бірлесе қи­мыл­­даудың пайдасы мол болды.

ҚР Энергетика министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі және арнайы Күзет ұйымы арасында ын­ты­мақ­тас­тық туралы келісім жасалғаны күр­меуі қиын істің оңға басуына сеп­тігін тигізді. Мұндағы бас­ты мақ­сат төтенше жағдай аумағында эколо­гия­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қаратөбе кен орнындағы мұнай ұрлау деректеріне тосқауыл қою болатын. Бүгінгі күн биігінен қарағанда бұл қадам өзін-өзі толығымен ақтады деуге болады.

Әрине төгілген мұнай өнімдерін толық жою, ластанған топырақты тазарту және кен орнындағы жерас­ты суларының одан әрі ластануы­на жол бермеу ісін толықтай шешуге бұл жеткіліксіз еді. Осы орайда Ақтөбе облысы бойынша Эко­ло­гия департаменті тарапынан облыс әкімдігі мен Геология және жер қойнауы комитетіне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағ­дай­лар комитетіне бірнеше дүркін хат­тамалық өтініштер жолданған.

Соған сәйкес 2017 жылдың 17 қаң­та­рында Энергетика бірінші вице-ми­нистрі Мақамбет Досмұхамбетов арна­йы кеңес өткізіп, төгілген мұнайды рет­теу мен оның салдарын жою және лас­танған аумақты тазарту жөнінде бір­қатар шаралар қолға алынды.

Ақ­төбе облысының әкімі Бердібек Сапар­баевтың 2017 жылдың 14 наурызындағы өкімімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қаратөбе кен орнында 25 129 шаршы метр жер телімінің лас­танғаны анықталды. Төгілген мұнайдың болжамды көлемі 500 тек­ше метрден астам екені белгілі болды.

Аталған комиссия төгілген мұ­най өнімдерін бос резервуарларға жи­нау жұмыстарымен де айналысқан. Сөй­тіп 645,2 текше метр мұнайға су және механикалық қоспа түрлері ара­ласқан жерасты байлығына акт жасалып, ол қорғау мен күзет агенттігіне тапсырылған.

Осы кезде Экология департаменті бас­тамашы болған бір ілкімді істі айта кетудің де орайы келіп тұр. Депар­тамент «Алтиес Петролеум» ЖСШ-ның көмегімен жиналған әрі ластанған топырақты өнеркәсіп полигонына тасымалдауды ұйымдастырған. − Мұндағы мақсаты – жер телімін толықтай әрі терең тазарту еді, − деді облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.

Сондай-ақ ол төгілген мұ­най өнімдерінің мұнай дайындау қон­дырғыларының технологиялық өлшемдерге сәйкестік сапасын анық­тауға «ҚазақТүрікмұнай» ЖШС елеу­лі көмек көрсеткенін айтты.

Тағы бір жайт, 2016 жылы Қара­төбе кен орнында апат болғандығы жығылғанға жұдырық болып тигендей. Осы оқиғадан кейін жай және күрделі жөндеулер жүргіз­ген жағ­дайда да мұндағы ұңғымалар­дың іске жарамайтындығы белгілі болды.

Сонда не істеу керек?

Бұл үшін мұндағы 32 ұң­ғы­ма консервациялауға қойыл­ған. Оны «БатысҚазЖерҚойнауы» өн­ді­ріс­тік департаменті жасаған жоба­лау-сметалық құжаттарға сәйкес «Ақпан» ЖШС жүргізген. Осымен бұл ба­ғыт­тағы бүкіл істі біттіге санау­ға бол­майды. Өйткені кеніштегі 28 ұңғы­­м­аның жай-күйі әлі күнге дейін бел­­гі­сіз күйінде қалып отыр. Оны кон­­сер­­вацияға қою қажет пе, жоқ па, бұл мә­селені ешкім тап басып, айта алмай жүр.

Бұған дейін атқарылған шаралар­дың нәтижесінде Қаратөбе кен орнында төтенше жағдай қаупі төмендегені де түсінікті. Алайда оны толықтай жо­йыл­ды деп кесіп айтуға да әлі ерте. Кон­сервациялау жоспарына енгі­зіл­меген апаттық жағдайдағы Г-36 (Г-36А) ұңғымаларының алдағы уақыт­тағы жай-күйі не болмақ? Бұл сауал­дардың басы ашық күйінде тұр. Аталған ұңғымалардың бәрі де жоға­ры қысымда.

Соның әсерінен ай са­йын 34 текше метр көлеміндегі көмірсутегі шикізаты атмосфераға таралуда. 2018 жылдың күзінде кен орнының таулы бөлігінде орналасқан Г-28 ұңғымасында мұнай ағу деректері орын алғаны бұл қауіптің тектен-тек емес екенін көрсетеді.

Қалай дегенде де Қаратөбе кен орнындағы апатты жағдайларды жою немесе консервациялау қажеттігі талас туғызбаса керек. Бұл Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің құзырындағы іс екені белгілі. Ол Ақтөбе облысы бойынша Экология департаментінің тиісті хаттама­сында айқын көрсетілген.

Бұған қоса апатты ұңғымаларды жоюдың жо­ба­лау-сметалық құжаттарын әзір­леуге қатысты да ұсынымдар айтылған. Егер олардың өтініштері 2019 жыл­ға арнал­ған бюджеттік жоспарға енгі­зілсе – жағдай біршама реттеле түседі.

«Egemen Qazaqstan»
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Просмотров материала: 907

Поделиться материалом


15:27 Ақтау жағалауында қарбыздар өсіп кетті... 10 Просмотров

15:21 Приписки на 75,5 миллиона тенге обнаружили в Damumed... 24 Просмотров

15:17 Амандық Баталов: Сырқаттың ауыр салдарын жеңу оңай болған... 23 Просмотров

15:11 Сотрудника прокуратуры уволили из-за аудиозаписи разговора... 31 Просмотров

15:00 Ақмолалық оқушылардың 96,2 пайызы желі арқылы оқуына... 26 Просмотров

13:58 Свыше 40 захоронений пострадали во время пожара на кладбище... 65 Просмотров

13:43 Останки древнего мальчика нашли в актюбинских степях... 71 Просмотров

13:38 Елімізде COVID-19-ға қатысты дерек күн сайын жаңаратын болды... 76 Просмотров

13:36 Алматы облысында жанармай құю станциясында жарылыс болды... 69 Просмотров

13:31 В Казахстане 85 процентов больных КВИ находятся вне поля... 93 Просмотров

13:15 Сильный ветер сорвал крыши домов в ВКО... 75 Просмотров

13:05 Акиматы в соцсетях: Лидер – Атырау, но полный отстой на... 97 Просмотров

13:02 5,4 млрд тенге перечислили казахстанцам за продуктовые... 88 Просмотров

13:02 Ақтаудағы нөсер: көшелер мен үйлерді су басты... 100 Просмотров

12:54 Түркістан облысындағы демалыс аймақтарының маңына... 80 Просмотров

12:51 Взрыв произошел на АЗС в Есике... 111 Просмотров

12:43 QazCovid-in: Вакцинаны өздеріне сынап көрген қазақстандық 7... 96 Просмотров

12:36 Пляжи заработали в турзонах в Боровом и Зеренде... 86 Просмотров

12:30 Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 50... 84 Просмотров

12:22 Доходы авиакомпаний упали более чем в полтора раза в... 84 Просмотров

12:12 102 человека умерли от пневмонии с 1 августа в Казахстане... 87 Просмотров

11:52 Девушка забирала телефоны у жителей Нур-Султана,... 99 Просмотров

11:42 Актау затопило ливнем... 86 Просмотров

11:39 Нұр-Сұлтан қаласында ер адамның кейпіне еніп, зейнеткерді... 96 Просмотров

11:31 Житель Костаная снял на видео сотрудника полиции, спящего в... 108 Просмотров

11:25 Карантин тәртібі 1,7 млн азаматтың жұмысына кері әсерін... 93 Просмотров

11:12 Атырауда науқастарға баллон тасыған спортшылар ауруханадағы... 97 Просмотров

11:10 Четыре человека пострадали в результате столкновения... 113 Просмотров

11:00 Мужчину задержали за кражу школьных компьютеров в... 104 Просмотров

10:59 Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның қызметке қабылдау... 98 Просмотров

10:58 Елордада "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің 300-ге жуық... 81 Просмотров

10:50 Нарушителей карантина выявили с помощью "умных" камер в... 95 Просмотров

10:40 Қазақстанда шылым шегуге тыйым салынған орындар тізімі... 99 Просмотров

10:31 Поиски 13-летнего казахстанца в Грузии: Заведено уголовное... 113 Просмотров

10:25 Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді... 102 Просмотров

10:20 Справки с отрицательным результатом на COVID-19 продавала... 109 Просмотров

10:12 Алматы автобустарындағы «ақылды» камералар карантин режимін... 95 Просмотров

10:10 Карантинные меры смягчили в Алматинской области... 111 Просмотров

10:00 4 человека погибли в результате ДТП на трассе Актау-Жанаозен... 103 Просмотров

09:59 Қазақстанның 9 облысында дабылды ескерту жарияланды... 98 Просмотров





Опрос


«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31