19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ әнінің саңлағы Тұрсынғазы Рахимовқа көше атауы берілді

Қазақ әнінің саңлағы Тұрсынғазы Рахимовқа көше атауы берілді


Өткен жыл Шығыс өңірі үшін бірқатар ономастикалық өзгерістерге толы болды. Бірнеше жыл қатарынан созылған мораторий бұл істің ілгерлеуіне бірқатар шектеу қойғаны белгілі. Десек те, құжат талабы бір сәтке жіпсіген мезетте қоғам белсенділері бір қарқынмен облыстың әлі де сеңі қозғалмай тұрған аудан, қалаларындағы елді мекен, жер-су, көшелердің біразына ел тәуелсіздігіне сай атау беріп, енді біріне тарихи атауларын қайтарды. Есімдері ел аумағынан әрі әуелеген қазақ ғұламаларынан бастап жергілікті жерде ғана танымал болып, кейін көмескілене бастаған азаматтардың да аттары тұғырына қонды. Өңірде 2018 жылы жүргізілген ономастикалық жұмыстардың оңды нәтижесі туралы ақпарат облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен ХХVІІ сессиясында белгілі болды, – деп хабарлайды baq.kz.

Атап айтсақ, өткен жылы қоғамдық бірлестіктердің, Ақсақалдар және Ардагерлер ұйымдарының, бірқатар кәсіпорындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының мұрындық болуымен Өскемен қаласындағы Кеңес Одағы кезеңінде шектен тыс саясиланған көше атауларын қалпына келтіру барысында үлкен жұмыстар жүргізілген еді. Қазақтың Әл-Фараби, Шәкәрім сынды ғұламаларынан бастап, кейінгі буын Мұхамеджан Тынышпаев, Әміре Қашаубаев, Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұршайықов, Қалихан Ысқақ пен белгілі армия генералы, Кеңес Одағының батыры әрі еліміздің алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов сынды тұлғалардың есімдері облыс орталығынан ойып тұрып орын алды.

Жалпы, республикалық Ономастикалық комиссия Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей, Риддер және Курчатов қалаларындағы 49 көше мен саябақты атап, қайта атау жөнінде оң шешім қабылдаған. Бұдан бөлек, Семей қаласындағы Знаменка ауылдық округі мен ауыл орталығына Көкентау сияқты тарихи атауы қайтарылса, Жарма ауданының Қызылжұлдыз ауылына белгілі жерлесіміз, 397 фашисті жалғыз өзі жер жастандырған әйгілі жармалық мерген Төлеуғали Әбдібековтың есімі берілді.

«Облыстық Мәслихат депутаттарының бұл жолғы сессиясында жарияланған елді-мекендер мен көшелердің және саябақтардың жаңа атаулары республикалық Ономастикалық комиссиядан оң шешімін тапқандары. Енді облыстық әкімдіктің бірлескен қаулысы мен облыстық Мәслихаттың шешімі шығарылып, құжат Әділет департаментіне тіркеуге беріледі. Бұл соңғы саты, яғни құжат тіркелген соң елді мекендер мен көшелердің жаңа атаулары жазылған тақташалар дайындалып, іліне бастайды», – дейді ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бастығы Роза Төлемісова.

Жауапты тұлғаның айтуынша, аталмыш тақташаларды дайындап, ілуге кететін қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Демек, бұл үшін облыс тұрғындарының «қалтамыз қағылып, әмиянымыз жұқарады» деп әбігерге түсуінің еш қажеті жоқ.

«Ономастикалық өзгерістер атаумен қатар кейбір көшелердің түрленуіне де жол ашпақ. Мысалы, Өскемен қаласындағы бұрынғы Ворошилов көшесінің бір бөлігі осы уақытқа дейін бір бағыттағы ғана көше болса, Шәкәрім есімі берілген соң ол даңғылға айналады. Көше кеңейтіліп, жарықтандырылады. Сонымен қатар көпшілік қала ортасындағы Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов көшесінің Асар атауына өзгеруіне қатысты теріс пікір қалыптастыруы мүмін. Бұл жердегі басты себеп ол көшенің қала ортасында орналасса да бойында екі-үш үйі ғана қалған қалтарыс көше болуында. Оның үстіне ол кісінің есімімен қаланың Ахат Куленов атындағы кентінде бір көше аталған. Сондықтан қалада екі көшенің бір атаумен аталуын алып тастау мақсатында осындай байламға келдік», – деп қосты Роза Әшімханқызы.

Төменде Шығыс Қазақстан облысы бойынша атау беріліп, қайта аталған елді мекендер мен көше және мәдени нысандар атауының толық тізбесін ұсынамыз:

Өскемен қаласы бойынша:


«Жастар» саябағы – Қасым Қайсенов саябағы;

Ворошилов көшесі – Шәкәрім даңғылы;

Комсомольская көшесі – Жастар көшесі;

Лениногорская көшесі – Теміржолшылар көшесі;

Питерских Коммунаров көшесі – Лев Толстой көшесі;

Революционная көшесі – Қалихан Ысқақ көшесі;

Орджоникидзе көшесі – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;

Дзержинский көшесі – Әміре Қашаубаев көшесі;

Киров көшесі – Антон Чехов көшесі;

Октябрьская көшесі – Мұхамеджан Тынышпаев көшесі;

Меновное ауылындағы Советская көшесі – Адольф Янушкевич көшесі;

Крупская көшесі – Евгений Брусиловский көшесі;

Советская көшесі – Александр Затаевич көшесі;

Головков көшесі – Бейбітшілік көшесі;

30-шы Гвардиялық Дивизия көшесі мен Виноградов көшесінің арасындағы Ізғұтты Айтықов көшесі – Асар көшесі;

16-шы тұрғын аудандағы:

№1 көше – Арасан көшесі;

№2 көше – Аялы көшесі;

№3 көше – Ақшоқы көшесі;

20-шы тұрғын аудандағы:

№1 көше – Қазына көшесі;

№2 көше – Думан көшесі;

№3 көше – Шапағат көшесі;

№4 көше – Өсиет көшесі;

№5 көше – Толағай көшесі;

№6 көше – Жерұйық көшесі;

№7 көше – Ақжол көшесі;

№9 көше – Жақия Шайжүнісов көшесі;

№10 көше – Үркер көшесі;

№11 көше – Лев Гумилев көшесі;

№14 көше – Ақбауыр көшесі;

№16 даңғыл – Әл-Фараби даңғылы;

Ахмер ауылындағы:

№1 көше – Саламат көшесі;

№2 көше – Серпін көшесі;

№3 көше – Қанағат көшесі;

№4 көше – Балауса көшесі.

Меновное ауылындағы:

№1 көше – Мейірім көшесі;

№2 көше – Армандастар көшесі;

Комендантский аралындағы саябақ – Самал саябағы деп аталды.

Семей қаласы бойынша:

Знаменка ауылдық округі – Көкентау ауылдық округі;

Знаменка ауылы – Көкентау ауылы;

Крупская көшесі – Әзілхан Нұршайықов көшесі;

Строительная көшесі – Тұрсынғазы Рахимов көшесі;

Комсомольская көшесі – Жібек жолы көшесі;

Кутузов көшесі – Ардагерлер көшесі;

Колхозная көшесі – Берел көшесі;

Социалистическая көшесі – Самал көшесі;

Декабристов көшесі – Нұрсая көшесі болып өзгертілді.

Риддер қаласы бойынша:

1-Стахановская көшесі – Бірлік көшесіне өзгертілді.

Курчатов қаласы бойынша:

Совхозная көшесі – Көктем көшесі;

Пионерская көшесі – Достық көшесі;

Комсомольская көшесі – Самал көшесі;

Красноармейская көшесі – Бейбіт атом көшесі болып өзгерді.

Жарма ауданы бойынша:

Қапанбұлақ ауылдық округінің Қызылжұлдыз ауылы – Төлеуғали Әбдібеков ауылы болып қайта аталды.
Просмотров материала: 1 331

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 675 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 497 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 467 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 402 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 385 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 230 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 729 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 285 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 435 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930