13 декабря 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Білім беру депозитінің болашағы

13 февраль 2019, 12:51
Білім беру депозитінің болашағы


Бүгінгі қазақтың бір қасиеті – бар малын сатса да баласын оқытады. Өйткені білімге һәм баланың болашағына салынған инвестиция түбі еселеп қайтады деп сенеді. Қоғамның мұндай көзқарасын мемлекет те ескеріп, жеткіншектің болашағына қажет қаражатты тиындап-ақ миллионға жеткізудің жолын ұсынды. Ол – білім беру депозиті. Алайда, қалтадағы қаржыны суырып шығарарда үміт пен күдік қатар келетіні кәміл. Содан санада бірден «Мұның болашағы бар ма?» деген сұрақ туады.

Қазіргі таңда АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Бельгия, Малайзия, Ни­дер­ланд, Испания, Швеция сияқты дамы­ған елдерді қосқанда, 9 елде білім беру жинақтау шоттарының жүйесі сәтті жұмыс істеп тұр. Ал біздегі білім беру депозиті 2014 жылғы 14 қаңтарда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң негізінде қолға алынды. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстанның әр азаматына өзінің немесе баласының атына болашақта Қазақстанда әрі шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу үшін оқу ақысын төлеуге пайдалануға болатын білім беру жинақтау салымын ашу мүмкіндігі.

2018 жылы өткен ребрендингтен кейін білім беру жинақтау салымдары «AQYL» деген жаңа атауға ие болған. Депозитке деген адамдардың сенімі қаншалықты екенін салымшылар санынан білуге болады. «AQYL» депозитіне осы күнде 19 мыңнан астам адам ақшасын салып­ты. Бұл небәрі 5 жылғы жетістік.

«Қар­жы орталығы» АҚ өкілі Ілияс Түркіс­тан бұл көрсеткіштің күннен-күнге артып ке­ле жатқанын жеткізді. Ал осыған дейінгі білім беру жинақтау салымдарының жал­пы сомасы 16 млрд теңгеден асады. Са­лым­шылардың жылдан-жылға артуына ондағы талап етілетін құжаттар қатарының аздығы да септігін тигізетін көрінеді. Аталған депо­зитті ашуға екі-ақ құжат жеткілікті, яғни жеке куәлік пен баланың туу туралы куәлігі. Жарайды, депозитті ашу оңай, қар­жы­ны салу жеңіл дейік, алайда оның пайыз­дық өтемақысы да тиімді болуы керек қой?

Зерделедік. Қаржы орталығының www.fincenter.kz ресми сайтындағы аталған депо­зиттің барлық айдары орысша болып шықты. Сондықтан сайтта көрсетілген 8 8000 802 828 нөміріне қоңырау соғуымызға тура келді. «AQYL» депозиті бойынша жауап­ты менеджер Алпамыс Сатыбалдинмен қара­пайым клиент ретінде сөйлестік.

Маман­ның мәліметінше, серіктес банктер­дегі бі­лім беру депозиттері бойынша пайыз­дық мөл­шерлеме әртүрлі: Халық банкі (ЖТСМ 10,4 %), Нұрбанк (ЖТСМ 10,5 %), Цеснабанк (ЖТСМ 8,3 %), ВТБ банк (ЖТСМ 6,17%) Банктердің пайыздық мөлшері на­рық­тық, сондықтан уақыт өте көбеюі де, төмен­деуі де мүмкін. Бірақ банкпен келісім­шарт жасасқанда, пайыздық мөлшерді бір қа­лып­та ұстауды қалайтыныңызды көрсе­туге болады.

Сонда сол жылдар ішінде еш­бір дағдарыс сіздегі пайыздық сыйақы мөл­шеріне әсер етпейді. Дегенмен, банктің пайыздық мөлшері нарықта өссе, көтеріңкі сыйақы­дан қалыс қала­тының­ыз­ды еске­рі­ңіз. Банктің сыйақысынан бөлек «AQYL» мемлекеттік білім беру депозитіне жыл сайын жинақталған сомадан 5-7 па­йыз (әр банкте тиісінше әртүрлі) мөлшеріне тең ақшалай баламада мемлекет сыйақысы қоса есептеледі. Мемлекет сыйақы мөлшерін салым­шының әлеу­меттік жағ­дайына қарай есеп­тей­ді, яғни ол көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасынан болса, сыйақы пайызы жоғары болады.

Ал мұндай критерийлерге жатпайтын салымшыға тиісінше 5 пайыздық сыйақы тағайындалады.

«Осылай, мемлекетпен бірге оқуға шығындарды айтарлықтай қысқартып, отба­сы­лық бюджетке түсетін жүкті біршама жеңілдетуге және бола­шақ­та кепілді түрде баланы оқытуға болады», дейді менеджер.

Кім кепілдік береді?


«Қаржы орталығы» АҚ өкілі І.Түркістан: «Білім беру жинақтау депозиті – жеке тұлға­лардың депозиттерін міндет­ті кепіл­дендірудің нысаны (10 млн теңгеге дейін). Бұл білім беру жинақтау салымдарын ашқан кезде Қазақстан Республикасы азаматтарына сенім­ділік беретіндігі сөзсіз», дейді.

Маманның мәліметінше, бұл депозит әрі мемлекет тарапынан, әрі басқадай үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір өндіру шараларын жүргізуден толықтай заңмен қорғалған.

«Өйткені бұл – мемлекеттік бағдарлама, соның өзі салымшыларға сенім сыйлайды», дейді орталық өкілі. Осы ретте аталған мемлекеттік бағдарламаның операторы – Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ екенін айта кеткеніміз жөн.

Қашан және қалай аламын?

«AQYL» депозитінің, нақтылап айтқанда, мемлекеттік сыйақы төлеудің негізгі мақсаты – жоғарыда атап өткендей, Қазақстанда және шетелде кә­сіп­тік-техникалық және жоғары білім алу. Алайда, білім беру депо­зитінің салымшылары өз ақша­сын қалаған уақытта ала алады. Әйтсе де, жинақталған қаражат мерзімінен бұрын өз мақсатына сай жұмсалмаған жағдайда мемлекет сыйақысы қайтарылады.

Себебі бұл бел­гі­лі бір бағыты бар депозит, яғни білім алу үшін жиналған қаражат білімге жұмсалмаса, онда мемлекеттік сыйақы берілмейді, алайда банктің беретін сыйақысы қалтаңызда қалады. Ал ақша өз мақсатына жұмсалса және балаңыз грантқа түсіп кетсе де қос сыйақыны қатар иемдене аласыз. Осы тұста «Төтенше жағ­дай болып қалса, салымшы кенеттен өмірден өтіп кетсе, қалай болмақ?» деген заңды сауал пайда болады. Бұған да жауап бар.

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңына сәйкес салымшы қаза болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған, не қайтыс болды деп жариялаған немесе ол денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда білім беру жинақтау салымын төмендегідей талаптар бойынша өтей алады.

Яғни, салымшы Қазақстан Респуб­ли­­касының азаматтық заңна­ма­сында белгіленген тәртіп­пен және жағдай­ларда оның заңды өкілі немесе оның мұра­гер­лері кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді. Немесе ол мемлекет сыйақы­­­сы сақтала отырып, салым­шыға Қазақстан Респуб­ли­касының азаматтық заңна­ма­сында белгіленген тәртіп пен жағдайларда оның заңды өкіліне немесе оның мұрагерлеріне салым шартын бұзу талаптары бо­йынша төленеді. Тағы бір ескере кететін жайт, мемлекет сыйақысының есептелуі салымшы қаза болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген, не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.

10 мың теңгеден 3 миллиондай жинайсыз

Тұтынушы ретінде хабар­лас­қа­ны­мыз­да, аталған депозит бойынша жауапты менеджер А.Сатыбалдин осы жоба қолға алынғалы бері, яғни 6 жыл бойы сенімділік танытып келе жатқан салымшылар көп екенін айтады. Демек, болашаққа салынатын инвестицияның тиімді тетігі осы болып тұр ғой. Бұған дейін көрсетілген сайтта депозиттің калькуляторына салып, өз бетімізше есептеп көрдік. 10 мың теңге. Бұл ақша бүгінде дүкенге бір кіріп-шыққанда-ақ бітіп қалады. Ал оны ай сайын депозитке салып тұрсақ, қанша жиналмақ?

Балаңыз бірінші сыныпта оқиды дейік, ол 11-сыныпқа барғанда, яғни 10 жылдан кейін сізде 1 млн 200 000 теңге жиналады, оған 10,4 пайыздық банктің және 5 пайыздық мемлекеттің 1 млн 706 980 теңге сыйақысын қосыңыз, сонда мектеп бітірген балаңыздың қорында 2 млн 906 980 теңге да­йын тұрады. Егер бабы мен бағы қатар шауып, балаңыз грантқа түсіп кетсе, өз ақшаңызды қос сыйақымен қоса оның болашақ отбасын құруға дайын инвестиция немесе басқа игілікке жұмсауға тамаша мүмкіндік. Бастысы, үлкендер айтпақшы, «Бардың есебі табылар-ау, жоқты қайдан қазайын?» деген сұрақ тумайды.

Дереккөз: «Egemen Qazaqstan»
Просмотров материала: 702

Поделиться материалом


16:39 "Разгон митинга" в детсаду - в акимате прокомментировали... 14 Просмотров

16:33 Как повысятся в Казахстане пенсии и пособия с 1 января 2020... 42 Просмотров

16:12 Қызылорда облысының үздік ауылы анықталды... 73 Просмотров

16:08 Е.Биртанов прокомментировал смерть ребенка после вакцинации... 74 Просмотров

15:43 Видео со школьным уличным туалетом прокомментировали в... 36 Просмотров

14:49 Подозреваемый в хищении при строительстве LRT замакима... 121 Просмотров

14:45 Свидетель по делу об убийстве покончил с собой в... 108 Просмотров

14:41 В ЗКО скончался мужчина, которого сбил полицейский... 99 Просмотров

14:29 Аластау деген не?... 112 Просмотров

14:22 Костанайцам вручили ключи от новых квартир... 72 Просмотров

14:01 Казахстанец сбил ребенка в Южной Корее: ему грозит 5 лет... 79 Просмотров

13:50 Недипломатичный спор... 233 Просмотров

13:22 Трамп обратился к казахстанцам... 116 Просмотров

13:17 Жыл соңы тақап қалды: мемлекеттік органдар миллиардтаған... 124 Просмотров

12:47 Более 100 млрд тенге из бюджета не освоили министерства и... 126 Просмотров

12:33 Е.Досаев ет пен нан қымбаттауы мүмкін екенін ескертті... 104 Просмотров

12:26 Дарига Назарбаева встретилась с фермерами и ассоциаций... 136 Просмотров

12:18 Трасса Нур-Султан – Павлодар закрыта... 124 Просмотров

12:13 Расследование началось в Актюбинской области после... 125 Просмотров

12:00 Мясо и хлеб могут подорожать в Казахстане - Е.Досаев... 130 Просмотров

11:55 Қазақстан мен Ресей шекарасында кезек болмайды: жол картасы... 107 Просмотров

11:14 В СКО началась вспышка коклюша... 133 Просмотров

10:55 СМИ: 9-летнюю девочку изнасиловали в собственной квартире в... 178 Просмотров

10:50 В каких регионах Казахстана самые высокие цены на продукты... 136 Просмотров

10:44 Жилые дома подключили к природному газу в Туркестане... 130 Просмотров

10:41 С 2020 года в Казахстане повысят размер соцвыплат по утрате... 134 Просмотров

10:38 382 млрд тенге составит бюджет Атырауской области в 2020... 110 Просмотров

10:36 Малолетней девочке, получившей ожоги в поезде... 124 Просмотров

10:20 Парковки могут стать платными в ночное время в Алматы... 143 Просмотров

10:01 Расследование в отношении Олеси Кексель прекращено - глава... 140 Просмотров

09:49 Погода на сегодня: в северных областях ожидаются метели... 118 Просмотров

09:34 Курс валют на 13 декабря... 130 Просмотров

18:59 Дело о нападении на сотрудника ЦОН в Алматы... 268 Просмотров

18:51 В преддверии Дня Независимости многодетные семьи в СКО... 257 Просмотров

18:39 В Алматинской области декабристам выплатят по 150 тысяч... 264 Просмотров

18:15 Пять случаев заболевания туберкулезом выявлено среди... 266 Просмотров

17:12 Для международных рейсов будет построен новый терминал -... 270 Просмотров

16:48 Ежедневно в Алматы въезжает более 200 тыс. машин... 257 Просмотров

16:41 В Алматы откажутся от дизельных автобусов... 248 Просмотров

16:24 В краже из магазина подозревается мать убитого ребенка в... 262 Просмотров





Опрос
Сколько вы зарабатываете?


Просмотреть результаты


«    Декабрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031