28 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Мектептерге барамын, 200 мың теңге көлемінде пара талап етеді!": Ақтөбелік педагог облыс әкімінің алдында шу шығарды

"Мектептерге барамын, 200 мың теңге көлемінде пара талап етеді!": Ақтөбелік педагог облыс әкімінің алдында шу шығарды


Мектепке мұғалім болып кірудің құны – 200 мың теңге! Ал халыққа қызмет көрсету орталығындағылар электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңдеген саудалап, пайда көріп отыр! Ақтөбе облысы әкімінің есебінде осылай деп шу шығарған қала тұрғыны Бердібек Сапарбаевтан тез арада мәселені шешіп, өзін екі аптаның ішінде жұмысқа орналастыруды талап етті. Бұл қаншалықты рас? Қауесет пе, әлде расымен ақтөбелік мектеп директорлары жұрттан ақша сұрап, дәніккен бе? Бұл туралы “Еуразия бірінші арнасы” хабарлайды.

«Мектептерге барамын, 200 мың теңге көлемінде пара талап етеді. Қаншама куәгерлер. Сапарбаев мырза, сізге бір апта уақыт беремін. №60 мектеп, Абзал Тәжімішевті, орнынан алуыңызды талап етем!» – дейді тұрғын Ләззат Бадауова.

Ашынған келіншек әкім-қаралардың алдында тосылмады. Бар жағдайды осылай жайып салды. Жалғызбасты ана екендігін, жұмысының жоқтығынан несиеге алған пәтерінің ақысын төлей алмай отырмағанын жеткізді. Облыс әкіміне талап қоюдан басқа амалы жоқтығын айтты. Орта жолда сөзін бөліп, қолындағы микрофонын алып, сабырға шақырмақшы болғандарға құлақ аспады. Себебі, шағымы мұнымен бітпеді. Халыққа қызмет көрсету орталығының Алматы ауданындағы бөлімшесінде басшысы электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңгеден сатады, ксерокөшірмеден пайда тауып отырғанын да осы келіншек айтты. Ләззат Бадауованың әр сөзінен кейін есепке жиналғандар ду қол шапалақ соғумен болды.

«Сіздерден сұрайтыным, қарындас, сіз енді кішкене сұрақ қойдыңыз ғой, сұрақ қойғаннан кейін тыңдау керек! Айқайламаңыз, үйіңізге барып айқайлаңыз!» – дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.



Өзін “пара алды” деп айыптаған директоры Абзал Тәжімішов бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Бадауовамен қызметтес болғанын растады. №60 мектепте небәрі 9 күн жұмыс істепті. Ол кезекшілікке шықпаймын деп, мектеп директорының орынбасарымен сөзге келді, деп отыр.

«Ол кісінің айтып отырған сөзінің бәрі- жалған. Мен полиграф, шындық детекторынан өтуге дайынмын. Өзіме сенімдімін. Сол сөзді тағы қайталап айтам. Ол кісі осы жерде жұмыс істеп кетті. Неге кетті? Ол кісі кешірім сұрап жылады. «Мен өзіме қол жұмсаймын, сізге көрсетемін» деп жазды маған. Скриндері бар, сіздерге көрсеттім. Осының бәрі сондай жағдаймен аяқталып, ақыр соңында ол кісі жұмыстан арызын жазып, өзі кетті», – дейді Абзал Тәжімішев.

Мектеп директоры енді өзінің судан таза, сүттен ақ екенін сотта дәлелдеймін деп дайындалып отыр. Елдің алдында парақор атану маған да оңай емес дейді. Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімше басшысының да осы күндері мазасы қашқан. Келіншектің айтқаны жалған екенін ол да айтып отыр.

«Менің атымды ақша жасап отыр деп айтқан, электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңгеден сатып отыр деп шықты, ол жалған ақпарат. Өздеріңіз көріп отырғандай, ЭСҚ мемлекеттік стандарттар бойынша тегін таратылады. Ксерокөшірменің маған қатысы жоқ. Жеке кәсіпкермен әкімдік келіседі. Мына жерде асхана, банк отыр. Оның бәрі әкімшілікпен келісімге отырады», – дейді Халыққа қызмет көрсету орталығы №3 бөлімшесінің басшысы Еркінбай Жүсіпұлы.

Қала әкімінің есебінде өзін толғандырған мәселені айтып, шенділерді бір сілкіп алған келіншектің жағдайы бойынша жан-жақты тексеріс жүріп жатыр екен. Бір қызығы осы оқиғадан дейін Алматы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығындағы ксерокөшірме аппаратты ұшты-күйлі жоқ қылып жіберген. Ал облыстық білім басқармасының басшысы жұмыссыз жүрген келіншекті қала мектептерінің біріне орналастыру мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.
Просмотров материала: 9 056

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 619 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 163 450 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 163 079 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 163 117 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 163 406 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 636 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 778 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 989 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 860 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 039 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 807 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 580 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 203 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 058 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 880 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 055 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 161 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 829 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 210 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 938 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 948 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 780 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 624 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 877 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 828 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 333 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 786 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 661 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 920 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 254 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 659 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 634 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 673 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 627 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 856 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 001 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031