26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте зейнеткер қарияларға арналған таныстыру агенттігін ашты

11 февраль 2019, 17:55
Шымкентте зейнеткер қарияларға арналған таныстыру агенттігін ашты


Жәдігер Құлсариев — Қазақстандағы қарттарға арналған алғашқы неке агенттігінің негізін қалаушысы. 64 жасына дейін өрт сөндіруші болып жұмыс істеген ол, неліктен осы істі бастауға бел буғанын, екі айдың ішінде қанша жұптың басын қосқанын, агенттіктің көмегіне көбінесе кімнің жүгінетінін айтып берді деп жазады Stan.kz.

Зейнеткер қоғамда кең таралған «махаббат үш жыл ғана өмір сүреді, кейін сыйластық қана қалады» деген пікірмен келіспейді. Оның айтуы бойынша, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан, адамға өмірлік серігі жүз жасқа келгенде де қажет.

«Біздің қалаларымызда көрші көршіні танымайды. Ешкім басқа адаммен қызықпайды, бір-біріне қолдау көрсеткісі келмейді. Әркімнің жеке басының проблемасы бар. Мен қалада тұрамын. Баспанамыздың жанында бірнеше қабатты үй бар. Далаға шыққанда, демалыс күндері сол үйдің тұрғынымен шахмат ойнатынмын, сөйлесетінбіз. Бір күні әлгі кісі іс-түссіз жоқ болып кетті. Басқа көршілерден оның қайда кеткенін сұрасам, олар да ешнәрсе білмейді. Коммуналдық қызметтердің түбіртегі алып келетін адам барып, есігін қақса, ешкім ашпайды. Барлығымыз не болды екен деп әбігерге түстік.

Ақырында, тұрғын үй коммитетінің адамдары келіп, оның үйінің есігін бұзды. Жерде өліп жатқан жерінен тауып алды. Қайтыс болғанына бірнеше күн болған екен. Экспертизадан оны ешкім өлтірмегені, өзінің дәлізде жығылып құлағаны анықталды. Егер оның жанында серігі болғанда, мұндай жағдай орын алмас па еді? Мүмкін, ол дәріге немесе суға жете алмай қалды ма? Сол жағдайдан кейін осындай ойлар мазамды алды. Мен егер оның жанында жұбайы болғанда, жедел жәрдем шақырып немесе көршілерге айтып, құтқарып үлгерер еді деген қорытындыға келдім. Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан. Сезім сөніп қалады деген бос әңгіме. Махаббат өмір соңына дейін, жүзге келгенде де керек», — дейді Жәдігер Құлсариев.

50 жастан жоғары адамдарға арналған агенттіктің ашылғанына екі ай ғана болса да, оның көмегіне жүгінген қазақстандықтардың саны көп. Жәдігер Құлсариевтың айтуынша, қазақтардан бөлек ислам дінін ұстанатын ұлттардың өкілдері зейнеткер ұйымдастыратын шоу-бағдарламаларға қатысуға ұсыныс білдіреді.

Зейнеткер кафені жалдағанға, тамада мен музыканттың қызметіне ақшаны өз қалтасынан шығарады. Қарияға берекелі іске бейжай қарамайтын жағдайы жақсы азаматтардың көмегі керек. Ол біреу кафені, екіншісі тамаданы жалдап берсе, кафені өз қолына алу туралы шешімге келіп отыр.

Біз кеште шай ішіп, әңгімелесіп, билеп, ән салып қайтамыз. Әркімнің жеке өміріне араласуға құқығым жоқ. Бірақ кеш аяқталып қалғанда сөйлесіп, бірге шығып бара жатқан жұптарды көрдім. Өзім ашқан неке агенттігі арқылы қосылған он бес жұпты білемін. Білмейтіндерім қаншама! «Рахмет, сіздің арқаңызда жанұя болып кеттік» деп разылықтарын жеткізіп жатқандар бар.

Ендігі кездесуді наурыз айында жасауды ойластырып жүрмін. Құдай қаласа, алты нәзік жандыларды және алты ер азаматты лимузин сынды көлікке отырғызып, қаланың көрікті жерлерін аралаймыз. Осы шоу-бағдарламаға Алматы қаласынан бір келіншек келеді. Жалпы, агенттікке келетін жүз пайыз адамдардың жетпісі — әйелдер, отызы — ер азаматтар. Әйелдер бала-шағам, құда-жекжаттарым көрсе ұят болады деумен құпия түрде келгісі келеді. Алдында операторымен тілші келгенде төрт-бесеуі бірден қайтып кетті. «Интернетке шығып кетеміз” деп қорқады. Тіпті, Солтүстік Қазақстаннан Шымкент қаласына біз үшін арнайы келген қыз-келіншектер болды», — дейді ол.

Жәдігер ашқан некен агенттігіне қатысты қазақстандықтардың ойы екі арнаға бөлінген. Бастапқыда өзінің баласы да әкесінің бұл іспен айналысуына қарсы болған. Бірақ ақырында балалары Жәдігердің бастамасын қолдауды жөн көрген.

«Төрт балам, екі қыз, екі ұлым бар. «Немерелеріңізге қарап, сурет салып, телевизор қарап отырыңыз, жұмыс та істемей-ақ қойыңыз, шоу-бағдарламаны қайтесіз» деп бір перзентім айтты. Бірақ ісіме қолдау көрсетіп жатыр», — дейді Жәдігер Құлсариев.

Белгілі бір себептермен өмірлік серіктерінен айырылған қазақстандықтарға тағы да бір мүмкіндікті берген Жәдігер Құлсариве өз ісі алға басатынына сенеді.
Просмотров материала: 1 336

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 293 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 113 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 085 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 027 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 011 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 067 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 734 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930