25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Адамдардың бастары ілініп тұрды»: Сириядан оралғандар бастан өткен сұмдықтарын айтты

21 январь 2019, 11:20
«Адамдардың бастары ілініп тұрды»: Сириядан оралғандар бастан өткен сұмдықтарын айтты


Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң. Арнайы «Жусан» операциясымен елге оралған жерлестеріміз Сириядағы көзбен көрген сұмдықтарын айтып берді. Жұмақты аңсаймын деп тағдыры тозаққа айналғандар туған жерге жеткенімізге қуаныштымыз дейді. Қазір Ақтаудағы бейімдеу орталығында жатқан оларға барлық жағдай жасалған. Орталықта бөбектерге балабақша, жеткіншектерге арнайы мектеп ашылған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сириядан оралғандардың бірі Жанна осыдан 5 жыл бұрын елден кеткенін айтады. Әйел тура жолдан тайған күйеуінің соңынан еремін деп соғыстың ортасынан бір-ақ шыққан. Онысын кейін түсінген. Түркиядан күтіп алған күйеуі оны ертіп Сирияға өтіп кеткен. Өзі осыдан 1,5 жыл бұрын өмірден озған.

«Ол кезде менің аяғым ауыр болды. Күйеуім баланы тастап өзің қайта бер деді.

– Өзі қайтқысы келмеді ме?

– Жоқ, өлемін осы жақта деді. Басында бәрі әдемі ғой. Тұратын үй ішінде бүкіл дүниесі болды. Бәрі бар. Әйел болғасын қызықтық», – дейді Жанна.

Алғашқыда жылтыраған дүниеге қызыққан Жанна аз уақыттан кейін қалай соғыс ортасынан бірақ шыққанын түсінбей де қалған. Жарылысты көзбен көрген әйел ол сұмдықты әлі күнге дейін ұмыта алар емес.

«Ракка деген қалада болған кезде небір қуыстармен жүрдік. Сонда адамдардың бастары ілініп тұрды. Соны көріп қатты жыладым», – дейді әйел.

12 жастағы Жәнібек болса елге жалғыз оралды. 2 жылдай Сирияда болған жігіт әжесін қатты сағынған. Ойы сергек, дүние жүзі картасынан кез келген елді тауып береді. Алайда жеткіншектің соғыстан әбден қорқып қалғаны көрініп тұр.

«Балалардың бойында әлі қорқыныш бар. Суреттерінің бәрін қарап шықтық. Ол жақта лагерде оқыдық деп айтты. Көбінесе арабша білім алған. Сосын құран жаттатқан», – дейді психолог Несібелі Бағдыбаева.

Сириядан оралған 10 әйел мен 30 бала қазір Ақтаудағы бейімдеу орталығында тұрады. Әлеуметтік қызметкерлер мен писхологтар олармен күндіз-түні жұмыс істеуде. Мұнда жанға қажеттінің бәрі бар. Бүлдіршіндерге – балабақша, оқушыларға – мектеп. Барлығының денсаулығы ақ халаттылардың қатаң бақылауында. Өйткені оралғандардың түгелінен дерлік вирустық инфекция табылған.

«Тұмауға қарсы препараттар тағайындадық. Аналарына, балаларына да тұмауға қарсы дәрмуендер берілді. Қазір жағдайлары жақсы», – дейді дәрігер Әсия Сапарғалиева.

Қауіпсіздікті сезінген балалар қазір ойыншық ойнап, мәз мейрам болуда. Ал ересектер Қазақстанның қадірін жете түсіндік дейді.

«Ұшақтан түскен кезде жылайтын да, күлетін де шама болған жоқ. Үйіме туған жеріме қайтқаныма біразға дейін сене алмай жүрдім. Енді бір мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мүмкіндік берсе балаларымды дұрыс тәрбиелеп, түзу жолға түскіміз келеді», – дейді Жанна.

Отанына оралғандар әлі бір ай орталықта болады. Қазіргі уақытта олардың құжаттары реттелуде. Алайда мамандар олардың қалыпқа келуі біраз уақытты алады деп отыр. Ал адасып, тура жолды қайта тапқандар енді жақындарымен кездескісі келеді.
Просмотров материала: 3 017

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 159 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 981 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 952 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 892 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 873 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 486 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 241 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 267 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 726 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 854 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 019 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 545 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 693 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930