28 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде пәтер алу үшін қағаз жүзінде ажырасатын отбасылар көбейген

18 январь 2019, 13:18
Елімізде пәтер алу үшін қағаз жүзінде ажырасатын отбасылар көбейген


Елімізде жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған, баспанаға зәру тұрғындардың қарасы көбейсе де жаңа үйге қол жеткізгендердің қатары сол күйі азаймаған. Оған сандар куә. Бүгінде 3 млн-ға жуық қазақстандықтың баспана мәселесі шешімін таппай келеді. Содан болса керек, ерлі-зайыптылар түрлі айла-тәсілдерге көшіп отыр. Соның бірі ажырасу. Яғни заң жүзінде некелерін бұзып, кейін толық емес жанұя ретінде пәтер кезегіне қайта тұрады. Ондайда сәйкесінше, мүмкіндіктері де артады. Бұл қаншалықты заңды? Мұндай жолмен үй алғандар кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бас ауруым-баспанам. Бүгінде әр отбасының өзекті мәселесі бұл. Жылдар бойы пәтер кезегінде тұрып, әбден көңілі қалғандары да баршылық. Десе де араларында үмітін үзбей, тіпті түрлі айла-тәсілге барып, үйді қулықпен алам деушілер де көбейіпті. Оны мамандар да растап отыр.
«Тәжірибе көрсеткендей, кейбір ҚР азаматтары мүліктік ниетте некелерін жалған бұзуға барып жатады. Бұл әсіресе, көрсеткішке қарайтын болсақ, шенеуніктердің арасында. Себебі осыған дейін бұрын тұрып жатқан пәтерін сақтап қалады, сонымен қатар құқықтық тұрғыда пәтерсіздер категориясына жатады. Бұл осы азаматтарға жаңадан пәтер алуға мүмкіндік береді» - дейді заңгер Ахметжан Бейсембек.

Осылайша, тек шенеуніктер ғана емес, қарапайым халық та үйлі болудың оңай жолына көшкен. Мәселен, бізден аты-жөнін айтпауды өтінген елордалық көпбалалы ана айлығы шайлығына жетпеген соң 10 жыл бірге тұрған күйеуімен ажырасып, көп ойланбастан осындай қадамға баруға бел буғанын айтты.

“Бұл бағдарлама туралы бірнеше жыл бұрын естігенбіз. Және өзіміздің достарымыздың арасында сөйтіп алған семьялар болды. Сондықтан былай тарттық ақшамыз жетпейді, былай ипотека қиын болып кеткеннен кейін жолдасым екеуміз мұндай қадамға бардық. Екеуміз ажырастық. Бір жағынан да қиын болды. Ата енеміз не ойлайды, туған-тумаластар не ойлайды деп жүріп, бірақ жолдасымыз екеуміз мұндай қадамға баруды шештік" – дейді қала тұрғыны.

Баспана үшін ажырасып, қайта некелескендердің нақты саны белгісіз. Десе де, мамандар мұндай жайттың бар екенін жасырмайды.
“Елімізде соңғы бес жылда 700 мыңнан астам неке қиылып, 200 мыңнан астам неке бұзылды. Оның ішінде 2018 жылы 138 мыңнан астам неке тіркеліп, 54 мыңнан астам неке бұзылған. Ажырасулардың ең көп тіркелген аймағы ол Алматы қаласы мен Алматы облыстарында» - дейді ҚР Әділет министрлігі тіркеу және заң қызметі ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы.

Сандарға сенсек, бүгінде 3 млн-ға жуық қазақстандық баспанаға жарымай жүр. Бұл тек ресми статистика. Десе де өтіріктің арты бір тұтам,- дейді мамандар. Өйткені бұған дейін де, осыған ұқсас жағдайлар әшкереленіпті.

«2018 жылғы дерекке келсек, 2018 жыл бойынша 3 мыңға жуық адам кезекке тұрды. Оның ішінде 1500-ға жуық адам әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың ішінде ең көп үлес алатын толық емес отбасы санаты бойынша 600 адам. 1-2 топтағы мүгедектер бойынша 250-ге жуық адам біздің кезекке тұрды» - дейді қала бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармас ыбөлімінің басшысы Жандос Дәулетов.

Қалай десек те жаңа үйге тек арнайы категориядағы азаматтардың ғана құқығы бар. Оның өзінде қазір заңда бірқатар өзгертулер енгізілмек. Яғни бірнеше санатты тізімнен алып тастау көзделуде. Мәселен, мамандар жақын уақытта толық емес жанұялар баспана кезегіне тұра алмауы мүмкін екенін айтып қалды.


Просмотров материала: 2 181

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 618 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 163 449 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 163 078 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 163 116 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 163 405 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 635 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 777 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 988 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 859 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 038 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 806 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 580 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 203 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 058 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 880 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 055 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 161 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 829 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 210 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 938 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 948 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 780 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 624 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 877 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 828 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 333 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 786 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 661 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 920 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 254 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 659 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 634 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 673 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 627 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 856 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 001 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031