16 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балық қырылып жатыр: Атырауда бір ғана кәсіпорыннан 100 тонна бекіренің өлексесі шықты

Балық қырылып жатыр: Атырауда бір ғана кәсіпорыннан 100 тонна бекіренің өлексесі шықты


Атырауда қырылған балықтардың саны күннен күнге өсіп келеді. Бір ғана кәсіпорынның өзінен 100 тоннаға жуық бекіренің өлексесі шыққан.
Балық қырылып жатыр: Атырауда бір ғана кәсіпорыннан 100 тонна бекіренің өлексесі шықты


Қазір мамандар суқоймаларын өлген балықтан тазартуда. Балықшылардың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Көмектесеміз деген уәдесін орындамапты. Арнайы құрылған комиссияның да жұмысы беймәлім. Ал облыс әкімі Нұрлан Ноғаев болса, аудандарды аралап, кадрларды ауыстырып әлек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір Атырауда күнде жиын. Астанадан ат сабылтып, министрліктен келген өкілдің алдында қызыл кеңірдек айтыс-тартыс. Басшыларға сор болған бекірінің өлімі. «Жайық Атырау» зауытынан 2 тоннадай, ал осы өңірден жалға кәсіпорын алған «Луговой жылқы зауыты» серіктестігінен 100 тоннаға жуық балық қырылыпты.

“Жұмыс өте ауыр, мұздың қалыңдығы 30 сантиметрге жетеді. Бар күш жігерімізді жұмсап жатырмыз. Қырылған балықтарды шығаруға әкімдікте көмек қолын созамыз деген, әлі ешкім келген жоқ. Балықтарды сүзіп алып, шығынды есептеуіміз керек” – дейді балық өсіруші Руслан Дусалиев.

Экологтардың болжамынша, бағалы балықтың қырылуына Жайық өзенінің бойындағы кәсіпорындар кінәлі-мыс. Бірақ мәліметтерді құпия ұстап отырған көрінеді. «Атырау жылу электр» орталығына жүргізген тексерістің нәтижесінде жарияламапты. Су арнасы мекемесіне де жоспардан тыс бақылау жүргізіліпті.

“Қазіргі таңда мына алдында айтып өткендей полиция қызметкерлеріменен 2 қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Мұнымен мына құқық қорғау органдары айналысуда. Қазіргі таңда мына сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуіне байланысты бүкіл жұмыстарды полиция департаменті қарастырып жатыр. Сондықтан олар кімнің қандай нәтиже беретіндігі жөнінде өзінің тексеріс аяқталғаннан кейін толық БАҚ-қа хабарлайтын болады” – дейді экология департаментінің бөлім басшысы Жолдасқали Телағысов.

Мамандардың сөзінше, бағалы балықтарды қырылған кезде ғана емес, әрдайым ғылыми тұрғыда да бақылап, зерттеп отыру керек. Ол үшін бюджеттен қаржы бөлініп, ихтиологиямен айналысатын кәсіпорындар жұмыс істеуі тиіс екен. Бұл мәселеге байланысты экологтар да жанайқайын айтуда.

“Балық судың астында жатыр. Оны Каспийге жібермеудің амалын қарастырып жатырмыз дейді. Сау адам солай айта ма?. Балықтың бойындағы ауру баяғыда суға шығып кетті. Мәселе суды тазалау керек. Бір ай бұрын амиак деп айтқан жоқ. Әлі талай шикілігі шығады бұл мәселенің” – дейді халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуанбеков.

Бекіренің қырылуына байланысты тиісті органдардың болжамы да сан қилы. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық қадағалау комитеті “аммиактың зияны тиді” деген лабороториялық қорытынды жасаса, атыраулық экологтар судың ластануы себеп болды деп отыр. Ал жергілікті мамандар су астынан шыққан шалажансар балықтарды аман алып қалу үшін күресуде. Егер бұлар қырылатын болса кейбір кәсіпорын жабылуы да мүмкін.
Просмотров материала: 2 457

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 378 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 211 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 165 837 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 165 879 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 166 165 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 817 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 959 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 176 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 099 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 267 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 021 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 704 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 279 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 130 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 951 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 134 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 233 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 899 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 282 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 008 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 016 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 850 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 690 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 952 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 896 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 407 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 864 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 729 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 993 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 324 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 737 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 701 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 744 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 700 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 922 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 070 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930