28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Денис Теннің анасы күдікті Қиясовтың отбасына қатысты сұмдық жайтты айтып берді

16 январь 2019, 16:50
Денис Теннің анасы күдікті Қиясовтың отбасына қатысты сұмдық жайтты айтып берді


Бүгін Алматы қаласында Денис Теннің өліміне қатысты сот жарыс сөзінде марқұмның анасы күдікті Нұралы Қиясовқа мінездеме беріп, оның отбасы туралы айтып берді. Айтуынша, тек Қиясов емес, оның ағасы да бұған дейін істі болған. Ол топтық зорлауға қатысты деп айыпталған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оксана Тен аталған қылмысқа дейін Қиясовтың отбасының жағдайы төмен болғанын атап өтті. Алайда кейіннен жағдайлары жақсарғаны оның көңіліне күдік ұялатқан.

«Қиясов мұны ата-анасының қосылғанымен байланыстырды. Алайда оның ағасы сыпырғыш шығару кәсібімен айналысып, олардың біреуін 350 теңгеден сатып жүріп, сол банданы өз үйінде ұстап, оларға үлкен пәтер жалдап беріп, көлік бергеніне сену қиын. Неліктен Қиясовтың ағасы Сұлтанды өзінің көлігінде қылмыс жасалғаны және соны білгені үшін жауапқа тартпады? Бұл таңғалдырады. Бұл банда сол үйде тұрды. Ол қолданған телефонда да түсініксіз қоңыраулар бар. Көптеген қылмыс жасаған Қиясов пен топтық зорлауға қатысты деп айыпталып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылған ағасы қалайша босап жүрген? Бұл отбасы үшін неліктен жеңіл жаза берілгені мен үшін үлкен жұмбақ. Оның осы сот залында сабырлы отырғаны қалпы, босап шығатынына сенімділігі онымен бұған дейін болған жайттарды растайтындай», – дейді марқұм спортшының анасы.

Сонымен қатар ол Қиясовтың бұған дейін денсаулығына байланысты сотта жауап беруден бас тартқанын атап өтіп, оның жауабы жаттынды болуы мүмкін деп топшылады.

«Неліктен ол жауап беруден қорықты? Неліктен науқастанғаны туралы сылтаулар айтты? Болжам бойынша, Қиясов оқиғаны жаттанды түрде айтқан болуы мүмкін. Ол бұрын айтқан жауаптарынан бас тарта бастады. Ол ағашқа, жерге пышақ лақтырғанын жоққа шығарды. Алайда бұл туралы өзі айтқан еді. Оны ешкім мәжбүрлеген жоқ», – дейді Оксана Тен.

Өз сөзінде Оксана Тен Қиясовтың күреспен айналысқанын атап өтті. Ол досын босатып алу үшін күрестегі тәсілдерді қолдана алатын еді, дейді ол.

«Алайда ол Денисті күтіп тұрған кезде пышақпен жаттықты. Қиясов Денис пен Құдайбергеновтің жанынан жүгіріп өткенін күтіп, арт жағынан соққы жасау үшін, пышақпен оларды қуа жөнелді. Толыбаева дәл осы жайттан қорыққан болар. Себебі не болатынын білуі мүмкін. Ол Қиясовтың пышақпен жүгіріп бара жатқанын көрді», – дейді Денистің анасы.

Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.
Просмотров материала: 1 952

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 478 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 317 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 305 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 243 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 198 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 609 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 395 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 311 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 266 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 378 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 418 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 908 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031