19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Абай ауылында зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған

16 январь 2019, 14:49
Абай ауылында зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған


Түркістан облысында бұрынғы полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деп айыпталғанына қарамастан, күдікті дәл қазір бостандықта жүр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне адвокат Айман Омарова хабарлады.

Жәбірленушінің сөзі

2018 жылдың жаз айында Sputnik Қазақстан Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлады. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлап, бұл үш жыл көлемінде созылған. Айтуынша, зорлап қана қоймай интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.

Осы оқиға Sputnik Қазақстан сайтында жарияланғаннан кейін жігітке танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова қол ұшын созады. Оның айтуынша, қолда аудио және видео жазбалардың бар екеніне қарамастан, полиция бұл іске күдіктілерді қамауға алуға асықпайды.

Омарова 2015 жылы жәбірленушінің ата-анасының екінші күдіктіні видеоға түсіріп алғанын айтып берді.

"Бұл видеода Ержан атты екінші күдікті бар. 2015 жылы Ержан үнемі жігітті іздеп, кейінгісі кездесуге келісімін береді. Бірақ жас жігіт бұл жолы өзімен бірге ата-анасын ала барады. Ата-анасы көрші бөлмеде болып, біраз уақыттан кейін ер адам мен баласы болған бөлмеге кіріп, барлығын видеоға түсіріп алады. Видеода ер адам өзінің есімін және не істегенін айтып береді", — деді адвокат Sputnik Қазақстанға.

Омарова полицияда күдікті ер адамның болған қылмысқа қатысы бар екенін айтқан сәті түсірілген видео бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші күдіктінің әңгіме барысында қылмысқа қатысы бар екенін мойындағанын айтты. Барлық мәлімет құқық қорғау органына тапсырылған.

Полициядан қуылған

Түркістан облысы полиция департаментіндегілер осы іс бойынша күдіктілердің бірінің полицей болғанын растады.

"Күдіктілердің бірі — бұрынғы полиция қызметкері. Ол ішкі істер органдарынан 2016 жылы теріс пиғылына байланысты жұмыстан шығарылды", — деді Түркістан облысы полиция департаментіндегілер Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Департаменттегілер күдіктінің Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы полиция бөлімшесінде қызмет еткенін нақтылады.

"Осының барлығы қолда бар екеніне қарамастан, Түркістан облысы полициясы тергеуді жүргізуші ретінде ешқандай шара қолданбай отыр. Екі күдікті де әлі күнге дейін қамауға алынған жоқ. Менің қорғауымдағы жігіт көптен бері жазасын алмай жүрген қылмыскерлерді соттау үшін соңына дейін баруға әзір", — деп наразылығын білдірді Омарова.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде 2015 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген. Қазіргі сәтте Түркістан облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полициядағылар қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдарының мәліметі жария етілмейтінін нақтылады. Заңды процестік шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.

Абай ауылында бірінші сынып оқушысының зорлануы

Қазақстанның оңтүстігіндегі Абай ауылы 2018 жылдың қыс айында бірінші сынып оқушысының зорлануы туралы хабар тарағаннан кейін ел аузында жүр. Төрт бала жеті жасар оқушыны қорлап келген. 2019 жылдың 10 қаңтарында 2002 жылы дүниеге келген жасөспірімдердің біріне үкім шықты. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толып үлгермегендіктен, түрмеден қашып құтылды.
Просмотров материала: 1 388

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 589 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 411 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 381 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 316 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 296 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 698 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 258 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 409 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930