27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



“Қалаулымдық” Замира: Ажырасқанда балаларын күйеуіне тастап кеткен бірінші әйел шығармын

15 январь 2019, 15:34
“Қалаулымдық” Замира: Ажырасқанда балаларын күйеуіне тастап кеткен бірінші әйел шығармын


«Қалаулым» реалити-шоуының бірінші маусымының символы Замира Сұлтан Stan.kz тілшісімен кездесіп, үйлену тойына дайындығы, өзінің сүйіктісі және “Қалаулымнан” кейінгі қазіргі өмірі туралы бүкпесіз әңгіме айтып, қазақ әйелдеріне айтатын ақыл-кеңестерімен бөлісті.

- Замира, қайырлы күн! Жалпы сұхбатымызды “Қалаулымның” түп-төркінінен бастасақ. Бағдарламаға қатысуға не түрткі болды?

- Оған қатысуға себеп – маған екі білімім бола тұра үйде отырып қалдым, үйдің ерке қызы болдым, жұмыс істемедім, Вк-да бағдарламаға адамдар жиналып жатқандығы туралы репост көріп қалдым. Мен ойладым біркүндік бағдарлама деп.

Сөйтіп бір жыл бойы қалай қатысқанымды да байқамай қалдым. Кәдімгідей келісімшартқа отырдық.

Үйдегі анам қартайып қалмай, әлі жассың, жұмыс істемейсің, ешқайда шықпайсың, осылай отыра берсең, сені кім көреді деп осыған түрткі болды, күейеу іздеуге. Өзім де жастық шағымды үйде өткізбейін деген оймен қатысуға бел будым.

- Осы бағдарламадан кейін өміріңіз қаншалықты өзгерді?

- Әрине қатты өзгерді. Танымал болдым. Басында қызық болды. Одан кейін танымалдылықтан да жалығады екен адам. Оның зақымы да тиді маған. Мен шыншыл, шындықты бетке айтатындықтан, адамдардың көзқарасы санқилы болды.

Адамдар әсіресе жаман жақты тез қабылдайды, өсек-аяң тез тарайды. Сондықтан адамдар мені жақсы жағымнан емес, осы айғай-шумен байланысты образымды ғана таниды. “Ұрысқақ” образым үшін, өмірім мен бағдарламадағы бейнемді ажырата алмай жүрмін.

Осы образда мәңгілікке қалып қоямын деп те қорқамын. Қарапайым қыз едім, бағдарламадан кейін “скандалисткаға” айналдым. Екінші рет күйеуге тигенде де құдалық ештеңе болмады, осы себептерге байланысты. Әлі ата-енеммен таныса алмай жүрмін соның кесірінен.

Осындай шыншыл, Замира болып жүру қиын өмірде. Маска киіп жүрудің де пайдасы бар екен өмірде. Осындай образбен өмір сүруге мәжбүрмін, қарапайым Замира ретінде мені қабылдамайды. Басқа Замираны адамдар қабылдамайды. Өмірімде қиыншылықты көп тудырып жатыр бұл Замира, сол үшін “Қалаулымға” барғаным үшін де өкінемін.

- “Қалаулым” қатысушыларына ақша төлейді, актерлер екен деген әңгіме жиі шығып жатады. Осы қаншалықты шындыққа жанасады?

– Ақша төлегенде, біздің жолымызды, тамағымызды, киімімізді қамтамасыз етіп отырады. Киімді напрокат аламыз, эфирге шыққанға.
Тамағымызды сол жерде ішеміз, жолға 80 теңге әрі, 80 теңге бері. Бес күнге 1000 теңгедей ақша шығады. Бізге былай ақша төленбейді.

Ақша төлейді дегені ол залдағы көрермендерге берілетін ақша, күні бойғы отыратын уақыты үшін мың жарым теңге. Ақша төленеді екен деп қатысатын адамдар да бар. Бірақ тек ақша үшін қатысса, өздеріңіз ойлаңыздаршы, онда бәрі қатысып кетпей ма ақша табу үшін?!

- “Қалаулымдағы” басқа қатысушылармен қазіргі қарым-қатынасыңыз қандай?

- Бәрімен де қарым-қатынасымыз жақсы, араласамыз. Мейрамдар сайын кездесіп тұрамыз, Ватсап желісінде ортақ группамыз бар, сол жерде араласып тұрамыз, теледидардан алысып-жұлысып жүргеніммен, ешкіммен дұшпан болып қалған жоқпын. Бәрімен қарым-қатынасым жақсы.

- Замира шын мәнісінде қандай?

- Замира өмірде адал, ерке, кішкене “пофигистка”, аспан айналып жерге түсіп кетсе де, сабырлық сақтап тұрады, өзің қарабет қылса да шындықты айтып өлетін адам, әрдайым тек шындықты айтатын бірінші адам шығармын.

Мамам не болса да тек шындықты айтып жүр деп тәрбие берген. Шындықты айтамын деп осындай әйелге айналдым. Неге екенін білмеймін, алдап өмір сүре алмаймын, осы шыншылдығымнан өмірде көп таяқ жеймін.

- Қазір негізгі табыс көзіңіз қандай? Жұмыс істейсіз бе?

- Жоқ, жұмыс істемеймін. Екінші күйеуіммен азаматты некеде тұрып жатырмын. Жуырда некемізді қиямыз. Той болатынын-болмайтынын айта алмаймын. Болмайтын шығар. Құдалық болса екен деп отырмыз. Күйеуім жұмыс істейді.


- Сізді Аман Тасыған “Талқылайық” жобасына шақырып, түрлі жағымсыз сұрақтар қойды. Артынан бағдарламаны таныту үшін сондай қадамға мәжбүрлі бардым деп ақталды. Замираға басқа қандай сұрақ қоюға болады деп те айтып қалды.

– Иә, ең бірінші қонақ болдым оған. Жаңадан ауруханадан шықтым. Неше түрлі сұрақтар қойды. Мен таңғалдым сізді бұған дейін танымасам да осындай журналистер бар екен ғой деп. Екеуміз қалжыңдасып өткіздік. Екеуімз әрі құрдаспыз. Оған деген көзқарасым дұрыс. Өзіне мен арқылы жарнама жасап алды деп түсінемін.

Сол адамдардың қоятын сұрақтарын, адамдарға қызық сұрақтарды қойды маған да. Ұятсыз, ұрыс-керісі көп сұрақтары бар болса, әрине, көпшілікке қызық. Менің арқымда өзін-өзі туралы пиар жасап алды. Оған түк ренжімеймін. Себебі ол – журналист. Аманмен қарым-қатынасымыз жақсы негізі, жуырда тағы қонаққа барамын.

- Аманның қаралымы бойынша ең көп бағдарламасы осы сізбен өткізген сұхбаты болды ғой

- Иә, қаралымы көп болғандығы соншалықты, тіпті үстінен шағым түсіргендер де болды.

- Өзіңізді әдемі санайсыз ба?

-Иә, әрине. Өзімді әдемі санаймын. Әр әйел адам өзін әдем санайтын шығар. Менің фигурам 90-60-90 болмаса да, оған назар аудармаймын, фитнесспен айналыспаймын, диета ұстамаймын, дәрі ішпеймін.

Бірақ кейбір қыздар сияқты ерінді үлкейтіп, көзді үлкейтіп, мұрынды түзетіп, кеудемді үлкейтіп жатқан жоқпын. Көзім дәу, өзім сарымын, шашым ұзын, тырнақтарым ұзын. Туғанымнан осындай, ешқай жерім өзгермеген.

Мен тіпті үйде де керемет күтім жасамаймын, косметологқа барғанда болмаса. Мен боянбасам да өзімді өте әдемі деп санаймын. Тек эфир кезінде ғана боянамын, онда да бетті тегістейтін крем мен опа ғана. Менің көзім дұрыс көрмесе де көзім ең ерекше, ең үлкен, өзімді әдемі әйел ретінде санаймын.

- Тұрмысқа шықпай тұрып, маған бірнеше жігіт керсек, секс күнде керек деп айтып қалдыңыз. Бұл хайп па?

- Жоқ, бұл хайп емес. Бұл менің бұрынғы күйеуім туралы әңгіменің ішінен алынған. Мен ажырасқан кезде бір емес, екі жігітпен кездестім, неге деген кезде, бір жігітпен кездесіп жүріп, ол жұмыста болып қалса қиын, себебі төсек қатынасы болмаса, тұра алмаймын деп. Сондықтан бір емес, екі жігітпен кездесіп жүрдім, Саят, Азамат есімді жігіттермен, бір күн біреуімен, келесі күні – екіншісімен.

- Инстаграмм парақшаңыз, танымалдылығыңыз сізге табыс әкеле ма?

- Адамдардың барлығы “Қалаулымға” жазылушылар санын көбейтуге барса, мен “Қалаулымнан” шыққан кезде, бағдарламаның шеф-редакторы Шахкерім менің барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларымды, бәрін өшіріп тастады.

Мен Астанаға Ляйлә Сұлтанқызының бағдарламасына барған болатынмын. Сол үшін ол ренжіп, неге менің рұқсатымсыз барасың деп өшіріп тастады.” Мә, өшірсең өшір, пиарщица емеспін, мен адал қызбын, маған Құдай өзі береді, ұятың болса, еркек болсаң өшір” деп. Өшіріп тастады. Инстаграмдағы ұсыныстардан тек өзіме қажетін аламын, сән салондарына түрлі шараларға, тырнақ-кірпік, киім, аяқ киім дегендей.

Ақша істеп жүрген жоқпын бірақ. Бұл менің оныншы инстаграм парақшам екен.

- Қыз-келіншектерге қандай кеңес айтар едің?

- Мен білмеймін, көп кеңес айта алмаймын өмірге қатысты. Нақты сұрақ болмаса. Ең маңыздысы, ерте тұрмысқа шыққан әйел ретінде айтарым -ерте күйеуге шығудың қажеті жоқ, мен кезінде отбасылы болмасам, карьера қуып, жұмыс істеп кетер ме едім, үйде отырып қалмас па едім деп ойлаймын. Ал қазір 17 жаста байға шығып, үйде отырып қалған әйелмін, жұмысқа икемім келмейді, келсе де жалқауланып кеткенмін. Сондықтан айтарым – бай-бай деп қуалай бермей, еркектерге сенім жоқ, ерте тұрмыс құрмай, жұмыс істеп алыңдар. Еркектерге сеніп алданып қалмаңыздар.

- Ажырасқандар үшін бағдарлама барысында төбелесуге дейін бардыңыздар. Біздің қоғамда ажырасқандарға деген қалыптасқан көзқарас ашуыңызға тие ма?

- Иә. Ажырасқан-ажырасқан деп адамды жер қылуға болмайды. Ол кезде ашуыма тигені – ажырасқан қыз қатысып отырды, сонда бір үйленбеген жігіт ажырасқандар келмесін мұнда деп ұрысты. Сосын менің жыныма тиді. Ол пиар үшін келіп отырса, мен шынайы келіп отырмын. Жыныма тиді. Сонда ажырасқан еркектерге әйелді шертіп жүріп алуға болады, ал біз ажырастық деп асылып өліп қалуымыз керек па бала-шағамызбен қосылып?!

Көбінесе ажырасқан әйелдер балаларын құшақтап қалып қалады, ал мен неге ажырасқаннан әйелдер ғана жапа шегу керек, мә, өздерің бағыңдар, кімнен тудым, соған тастап кеттім. Балаларымды тартып алып, жылатып отырсам да болар еді, бірақ не істеймін оны, мысалы балалармен үйде қамалып отыра алмаймын. Жиі көріп тұрамын балалалырмды. Көрші тұрамыз. Аштан өлтірмейді ғой, өздерінің тұқымдары.

Тек әйелдерді кекетіп, жер қылады бізде. Ал еркектерге болады екен иә үш-төрт қатын алуға өз бастарын баға алмай жүріп?! Өздерің не мачо санай ма? Жоқ, әлде Брэд Питт па?

- Қазақтар жыныстық қатынасқа байланысты тақырыптарды ашық қозғауға ұялады. Неге?

– Неге екенін білмеймін. Бірақ тәрбиені адам әке-шешесінен алады ғой, менталитетіміз басқа болды. Мен үйде ерке болып өскендіктен, мұндай тақырыптарға ашық пікір айта беремін. Дәл үйдің ішінде болмаса да, сыртта дегендей. Мені жұрт ұятсыз, басқа деп ойлайтын шығар, бірақ мұндай өмірді ерте, 17 жаста бастағасын ба, кейбіреулерге кеңес беремін, кейбіріне көмектесемін, кейбірі мені ұятсыз деп қабылдайды.

Мен ойлаймын осындай тақырып туралы көбірек көтеріп, кішкене жастардың сауатын ашу керек. Жүктіліктің алдын алу шаралары туралы ескерту қажет. Мүмкін солай болғанда, зорлық, баланы туып, дәретханаға тастап кету деген болмас па еді?! Қыздар маған жиі жазады, алдап-сулап, пәктігімді алды, енді өзіме қол жұмсауға дайынмын деп.

Ешкімнің әке-шешесі ашық сөйлесіп, түсіндірмейді. Тек қаталдықпен тәрбие береді, қысқа киме дегендей тыйымдарын салады. Тек қана білім ал, білім ал. Ішкі дүниесінде не болып жатыр, дене бітімі өзгеріп жатыр-ау деп ешкім зер салып, назар аудармайды. Ашық сөйлесу керек шетелдегідей. Оны және адамдары дұрыс қабылдайды. Ал біз деген үйден қуып жіберіп, асылып өлтірте саламыз, әркім өз басын ойлап.

- Дау тудыратын видеоконтент жиі саласыз, оған жақындарыңыздың көзқарасы қандай?

- Жақындарым ештеңе демейді. Мамам мен сіңіліммен бірге тұрғанда, олар көрмесін деп, бұғаттап тастағам. Бірақ та біреу-міреу жіберіп, көріп қалады. Мен ашық сөйлеп үйреніп қалғанмын, бәлкім қойып кетермін болашақта мұны, сондықтан қазір осы образдан шыға алмай жүрмін.

Мен тыныш жүрсем, елеусіз қаламын да, өзім де біртүрлі болып қаламын. Видеоларым тез таралады. Жақындарымның көзқарасы әрине нашар. Сол үшін әлі құдалық та болмады. Күйеуіммен қосылғанымызға бір жарым ай болды.

- Бұған дейін ғашық болып көрмедім деп айтып қалған едіңіз? Жұбайыңыз несімен баурап алды сізді?

-Иә, бұған дейін бірінші күйеуіме де ғашық болып көрмедім, ол мені алып қашып кетті. Жай ғана бауыр басу болды. “Қалаулымнан” кейін поклонниктар көбейді, әрине. Бірақ та олармен кезедсейін десем, оларға менің танымалдылығым қызық болды. Бірге қыдырып, жүргеніміз. Маған ондай адамдар ұнамайды.

“Қалаулымнан” кейін қиналғаным, мен өзімді жәй ғана адам ретінде қабылдайтын адамдарды таппай қалдым. Әлішеріммен танысқан кезімде ол мені танымал екенімді білмеді де, телевизор басқа туралы сұрамады. Мен сол кезде теледидардағы клоун емес, өзімді қарапайым адам ретінде сезіндім. Хайп, телешоу туралы білмейтін, инстаграмы жоқ адам ретінде Әлішер мені баурап алды.

Ол бұған дейін отбасылы болған, бірақ баласы жоқ, менен екі жас үлкен. Ұлы жүз, Дулат руынан. Мен оны қатты жақсы көремін. Мені бетпердесіз, осы қалпыммен қабылдаған адам, өмірде қандаймын, камера алдында қандай екенімді түсінді.

- Ал күйеуіңіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызға деген көзқарасы қандай?

- Ол тіпті инстаграмымыды өшіріп тастағысы келген, бірақ мен айттым, қойыңдарш, неге бәрің менің инстагармымен өшсіңдер деп? Онсыз да шамалыдан кейін бала туып үйде отырып қаламын ғой, инстаграм болмаса қайтіп хабар біліп отырамын, ол болмаса ішім пысады, менің кәдімгідей кішкентай әлемім, жан дүнием, күнделігім. Көзқарасы қатты жақсы емес, бірақ кішкене-кішкене үйретіп жатырмын.

Басында қатты ренжісетінбіз, менің қозғайтын тақырыптарыма байланысты. Мен жалпы күйеуімнің көзінше мүлдем басқашамын да, теледидардан басқашамын. Сосын кейде үйге келіп қорқып отырамын, ұнады ма екен, теледидардан бірдеңе айтып қалмадым ба деп.

- Замира, сізге рахмет! Отбасыңызбен бақытты болыңыз!
Просмотров материала: 2 725

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 430 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 248 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 221 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 165 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 147 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 115 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 630 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 778 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930