6 декабря 2020 г.

Мы в соц сетях:



Жетім жігіт: нағашы апам 7 жыл бойы құлдықта ұстады

15 январь 2019, 10:55


Өз туысынан зәбір көрген Семейлік жетім жігіт мал соңына салынып, одан қалса өзгелерге жалшылыққа жіберілгенін де айтады. Бала кезінде "ақыл-есі дұрыс емес" деп танылған жарымжан балаға апасы қамқорлық жасаудың орнына, қорлық көрсетіпті. Қазір мыңғырған малмен өмірін өткізген жас жігіт әпкесін паналап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Есенбек Рахметов ата-анасынан ерте айрылып, 15 жасында жетім қалған. Оны Қайнар ауылындағы нағашы апасы асырап алыпты. Алайда, алғашында "еш жамандық көрмейсің" деп уәдені үйіп-төккен туысы баланы лезде аурулар қатарына қосып, анықтама жасатыпты. Осылайша, аяқ асты есі дұрыс еместер қатарына қосылған бозбала қыстақта мал бағып, малайдың қамытын арқалаған.

“Қашқанда Ежік апам өзі демалысқа жібермеді. Майдан бастап өзім звондадым талай. Бірақ жібермеді. 4-5 ай өтті, үндеген жоқпын. И кетуге тура келді. Демалысқа жібермесе кім шыдайды оған 1 жыл? Демалысқа ешкім де шыдамайды 1 жыл. 280 мыңды ағама қайтадан қайтар қарызыңды жауып берем. Мына апам ақшамды өтеп берсе болды қайтып” – дейді құлдықта болған жігіт Есенбек Рахметов.

Есенбектің сөзінше мал бағумен бар уақыты өтсе де, оған берілетін тиын-тебенді нағашы апасы алып жүрген. Тіпті, ол үстіне киер жөні түзу киімі жоқ екенін айтады. Былтыр 2 ірі қараны ұрлатып, қожалыққа 280 мың теңге қарыз болып қалған. Ал өзге қыстақтың адамдарты талап етіп келгенде, апасы жетім жігіттің өзін саудалаған. "Малдың құнын осының өзін жұмсап өндіріңдер" деген көрінеді. Алайда, жалшылықтан жауыр болған Есенбек жақындарына қашып құтылыпты. Бірақ, нағашы апайы "мен жақсылықтан басқа жасағаным жоқ" деп азар да безер болды.

"Өзімнің туыстық парызымды өтеп отырмын. Басқа ешқандай менде олардан бірдеңе ала қояйын, осыларды бірдеңе нетейін деп отырған жоқпын. Қайта бұларды өмірге талпындырып, көзін ашып отырмын. Әке-шешесі бар кезде де оқымаған. 280 мың дегенді ештеңесін де білмеймін. Наоборот мен оларды киіндірдім, ішіндірдім,жегіздім. Басқа ешқандай 280 мың не ақша алам, алғам жоқ" – дейді Есенбектің нағашы апасы Елшарбан Ахметова.

Ал, Есенбектің туған әпкесі інісіне мүгедектігі үшін төленетін мемлекеттік көмекті әлі нағашы апайы Елшарбан Ахметованың иемденіп отырғанын айтады. Есенбек үйіне қанша барғанмен, төлқұжатын қайтармай әуре-сарсаңға түсіріп жүр екен. Ал, полиция болса үнсіз. "Тексеру жұмыстары жүріп жатыр" деп сылтау айтып, құтылады, дейді ол.

“Ол тек ақша үшін ұстады. Бұған көмек үй беріледі, ақша беріледі. Соның бәрін өзі алғысы келді. Бұл баланы қараған жоқ. Бәрібір қыстаққа жіберіп, зарплатаны өзі алып отырды.Біз август айында маған қашып келген кезде бізге қашып келген кезде біз сразу пенсиясын алдық та блокқа түсіріп тастадық бұл баланың. Ол кісі қолында паспорт болды. Блокты ашып алыпты. Ал, блокты ашып алғанда 4 айдың ақшасын алды” – дейді Есенбектің әпкесі Шолпан Құсайынова.

Есенбектің туған әпкесі дені сау бауырын "ауру" деп, жұмысқа жеккені үшін туысқаны Алшарбан Ахметоваға өкпелі. Қара жұмысқа салғаны былай, тұрсын, аш-жалаңаш қалдырған, дейді. Оның тапқан ақшасын қалтасына басып отыр, деп налиды.

“Аталған тұлға бойынша келетін болсақ, енді ол заңмен белгіленеді. Содан кейін арнайы комиссия қарайды. Әрине егер тағы басқа туыстары табылып, сол өзіне өтініш жасап осыған бір ықылас білдіріп жатса ол заңмен қаралып, тиісті жаңағы құзырлы органдармен келісе отырып, мәселе шешіледі” – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Азамат Құрманғалиев.

Жауапты орган өкілдері бұл мәселенің ұзаққа созылмай шешілетініне сенімді. Егер ақыл-есі кем деп табылған тұлғаның өзге де жанашырлары табыла тұрып, қамқорлыққа алудан бас тартса ол мемлекеттің қарамағына өтуі тиіс деген шешімді алға тартты. Ал, жасы енді 22-ге келген жас жігіт білім алып, шаңырақ құруды армандайды.
Просмотров материала: 1 768

Поделиться материалом


13:03 Двое мужчин избили таксиста и угнали его автомобиль в... 309 Просмотров

13:00 Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты... 330 Просмотров

12:51 Горжусь нашими добровольцами, - К.Токаев... 294 Просмотров

12:47 Еріктілерімізді мақтан тұтамын – Қазақстан Президенті... 365 Просмотров

12:33 Массовое заражение коронавирусом зафиксировали в доме... 374 Просмотров

12:26 Дәрігер 20 жылды арқалауы мүмкін... 468 Просмотров

12:19 Два пенсионера погибли при пожаре в Карагандинской области... 344 Просмотров

12:17 Коронавирус: 203 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып... 366 Просмотров

12:04 Кипятком залило жителей новостройки в Уральске... 315 Просмотров

11:51 «Нұрлы жол». Ақылы жолдар мәселесі мен жол сапасы қандай?... 384 Просмотров

11:43 10 человек скончались от коронавируса и пневмонии в... 303 Просмотров

11:32 Вспышку африканской чумы свиней зафиксировали на границе с... 359 Просмотров

11:30 Тоқаев жойылып кету қаупі бар мамандықтарды атады... 332 Просмотров

11:18 Россиянина 15 лет держали в рабстве в Караганде... 342 Просмотров

11:10 Алматыда 1500-нан астам жұмысшы қар тазалау жұмыстарына... 333 Просмотров

11:05 Бетономешалка упала на Toyota близ Алматы: погибли два... 258 Просмотров

10:55 Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ... 216 Просмотров

10:49 Опубликованы данные по заболевшим коронавирусной пневмонией... 202 Просмотров

10:38 IVI представит оригинальный сериал «Мёртвые души»... 200 Просмотров

10:35 Атырауда жолаушылар жатып жүретін автобус-қонақүй анықталды... 243 Просмотров

10:24 Тела четырех женщин обнаружены в квартире в Боровом... 274 Просмотров

10:23 5 желтоқсанға арналған ауа райы... 225 Просмотров

10:11 За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 792 заболевших... 240 Просмотров

10:10 Бурабайдағы төрт әйелдің денесі табылды... 703 Просмотров

10:00 Прогноз погоды на 5 декабря... 200 Просмотров

18:02 Иностранца с крупной партией наркотиков задержали в Актобе... 472 Просмотров

18:01 Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр... 524 Просмотров

17:51 80-летняя женщина погибла в результате пожара в СКО... 464 Просмотров

17:47 Оралда жол апатынан 4 адам зардап шекті... 487 Просмотров

17:36 Трое подростков избили прохожего в Нур-Султане... 473 Просмотров

17:33 Йогурттың ішіне шөп пен дәрі салып, тергеу изоляторында... 499 Просмотров

17:25 Четыре человека пострадали в ДТП в Уральске... 471 Просмотров

17:23 Туды бір реттік қолданыстағы заттарға бейнелеуге болмайды –... 533 Просмотров

17:17 Нұр-Сұлтанда үш жасөспірімнің ер адамға шабуылдаған сәті... 501 Просмотров

17:13 Смерть младенца в холодильнике: врачи выступили с последним... 485 Просмотров

17:00 Прокуроры проверят возможную подмену детей в роддоме спустя... 447 Просмотров

16:53 Сайлау заңнамасын бұзған журналиске қандай жаза қолданылады... 506 Просмотров

16:42 37-летний мужчина облился бензином и пытался поджечь себя в... 510 Просмотров

16:37 Алматыда жалған ақша жасаушылар заттай айғақты ваннада... 458 Просмотров

16:25 Вспышка коронавирусной инфекции зафиксирована на... 449 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031