29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Заң қабылданған жағдайда..." Қазақстандық мұғалімдер нені білуі тиіс?

"Заң қабылданған жағдайда..." Қазақстандық мұғалімдер нені білуі тиіс?


Жуырда Астанадағы №59 мектепте қоғамдық тыңдау өтіп, ұстаздардың құқығы мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері айқындалған "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы талқыланды. Sputnik Қазақстан тілшісі жазда қабылданатын құжаттың негізгі жаңашылдықтарына тоқталып өткенді жөн көрді.

Қоғамдық тыңдауда ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева заң жобасының негізгі баптарына тоқталып, таныстырып шықты.

Мұғалімдердің үстемақысы өседі

Жаңа заң жобасында сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін төленетін ақшаның мөлшері өспек. Сәуле Қабимолдаеваның айтуынша, қазір 1-4 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге дәптер тексергені үшін 3500 теңге төленсе, енді оның мөлшері 10 600 теңгеге дейін көтеріледі. Ал 5-11 сыныптарда 4 400 теңге болса, 13 200 теңге дейін өседі.

Сондай-ақ, сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы да үш есеге ұлғаяды. Бастауыш сыныптарда 4 400 теңгеден 13 мың теңгеге дейін, ал жоғары сыныптарда 5 300 теңгеден 15 900 теңгеге дейін көтеріледі.

Зейнетке ерте шыға алады


Ұстаздар үшін ең қуантарлық жаңалық – зейнетке ерте шығу мүмкіндігі. Білім және ғылым министрлігі 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдерді зейнетке ерте шығаруды ұсынып отыр.

Оның үстіне жоғары оқу орындарында оқыған жылдар (4-5 жыл) еңбек өтілі болып саналады.

Мәселен, 17 жасында жоғары оқу орнына түссеңіз, 21 жасында университетті тәмамдайсыз. Осыдан кейін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесеңіз, 48 жасында зейнетке шығуға құқыңыз бар.

Жалақыға қатысты

• Біліктілікті арттыру кезінде жұмысынан уақытша қол үзген мұғалімнің жалақысы сақталады. Қазақстан Республикасының еңбек және бюджет заңнамасына сәйкес іссапар шығындары төленеді;

• Жергілікті өкілді органдар мұғалімнің жалақысын өңірдегі орташа жалақыға сәйкес келетін деңгейден төмен емес мөлшерде белгілеуге, сондай-ақ жалақыға қосымша ақылар мен үстемеақы қосуға, оның ішінде "Үздік педагог" атағын иеленген ұстазға – 300 еселенген АЕК-тен кем емес мөлшерде сыйақы белгілеуге құқылы;

• Астанада жұмыс істейтін мұғалімдердің лауазымдық жалақысына лауазымдық жалақының 25%-нен кем емес мөлшерде коэффициент белгіленеді.

• Бес жылда бір рет кемінде 6 ай ғылыми қызметпен айналысқысы келетін мұғалімге шығармашылық демалыс беріледі. Бұл аралықта еңбек өтілі мен жалақысы сақталады.

• Білім беру ұйымына алғаш жұмысқа кірген педагогке тәлімгерлік үшін тәжірибелі педагог бекітіледі. Тәлімгерлік қызмет үшін қосымша ақы төленеді.

Мұғалімдерді баспанамен қамту


Заң жобасында мұғалімдерді баспанамен қамтуға ерекше мән берілген. Енді педагогтер бастапқы жарнасыз жеңілдетілген кредитпен үй сатып ала алады. Сондай-ақ қызметтік баспана немесе жатақхана алуға құқылы.

Қызметтік баспанада тұратын педагог қайтыс болса, оның отбасын егер олар үйдің қалған ақшасын төлеп, жеке меншікке сатып алуға ниет білдірсе, мәжбүрлеп шығаруға болмайды.

Балабақшадан кезектен тыс орын

Жергілікті атқарушы органдар мұғалімдердің балаларына балабақшадан кезектен тыс орын береді.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы"

Заң жобасының 15-бабында "Республика алдында педагогикалық қызметтегі ерен еңбегі үшін педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы беріледі" деген норма бар.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар педагогтің еңбегін көтермелеу үшін жергілікті үздік белгілері мен құрметті атақтарын, оның ішінде біржолғы сыйақы төлей отырып белгілеуге құқылы.

Ауыл мұғалімдеріне қандай жеңілдіктер жасалады?

• Ауылда істейтін мұғалімдердің жалақысы мен тарифтік мөлшерлемелер қаламен салыстырғанда кемінде 25%-ке арттырылып белгіленеді;

• Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері бөлінеді;

• Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімімен мал ұстайтын мұғалімдерге жем-шөп, жайылым мен шөп шабу үшін жер учаскелері ұсынылады.

Қазақстан заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті оның кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

Педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер Қазақстан заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Мұғалімдер туралы заң жобасы барынша түсінікті тілде жазылған. Заң жобасын әзірлеу барысында 8 мыңнан астам ұсыныс түсіпті.

Қазір аталған құжат барлық мемлекеттік органға жолданды. Енді қаржы министрлігінен бастап барлық 13 мемлекеттік органмен келісіледі. Содан кейін үкіметте зерделенеді. Ал ақпан айының басында мәжіліс депутаттары заң жобасының кем-кетігін түзеп, сенатқа жолдайды. Тек содан кейін ғана болжаммен маусым айында Қазақстан президенті аталған заңға қол қояды деп жоспарланып отыр.
Просмотров материала: 6 369

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 623 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 462 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 448 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 385 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 341 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 641 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 227 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 297 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 451 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031