27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сотта Денис Теннің не себепті көз жұмғаны айтылды

12 январь 2019, 11:35
Сотта Денис Теннің не себепті көз жұмғаны айтылды


Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі туралы қорытындыны жазған сот-медициналық сарапшы Алматыда жұма күні өтіп жатқан басты сот талқылауында сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сарапшы Әзиз Ибрахимовтың айтуынша, спортшы пышақ жарақатынан көп қан жоғалту салдарынан көз жұмған.

"Сараптама барысында Денис Теннің екі пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Миы ісіп, ішкі органдарының қаназдығына ұшыраған. 17:00-де көз жұмғаны тіркелді", — деп мәлімет берді Ибрахимов.

Мұндай жарақат алған адамның тірі қалуы мүмкін бе деген адвокаттың сұрағына сарапшы "жоқ деп нақты айта алмаймын, әр адамның ағзасы әртүрлі" деп жауап берді.

"Кей жағдайда адам алғашқы минутта шок алуы мүмкін. Жәбірленушінің басынан өткен жағдайды алсақ, жарақаты салдарынан тез қан жоғалтқан", — деді Ибрахимов.

Сотта медициналық-криминалдық сараптама жүргізген маман Артем Курбангалиев жауап берді. Сарапшының айтуынша, ол мәнерлеп сырғанаушының киімдері мен тері бөліктерін қараған екен.

"Екі пышақ жарақатын алған, бірінің ұзындығы 9 сантиметр, екіншісі – 4 сантиметр", — деп мәлімет берді Курбангалиев. Алайда маман күдіктілердің Денис Тенге қалай пышақ салғаны туралы нақты айта алмады.

"Денис Теннің жарақатына қарағанда адам артынан немесе оң жағынан пышақ салған болса керек. Алайда менің пайымдауымша, алдыңғы жағынан мұндай пышақ жарақатын тек солақай адам ғана жасай алады. Ал арт жағынан оңқай адам пышақ салған болуы мүмкін", — деп атап өтті Курбангалиев.

Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр. 38 томнан тұратын қылмыстық іс 13 желтоқсанда сотқа жеткен. Сотталушылар – Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Құдайбергенов пен Қиясов кісі өлтірді деп айыпталса, Толыбаеваға қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылған.

Сот отырысы барысында оқиға туралы жаңа деректер анықталуда. Үш күдікті де кінәсін мойындамайды. Жәбірленуші тарап Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін алға тартады.

Денис Тен 25 жасында көлік ұрыларының қолынан ажал құшты. 2018 жылыдң 19 шілдесінде Денис Lexus көлігін Алматы орталығында тұраққа қойып, мейрамханаға кіреді. Шыққан кезде көлігінің айналарын ұрлап жатқан екі жігітті көріп, олармен қақтығысқа түскен. Ұрылардың бірі спортшының аяғына пышақ сұғып жібереді. Екі сағаттан соң Денис Тен көп қан жоғалту салдарынан ауруханада көз жұмды.
Просмотров материала: 1 864

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 430 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 248 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 221 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 165 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 147 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 115 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 630 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 778 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930