26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте тағы бір мектеп оқушысы зорланды

10 январь 2019, 10:13
Шымкентте тағы бір мектеп оқушысы зорланды


Қала іргесіндегі Тоғыс ауылында 9 жастағы қыз баланы белгісіз біреу күштеп, жыныстық қатынасқа түскен. 4-сынып оқушысы сол уақытта үйірмеден үйіне қайтып келе жатқан екен. Алайда, жол-жөнекей торуылдаған азғын оны ұстап алып, құрылысы бітпеген нысанға апарып, арам ойын жүзеге асырған. Тәртіп сақшылаымры күдіктіні қолға түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оқиға 5 қаңтар күні күндіз болған. Бет-жүзін көрсетпек түгілі, аты жөнін айтуды жөн көрмеген жергілікті тұрғын сұмдық жағдайды сол заматта естігенін айтады. Ал қолда бар деректерге сүйенсек, 9 жастағы қыз бала үйірмеден үйіне қайтып келе жатқан екен. Жол-жөнекей оны белгісіз ер адам күшпен алып кетіп, мектепке жақын тұрған құрылысы аяқталмаған нысанға апарып, арам ойын жүзеге асырыпты. Осындай фактінің болғанын қалалық білім басқармасы да растап отыр.

"Зорлау фактісі күндізгі сағат бала үйірмеден қайтқан кезде үйіне жетпей болған деп жатыр. Бітпей қалған ғимаратта болған дейді. Мұндай факті орын алған" – дейді қалалық білім басқармасының бас маманы Әшір Әдеев.

Басқармадағылар ата-аналарды каникул кезінде балалардың қауіпсіздігіне барынша қамтуға шақыруда. Үйірмеге жетектеп апарып, әкеліңіздер дейді. Зәбір көрген жеткіншек пен оның ата-анасына психологиялық көмек көрсетілуде екен. Алайда, осы оқиға қатысты қыздың туыстары мен ауылдастары тіс жарып ешкімге ештеме айтқылары келмеді. Ал оңтүстікте мұндай сұмдық оқиғаның жиілеп кеткені жұрттың жанына батып отыр.
«Жүрегім ауырмақ түгілі жылағым келеді, шығарым. Мен де немере өсіріп отырмын. Ұлым ұяға, қызым қияға қонды, Құдайға шүкір!. Қазір немере мені ойландырып жатқан нәрсе. Міне, немерелерім сондай бәлеге ұшырамаса екен, сондай пәлекет жасамаса екен, әдемі жақсы жүрсе екен деген ниет. Барлық қарияның ниеті осы. Ынтымақ, бірлік, татулық, достық» - дейді қала тұрғыны Байдулла Қонысбек.

«Қыз баланы зорлап кетіпті» деген әңгіме бір ғана Тоғыс ауылын емес, барша жұртты дүр сілкіндірді. Ал, тәртіп сақшылары болса, күдіктіні іздестіріп жатқанын айтады. Әзірге, нәтиже жоқ екен. Бірақ, жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағанына байланысты, ол туралы ашып айтпай, бәрін құпия ұстап отыр. Бір анығы, қылмыстық іс Шымкент қаласы Полиция департаменті мен Прокуратурасының бақылауында екен.

«Аталған жәйт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстың белгілері бойынша көрінеу жас баланы зорлау, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Қылмыспен ұстауға бағытталған жедел іс шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, болған мән-жайларды анықтау және кәмелетке толмағандарды заңмен қорғалатын құқықтарын сақтау үшін барлық қажетті шаралар қолданылды» - дейді қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Гүлжазира Қасымова.

"Тоғыс" қала іргесінде жатқан елді мекен. Тұрғын үйлер үлкен жолдың екі тұсын жағалай қоныстанған. Мектеп те осы жерде тұр. Жұрт жиі жүретініне қарамастан, қаскөйдің қалайша осы тұста жеткіншекке зәбір көрсеткені әзірге белгісіз.

Соңғы уақыт кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қарым-қатынастың құрбаны болу дерегі жиілемесе, азаяр емес. Мысалы, осыдан бірнеше күн бұрын 13 жастағы қыз баланың абыройын айрандай төккен азғын ұсталды. Қазір, тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер оның қылмысы толық дәлелденетін болса, ол қатаң жазаға тартылуы мүмкін. Ал, күні кеше азғынның құрбанына айналған мектеп оқушысы осы күні сабаққа қатысып жүр. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.


Просмотров материала: 1 409

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 352 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 173 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 144 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 088 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 072 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 087 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 605 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 753 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930