26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды

Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды
Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғандағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жанынан ашылған неонаталды хирургия орталығы өз жұмысын бастады. Нысанның ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпшілікті қуанышты оқиғамен құттықтаған Амандық Баталов мемлекет қолдауының арқасында облыста денсаулық сақтау саласын дамытуда, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда біршама жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етіп, неонаталдық орталықтың ашылуын соның бір айғағы деп атап өтті: - Мемлекеттің басты мерекесі Тәуелсіздік күніне орай маңызды нысанды іске қосып отырмыз. Облысқа жаңа туған сәбилерге, жалпы балаларға арнайы медициналық көмек көрсететін осындай орталық қажет болатын. Бүгін, міне, сол қуанышты күнге жетіп отырмыз. Неонаталды хирургиялық орталық қажетті заманауи құралдармен толық жабдықталған. Мұндай орталықтар еліміз бойынша санаулы ғана. Мамандар енді осы құрал-жабдықтарды балалар еміне тиімді пайдаланады деп сенеміз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына орай денсаулық сақтау саласын цифрландыруды қолға алдық. Бұл ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тиімді тетік болып отыр. Осы саладағы көптеген жобалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылуда. Олардың қатарында облыстың аудан, қалаларындағы дәрігерлік амбулаториялар, емханалар да бар. Медицина ғылымының жетістіктері, жаңа құрал-жабдықтарды кәсібилікпен тиімді қолдану адам өмірін сақтауға және денсаулығын нығайтуға септеседі деп ойлаймын, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Сонымен қатар, келесі жылы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы күрделі жөндеуден өтетінін, аумағы абаттандырылатынын атап өтті. Жас маман, жаңа неонаталды хирургия орталығының реаниматолог дәрігері Әлиақпар Бекұлы құттықтау тілегінен кейін өзінің дәрігерлік тәжірибесімен бөлісті: - Менің тәжірибемде жаңа туған сәбиге күрделі операция жасау үшін Алматы, Астана қалаларына тасымалдау жағдайлары жиі кездесетін, бұл, әрине, үлкен қауіп болатын. Ондай кезде әрбір сағат емес, тіпті минуттың өзі қымбатқа түседі. Сондықтан мұндай орталықтың Талдықорғанда ашылуы - шынында да біз үшін үлкен оқиға. Біз, дәрігерлер, өз тарапымыздан сәбилердің денсаулығы мен өмірін сақтауға және нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, - деді.

Неонаталды хирургия орталығы 60 төсекке шақталған, 20 палатасы бар. Реанимациялық бөлімде 9 төсек қойылған. Орталық жаңа озық үлгідегі құралдармен жабдықталған. Атап айтқанда, лапароскопиялық баған, бейнеколоноскоп, фиброгастроскоп, бронхоскоп, наркоздық аппараттар, ИВЛ, жаңа туған нәрестеге арналған «Жираф» реанимациялық үстелі, фототерапия аппараттары, кювездер, реанимациялық төсектер бар. Қазір орталықта 5 бала ем алып жатыр. Жобаның құны - 896,2 млн теңге.

Жаңа неонаталды орталықтың міндеті - жаңа туған сәбилерге және балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру. Жалпы Алматы облысында медицина мамандарының біліктілігін арттыруға, оларды қайта даярлауға көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатқа 2018 жылы жергілікті бюджеттен 201,5 млн теңге бөлінген. Соның нәтижесінде өңірдің медицина қызметкерлері шетелдің озық клиникаларында тәжірибе алмасуға, белгілі клиникалардың жоғары білікті мамандарынан дәріс тыңдауға мүмкіндік алды. Мәселен, 2018 жылы 344 маман Литва, Польша, Оңтүстік Корея, Түркия кадрларынан дәріс алды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
Просмотров материала: 2 413

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 313 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 134 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 105 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 047 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 031 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 738 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 075 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 594 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 942 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930