13 апреля 2021 г.

Мы в соц сетях:



Сенат депутаты: кімнің қолында ақша бар, сотта сол жеңеді

13 декабрь 2018, 14:19
Сенат депутаты: кімнің қолында ақша бар, сотта сол жеңеді
Сенат депутаты Талғат Мұсабаев мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен соттағы жемқорлық мәселесін шешуді сұрады. Сенатор әділетсіз қоғамда халыққа өмір сүру қиын екенін атап өтті

Сенатор 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кездесуде соттарда сыбайлас жемқорлықтың дендеуіне алаңдады.

"Маған сотта әділдік таппаған азаматтар көп келеді. Олар "қазір кімнің қолында ақша бар, барлық сотты сол жеңіп алады" деп айтады. Қазір сотта жеңу үшін сол адамнан 100 мың доллар сұрайды. Ал ол мұндай ақшаны қайдан алсын?", — деді Мұсабаев.

Депутат әділетсіз қоғамда халыққа өмір сүру қиын екенін атап өтті.

"Сотқа жүгінген адамның қолында барлық айғақ – құжаты, видеосы болып тұрса да, жеңіліп қалады. Әділдік таппайды. Өйткені қалтасында ақшасы жоқ. Меніңше, агенттік (мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – Sputnik) осы мәселемен айналысуы керек", — деді ол.

Мұсабаев шағымның дені Алматы қаласынан түсетінін айтты.

"Әсіресе, бұл Алматыда қатты белең алған. Сондықтан агенттік осыған баса назар аударуы тиіс. Қалғанының бәрі оңай, ең қиыны осы болып тұр. Егер сіздер осы мәселені шешсеңіздер, халық сіздерге алғысын айтады", — деді депутат.

Ал мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов сенатордың сөзімен толық келісті.

"Өкінішке қарай, соттарда жемқорлық бар. Біз жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрине, қиыншылықтар да кездеседі. Бізге де сот шешімімен келіспеймін деп келетіндер көп. Бірақ Конституциямен бекітілген тәртіп бар: бірде-бір мемлекеттік орган сот шешіміне баға бере алмайды. Яғни, оның қаншалықты әділетті, заңды немесе заңсыз екеніне. Тәртіп бойынша жоғарғы сотқа, бас прокуратураға шағымдануға болады", — деді ол.

Бектенов сыбайлас жемқорлықты екі жақты қозғалысы бар көшеге теңеді.

"Кейде адамдар шарасыздықтан пара беріп жататыны рас. Бірақ, өкінішке қарай, парамен мәселені шешу оңай деп ойлайтындар да бар. Олар заңмен жеңе алмайтынын біледі де, пара береді. Бұл жағдайда ол да сондай қылмыскер", — дейді Бектенов.



Дереккөзі: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 1 137

Поделиться материалом


19:00 Жаз бойы гүлдейтін көпжылдық өсімдіктердің 10 түрі... 89 Просмотров

18:00 Казахстанцы жалуются на слив личных данных... 53 Просмотров

17:51 Мәдениет министрлігінде екі жаңа комитет құрылады... 71 Просмотров

17:48 Нужны ли ПЦР-справки на внутренние авиарейсы... 77 Просмотров

17:39 Ішкі әуе рейстеріндегі жолаушылардан да ПТР-тесттің... 93 Просмотров

17:37 В шести областях Казахстана объявлено штормовое... 71 Просмотров

17:21 Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге қанша қаражат қажет?... 81 Просмотров

17:20 Двух чиновников уволили из-за двойного гражданства... 63 Просмотров

16:59 Тоқаев діндарларды шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды... 90 Просмотров

16:51 Көшеде жас жігіт өліп жатыр. Алматы полициясы түсінік берді... 184 Просмотров

16:45 А.Мамин доложил К.Токаеву о эпидситуации в стране... 83 Просмотров

16:37 "Айтайық жарапазан елімізге!" эстафетасы басталды... 100 Просмотров

16:35 Қызықты тарихи фактілер топтамасы... 84 Просмотров

16:28 Қазақстан бойынша 14 сәуірге арналған ауа райы болжамы... 156 Просмотров

16:12 17,6 млрд тенге планируют потратить на выборы сельских... 86 Просмотров

16:10 Әлиханға шүйліккен директор Кульбаеваға ескерту жасалды... 557 Просмотров

16:00 Өз депутатыңды таны: Адамбаев Сырым... 97 Просмотров

15:54 15 лет колонии дали жителю Костанайской области за убийство... 88 Просмотров

15:49 Алматыда интернет ұстамайтын 218 соқыр аймақ табылды... 96 Просмотров

15:35 Ограбление на 45 млн тенге в Уральске: подсудимым вынесли... 97 Просмотров

15:28 Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?... 149 Просмотров

15:21 Пастухов подозревают в мошенничестве на 174 миллиона тенге... 84 Просмотров

15:19 Шенеуніктер қандай сыйлықтар үшін жауапкершілікке тартылады?... 105 Просмотров

15:11 «Асоциальная сеть» — история о темной стороне всемирной... 93 Просмотров

14:51 Қазақстандық мұнайшылардың 90%-ы вакцинадан бас тартты... 117 Просмотров

14:37 2021 жылы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады... 188 Просмотров

14:20 Қарағанды маңындағы су қоймасында балық қырылып жатыр... 104 Просмотров

14:06 Жемқорлықпен күреспейтін басшыларды жауапқа тарту қажет –... 100 Просмотров

13:55 Мощный взрыв прогремел в Актау... 84 Просмотров

13:38 Студентов задержали за торговлю наркотиками в Алматы... 101 Просмотров

13:25 Водитель протащил полицейского на авто в Туркестанской... 83 Просмотров

13:12 Назван средний размер пенсии в Казахстане... 116 Просмотров

12:59 Алматинку приговорили к 5 годам за ДТП со смертельным... 90 Просмотров

12:56 Алматыда жедел жәрдем қызметіндегі тексеріс: істің мән-жайы... 96 Просмотров

12:46 Выпускники должны отработать грант: что будет, если... 106 Просмотров

12:34 Фанаты ФК "Атырау" требуют отставки руководства клуба... 89 Просмотров

12:32 "Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров... 175 Просмотров

12:19 Вузы в соцсетях: Алматинские медики – абсолютные лидеры... 885 Просмотров

12:15 Качество дорог в Акмолинской области проверяет... 130 Просмотров

12:10 Алматыда 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды... 99 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930