29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үш жары бар қария мемлекеттің көп әйел алуға ресми түрде рұқсат беруін тілейді

11 декабрь 2018, 16:54
Түркістан облысының Жетісай ауданында тұратын Сапаралы Серікбаев үш әйелінен он ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Қарияның тоқал мен нақсүйер алуына бәйбішесі мен балалары қандай көзқараста болды? Үш шаңырақты тату-тәтті ұстап отырудың сыры неде? Балалардың тәрбиесі кімнің мойнында? 72 жастағы қария Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында жан сырын ақтарды.

Серікбаевтар әулеті үшін көп әйел алу жат емес. Себебі Сапаралы ақсақалдың әкесі де кезінде үш әйел алған екен. Одан 20 ұл-қыз тараған. Біздің кейіпкеріміз бәйбішенің ұлы. Әкесінің кіші әйелдерін "анашым" деп атаған.

"Әлі есімде менің анам әкемнің екіншісіне сіңлісіндей құрмет көрсетті. Бір-біріне сыйы ерекше болды. Үшіншісімен де қарым-қатынасы жақсы болды. Үш әйел де тату болған соң балалар да бауырмал болып өсті. Мынау бәйбішенің не тоқалдың баласы деп бөле-жармаймыз бір-бірімізді. Негізі марқұм әкем" биең көбейсе, құлын да көбеймек, не істесең де адал бол. Арам жолға түспе. Некелеп ал. Ешқашан сүрінбейсің. Некеде дүниеге келген баланың да жүзі жарқын, тәрбиелі болады" деп үнемі ақылын айтып отыратын" деп әңгімесін бастады ақсақал.

Айтуынша, әкесі "қыз баласының көз жасына қалма" деп құлағына құйып өткен. Бірақ бірнеше әйел ал деп ешқашан үгіттемепті.

"Өз қалауыммен некесін қиып алдым кейінгілерімді", — дейді түркістандық қария.

Тоқалымен некесін бәйбішенің көзінше қидырған
Сапаралы Серікбаев аудандағы мәдениет үйінде қызмет етіп жүріп екінші рет үйленуге шешім қабылдайды. Шешімін бәйбішесіне келіп айтады.

"Кеңес үкіметі заманы. Көп әйел алу деген қатты бақылауда болды. Екіншімді үйге алып келіп, түн ішінде ауылдың имамын шақырып, некемізді қара шаңырақта қидырдық. Ол үйде бәйбішеммен бірге тұрғанмын. Өзімнің туыстарым мен қайын ағаларымды шақырып, батасын алдым. Алғашында оның ағалары қарсы болғанымен, бәйбішем өзі рұқсатын бергенін айтты",-деді ақсақал.

Бәйбіше мен тоқал бір ауылда екі бөлек шаңырақтың астында тұрған. Қандай да жиын болса, отағасы екі әйелін жанынан тастамаған. Ол заманда екі әйелі бар деп билік тарапынан талай арыз да түскен екен.

Сапаралы Серікбаев 50 жасқа толып, дүркіретіп той өткізеді. Бұл қуанышты бәйбіше мен тоқал той иесі ретінде бірге атқарыпты.

Арада жылдар өтіп бәйбіше өмірден озады. Бұл кезде отағасы тоқалмен бірге тұратын. Кейінірек аяқ-қолы мазасын алып, емшіге барады. Ең қызығы, оны екінші әйелінің өзі ертіп апарыпты. Арада сезім оты тұтанып, Сапаралы Серікбаев сырқатын емдеп берген келіншекпен шаңырақ көтереді. Ол қазір Ордабасы ауданында. Бірақ, балалары үлкен шаңыраққа жиі келіп тұрады.

Қария үш әйелінен 10 ұл-қыз сүйді. Бүгінде 15 немере мен 10 шөберенің қызығын көріп жүр. Ерекше атап өтерлігі, үш шаңырақтан тараған балалар бір-бірімен араласады. Тіпті тоқалдың ұлы сабақтан келерде бірінші кезекте бәйбішеге барып, сәлем беретін болған екен. Бәйбішенің үлкен ұлдары екінші әйелді "анашым" десе, кейінгілері "жеңге" деп атайды. Қысқасы, бұл әулетте қандай да жиын өтсе, үш шаңырақтың перзенттері бас қосады.

"- Мен негізі өнер адамдарын қатты құрметтеймін. Отағасы өнер адамы ғой, ән айтып, баян тартқан сәтте бір көргеннен көзге түсті. Отыз жасымда тұрмысқа шықтым. Ал бәйбішені оған дейін танитынмын. Араласып тұрдық. Ол кісінің өзі рұқсат берді. Біз шаңырақ көтермей тұрып та үлкен үйге (бәйбіше мен Сапаралы ақсақал тұрған қара шаңырақ) барып тұрдым. Шүкір, арамыз жаман болмады. Иә, кейде отбасы болған ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бірақ ондай кезде әйел адам иіле салуы керек"- деген қарияның кіші жары Гүлжамила апа жолдасы төртінші рет үйленемін десе, қарсы емеспін деп қалжыңдап жауап қатты.

Бұл сұраққа қарияның өзі былай деді:

"Немере, шөберелермен жарысып үйленіпті демесе, негізі ойда бар (күліп). Немерелерім үйленерде сендермен бірге күйеу жігіт болып барайын" деп әзілдеймін".

Мемлекет көп әйел алуға рұқсат етуі тиіс

Түркістан тұрғыны елімізде көп әйел алуға заң тұрғысында рұқсат берілмеуін бұрыс деп есептейді.

"Негізі бұл мәселені айқайлап тұрып айту керек. Егер шектеу қойса, халық саны қайтіп көбеймек? Кеңес үкіметі заманында бақылау қатты болмағанда төртінші, бесінші әйел алар ма едім?.. Арыз түсе берген соң қайтіп аламын? Көп әйел алсаң, артыңда ұрпағың көп қалады. Көпбалалы отбасында тәрбие көрген бала бауырмал болып өседі. Мәселен, мен өзім сондай отбасында өстім. Қазір бір жиын болса, бәріміз жұмыла кетеміз. Бастысы, тәрбие дұрыс берілуі керек және бәйбішеден бастап кейінгілердің де рұқсаты қажет. Жағдайы, денсаулығы жарап тұрса, ер азамат неге көп әйел алмасқа?",-деді ол.

"Мен ешқашан үш әйелім бар" деп көпшілік орында мақтанған емеспін. Сұраса, жасырмаймын" деп сөзін жалғаған қария жастарға өз ақылын да бере кетуді жөн санады.

"Еркек – әйелдің пірі" деген кереметтей сөз бар. Отбасында еркектің дегені болуы тиіс. Мен онымен еркек оңды-солды жүруі керек дегенді меңзеп тұрғаным жоқ. Тағы да қайталап айтамын, не істесең де адалынан жасағаның дұрыс. Әйел үйден шығарда мейлі дүкен не базар болсын, еріне ескертуі керек. Бұл – құрмет. Әйтпесе үйде ұрыс шығуы мүмкін. Ал отағасы жарына айтарын сөзбен түсіндіру керек. "Сөз сүйектен өтеді" деген бар емес пе?" деген Сапаралы Сапарбеков бүгінде елімізде ажырасудың көбейіп кетуінің негізгі себебін де жеткізді.

"Қол көтерген соң ажырасып кетіпті дейтіндер бар. Бәлкім оның да себебі бар шығар. Ішімдік мәселесін тыю қажет. Жүз грамм ішіп, оның соңы тағы жүз, екі жүз грамға жалғасады. Содан арада жанжал болады. Дегенмен менің түсінігімше көп жағдайда пәктік мәселесі кесірін тигізеді. "Сүйем, күйем" деп бүгін қосылып, ертең күндердің күнінде "Маған дейін кіммен болды? Қайда жүрді?" деген әңгіме міндетті түрде қозғалады. Сондықтан пәктік мәселесін, абыройын сақтау қажеттігін жас қыздардың құлағына бала күнінен құю керек. Бұл – үлкен проблема",-деді ол.


Дереккөзі: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 2 388

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 618 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 457 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 443 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 380 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 336 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 639 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 295 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 449 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031