13 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте бала өлімі: Өгей әкесі 5 жасар сәбиді азанды дұрыс оқымағаны үшін ұрған

11 декабрь 2018, 9:43
Шымкентте бала өлімі: Өгей әкесі 5 жасар сәбиді азанды дұрыс оқымағаны үшін ұрған
Шымкентте бес жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ауыр халде ауруханаға түскен бүлдіршінді дәрігерлер өлімнен арашалап қала алмады. Өйткені оның бауыры езіліп, ішкі ағзасы қанға толып кеткен. Осы жағдайға байланысты, тәртіп сақшылары баланың өгей әкесін қамауға алды.

Алдын ала болжам бойынша, 22 жастағы жігіт кішкентай бүлдіршінді оңбай соққыға жыққан көрінеді. Бесіктен белі шықпай жатып, әкесінен осыншама таяқ жейтіндей балғын не істеп қойыпты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қайтыс болған 5 жасар балақайдың қазір үйінде үш бауыры мен анасы және әжесі бар. Олардың барлығы қайғыдан қан жұтып отыр. Бірақ, оқиғаның қалай орын алғанын бізге тіс жарып ештеме айтпады, тіпті, сұхбат беруден де бас тартты.

Оқыс оқиға кешқұрым уақытта болған. Дінге бет бұрған 22 жастағы жігіт 5 жасар өгей ұлына құптан намазы кезінде азан шақыртыпты. Исламның амал шарттары түгілі, әлі ақылы толыса қоймаған балғын әкенің “тапсырмасын” ойдағыдай орындамаса керек. Сөйтіп, тепкінің астында қалған. Соққының ауыр болғаны соншалықты, бүлдіршіннің бауыры мен көкбауыры езіліп кетіпті.

«Келген кездегі жағдайы өте ауыр, жүрек соғысы анықталмады. Қан қысымы анықталмады, жүрек соғысын байқап көрген кезде әлсіз, қан қысымы жоқ. Есін білмейді. Алған жарақаттың және қан кетудің салдарынан науқас ота аяқталмай қайтыс болды» – дейді облыстық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жанболат Ділдәбеков.

Осы жағдай бойынша, баланың өгей әкесі ұсталды. Ол қазір, уақытша ұстау абақтысында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қазіргі таңда, аталған жәйт бойынша, ҚР ҚК 106 бабының 3-ші тармағы бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екенін көрінеу белгі адамға қатысты сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде» – дейді Шымкент полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.

Әзірге белгілі болғаны, күдікті Атырау облысының тумасы екен. Жасы- 22-де. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент медресесіне оқуға түсіп, бір жыл тәлім алған. Медресенің жатақханасында бір жылдай тұрыпты. Алайда, осы жылдың жазында төрт баласы бар жергілікті келіншекпен көңіл жарыстырып, соның шаңырағына кіріп алған.

«2017-2018 оқу жылының қыркүйек айларынан бастап сабаққа келуі өте нашарлады. Біраз баяулады, себебі, отбасылы болғанын білетін шығарсыздар. Жаз айында бір келіншекпен үйленіп, содан бері сабаққа келуі біраз саябырсыды» – дейді Шымкент медресе колледжі директорының орынбасары Бейбіт Өтебаев.

Қайтыс болған бүлдіршін әлгі әйелдің ең кенжесі екен. Ал, үлкені 8-ші сыныпта оқиды. Ұстаздардың сөзінше, күдікке ілінген шәкірті қой аузынан шөп алмайтын момын жігіт көрінеді. Бірақ, соңғы уақытта сабаққа қатысуын доғарыпты.
Просмотров материала: 2 707

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 114 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 616 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 206 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 258 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 558 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 463 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 597 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 827 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 986 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 136 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 761 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 053 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 298 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 429 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 155 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 823 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 088 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 057 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 126 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 489 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 870 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 838 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 210 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031