29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Алаш туы астында» атты деректі фильм көрерменге жол тартты

21 ноябрь 2018, 14:00
Астанада «Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ел» продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін «Алаш туы астында» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

«Алаш туы астында» атты деректі фильм көрерменге жол тартты


Фильмнің тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келіп қатысты және салтанатты рәсімін басқарды.

– Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.

Осы орайда, Алаш азаматтарының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбегінің бағасы өлшеусіз екенін баса айтқым келеді.

«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» – деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтай бүгінде Алаш ізбасарлары баршылық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алаш арыстары ұстанған ұлттық идеяны бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда ұштастырып, көреген саясатты ұстанып келеді, – деп кеңінен тоқталды министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, құрметті қонақтар қатарында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев болды.

– Шын мәнісінде ерекше оқиға болып отыр. Алаш азаматтарына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтіп жатыр. Осыдан жүз жыл бұрын Алаш азаматтары өздерін құрбандыққа шалып, аянбай еңбек еткен. Соны бүгін біз ұмытпай, ұлықтап отырмыз. Көпшілікке белгісіз парақтарды ашпақпыз. Фильмді түсірген топқа алғыс білдіре отырып, осындай фильмді өндіріске жібергені үшін Мәдениет және спорт министрлігіне және министр Арыстанбек Мұхамедиұлына көп рахмет айтамын, – деді Азат Перуашев.

Фильмнің тұсаукесеріне «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса да құрметті қонақ ретін­де шақырылып, туындыға қатысты өзінің жылы лебізін білдірді.

– Өз атымнан фильмнің жарыққа шығуына ықпалдастық еткен Мәдениет және спорт министрлігін басқарып отырған Арыстанбек Мұхамедиұлына, «Қазақфильм» киностудиясына, «Ел» продюсерлік орталығына және Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне алғысымды айтқым келеді. Бұл фильм Алаш орданың жүз жылдығына арналғандықтан, осы бір ғасырдан кейінгі тарихты қорыту, салмақтау, Алаш қайраткерлері қазақ халқына қандай ұран қалдырды тағы бір ой елегінен өткізу, –деді сценарий авторы Болат Мүрсәлім.

Айта кетсек, «Алаш туы астында» фильмі үш бөлімнен тұрады. «Оян, қазақ!» атты алғашқы бөлімде Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңі, жәдидтік ағым мен батыс мәдениетінің ықпалы, қазақ баспасөзінің бастаулары, Дума жұмысына араласу, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас мәселелерінің түйткілді тұстары айтылады.

Екінші бөлім «Жарияланбаған автономия» деп аталады. Бұл бөлімде 1917-1920 жылдардағы Алашорда үкіметінің қызметі тереңінен қамтылған. Алаш қайраткерлері неге тәуелсіздікті емес, неге автономияны таңдады? Алаш әскері қалай жасақталды? Алаш автономиясы жарияланды ма, жоқ па? Ә.Бөкейхан мен М.Шоқай Уфадағы Мемлекеттік мәжілісте ұлт-азаттық күрес мүддесін қалай қорғады? Екінші бөлім осы сипаттағы сауалдарға жауап іздейді.

«Қатерлі өткел» деп аталатын үшінші бөлім – 1920 жылғы қазақ шекарасын анықтаумен басталатын Алаш қайраткерлерінің Кеңестік дәуірдегі күресіне арналған. Бұл бөлімде Голо­щекин­нің қырғыны, Сталиндік репрессия жылдарындағы Алаш тағдыры нақты деректермен көрсетіледі.


Просмотров материала: 1 961

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 633 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 471 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 457 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 396 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 351 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 643 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 453 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031