20 февраля 2020 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстандық қыз БАӘ-де секс-құлдықта болған – 18 жастағы бойжеткеннің аянышты тағдыры

20 ноябрь 2018, 10:08
Қазақстандық қыз БАӘ-де секс-құлдықта болған – 18 жастағы бойжеткеннің аянышты тағдыры


Қазақстандық қыз Біріккен Араб Әмірліктерінде секс-құлдыққа тап болған, бірақ жолы болып, отанына оралуға мүмкіндік алады. 18 жастағы Ақботаның басынан өткен жайтты "НеМолчи.kz" қозғалысы сайтында оның көшбасшысы Дина Ысмайылова айтып берді.

Жазба авторы айтқандай, жұрттың назарына ұшырамас үшін оқиға кейіпкерінің есімін өзгертіп алыпты.

Ақбота атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Ата-анасы ажырасқан, анасы "әкеңе тартқансың" деп үнемі қызының жер-жебіріне жететін көрінеді.

"Ол атасын жанынан артық жақсы көретін. Ол кісі өте мықты ұстаз болған. Тіпті қазір есіне түсірген сайын көзіне жас алады, өйткені көзінің қарашығындай мәпелеп өсірген жалғыз арқа сүйері болатын. Атасы 16 жасында қайтыс болған екен", — дейді Ысмайылова.

Автордың сөзіне сүйенсек, атасының қазасынан кейін Ақбота анасының қолында тұрады, бірақ екеуінің қарым-қатынасы түзеле қоймайды. Бойжеткен отбасынан көрмеген махаббатты басқа жақтан іздей бастайды. Өз күнін өзі көру үшін даяшы болып қызметке тұрған. Бір жолы анасымен ренжісіп, құрбысының үйіне қонуға барады, сол түні Ақботаны зорлапты. Тағы бір кикілжіңнен соң Біріккен Араб Әмірліктерінде үй тазалаушы болып жұмысқа тұрғызуға уәде берген таныс әйелдің көмегіне жүгінген.

Қыздың әбден "басын айналдырады": шетелге кетпей тұрып, арам іске қатысы бар басқа бір әйелдің қолында тұрады. Ол Ақботаның асты-үстіне түсіп, күтіп, БАӘ-де керемет өмір сүретініне уәде береді.

"Ақыры кететін күн де келеді: әуежайда көлік пен микроавтобус күтіп тұрады, алдағы өмірінен зор үміт күткен жап-жас қыздар да болған! Қыздар мінген автобус бірден ұшаққа бет алады. Олар бұған одан сайын мәз болып, паспорттық бақылаудан өтпегенін қаперіне де алмаған. Бәрі ойдағыдай болып көрінеді", — деп Дина Ысмайлова кейіпкердің тағдырын әрі қарай баяндай.

Ақбота алданғаны туралы шетелдегі қонақүйде бір-ақ біледі.

"Қонақүйге әкеліп, құжаттарын тартып алып, кезекке тұрғызғанда, іші бір жамандықты сезген. Наразылығын білдіргенде, аяусыз соққыға жығылады. Алғашқы күннен қатты ұрып-соққаны сонша, екі күн бойы қан жөтеліп, үсті-басы көк ала қойдай болып жүрген. Оларды терезесі жоқ жеке бөлмелерге қамап қойып, клиент келгенде ғана есікті кілтпен ашады… Бұл азап жеті айға созылған, лас жатын орын мен клиенттер әлі күнге дейін есінен кетпейді, әлі күнге дейін адамдарға сенуді қайта үйреніп, анасын кешіре алған жоқ, әлі күнге дейін басқа бір ер адаммен бақытты болып, өзін арам сезінбейтін күнге жететініне сенбейді", — дейді Ысмайылова.

Ақбота үйіне қашып келеді, бірақ көп ұзамай аяғы ауыр екені анықталған. Онымен қоймай, венерологиялық ауру жұқтырыпты. Қыз сәбиін дүниеге әкеліп, бар өмірін соған арнағысы келеді.

Ысмайлованың айтуынша, қазір Ақбота сәбиімен бірге халықаралық құқық қорғау ұйымының бағдарламасы бойынша алыс шетелге кетіп қалған.
Просмотров материала: 1 116

Поделиться материалом


08:34 Курс валют на 20 февраля... 9 Просмотров

21:13 Мы не могли допустить повторения кордайских событий в... 202 Просмотров

21:01 Обращение к депутатам: Ауыл не должен быть хуже, чем город!... 242 Просмотров

20:43 Экс-полицейский осужден за многократное изнасилование... 213 Просмотров

20:37 "Долг государства относительно небольшой, все остальное -... 248 Просмотров

20:10 Баталов - замакиму Талдыкоргана: Мне не нужен демагог.... 374 Просмотров

17:56 Қазақстанды қант өнімімен қамтамасыз етеміз – Сапарбаев... 152 Просмотров

17:52 “Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын” қазақы ұстанымымыз қайда... 237 Просмотров

17:35 АӘК тағайындауға өтініш беруге өзгеріс енгізілді... 369 Просмотров

17:16 Bek Air әуекомпаниясының қызметкерлері президентке үндеу... 202 Просмотров

17:01 Смертельный наезд у Mega: виновнице заменили условный срок... 185 Просмотров

16:59 Бақауовтың денсаулығы нашар - сот... 260 Просмотров

16:38 Алматы облысында мал ұрлайтын 4 қылмыстық топ ұсталды... 178 Просмотров

16:37 Все, кто выигрывает сейчас, очень сильно проиграют потом, -... 193 Просмотров

16:24 Қазақстанда "ADAL KÓMEK" еріктілер жобасы іске қосылды... 195 Просмотров

16:02 За нарушение карантина по коронавирусу будут штрафовать в... 192 Просмотров

15:59 Алматы балабақшаларында 18 мың орын жетіспейді... 97 Просмотров

15:42 Президент Абаевқа масс-медианы қолдау жөнінде тапсырма берді... 133 Просмотров

15:25 "Демпартия" құрылтайы өтпейді. Бастамашыл топ "митингіге"... 117 Просмотров

15:06 Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді... 177 Просмотров

14:48 "Бәйтерек" басшылығы қанша жалақы алады?... 100 Просмотров

14:27 Жұмыс істеу керек: Нығматулин вице-министрді әбден састырып... 99 Просмотров

14:16 Сағынтаев: Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие... 110 Просмотров

14:04 Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді шаралар... 94 Просмотров

13:37 МВД: Около 90 дел возбуждено после беспорядков в Кордае... 135 Просмотров

13:21 Булата Бакауова выпустили под домашний арест... 127 Просмотров

12:57 Қордайдағы төбелестен кейін қамауға алындардың саны неге... 330 Просмотров

12:28 "Сол кезде түсіне жатар": Сағынтаев сиырға туған күн... 205 Просмотров

12:07 Сколько Казахстан может заработать на транзите товаров... 130 Просмотров

12:01 Балалар арасында суицидті болдырмау үшін жаңа жоба қолға... 110 Просмотров

11:42 4 АЕК жәрдемақы тағайындау ұсынылып отыр: депутат жағымды... 590 Просмотров

11:23 Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райына байланысты 31 рейс... 113 Просмотров

11:02 Республикалық маңызы бар 52 автожол учаскесі уақытша жабылды... 114 Просмотров

11:00 Школьница упала в колодец на лыжных соревнованиях в... 185 Просмотров

10:50 Қазақстанда үйленгендердің 40% ажырасады... 140 Просмотров

10:41 К.Токаев поручил обеспечить сельские школы доступом к... 162 Просмотров

10:39 «Қордай» бекетінен тұлғаларды, көлік және тауар өткізу... 125 Просмотров

10:27 Экс-главу комитета МСХ приговорили к 5 годам лишения свободы... 236 Просмотров

10:22 Байбек: Көпбалалы аналар мәслихатқа сайлануы керек... 126 Просмотров

10:09 Алматы соты «Сергекке» қарсы наразылыққа қатысқан белсенді... 142 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829