19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Халық білуі керек!»: Нығматулин сұраққа жауап бере алмаған министрге ашуланды

14 ноябрь 2018, 14:03
«Халық білуі керек!»: Нығматулин сұраққа жауап бере алмаған министрге ашуланды


Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттың сауалына нақты жауап бермеген ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға ашуланды. Оның сөзін бөліп, бірыңғай жиынтық төлем мен зейнетақыға қатысты кез келген сауалдың жауабы халық үшін маңызды екенін ескертті.

«Заң жобасына сәйкес, қалада бірыңғай жиынтық төлем мөлшері 1 АЕК, ал ауылдық жерлерде 0,5 АЕК құрайды. Әрине, ауылдың қамын ойлап отырғандықтан осылай белгілегендеріңізді түсінеміз. Алайда бұл кейін зейнетақы мөлшеріне айтарлықтай әсер етіп жүрмей ме? Екіншіден, ауылда тіркелсе де, қалада жұмыс істеп жүрген азаматтар бірыңғай жиынтық төлемді қанша көлемде төлейді? » — деп сұрады мәжілістің жалпы отырысында депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Мәдина Әбілқасымова АЕК мөлшерінің қанша теңге екеніне тоқталды. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК 2 525 теңгені құрайды. Сондай-ақ, ол АЕК мөлшері ауылдық жерлердегі азаматтардың табысын ескергендіктен осылай белгіленіп отырғанын түсіндіріп өтті.

«Қалада бірыңғай жиынтық төлемді фрилансер, такси жүргізушісі, үй шаруасында жұмыс істейтін немесе техниканы жөндеумен айналысатын азаматтар өз бетінше төлейді. Жеке кәсіпкер ретінде де тіркеліп төлеп жатады. Бұл нәрсе медициналық сақтандыру үшін де маңызды», — деді министр.

Министрдің сөзін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бөліп, депутат қойған сауалға нақты жауап беруін өтінді.

«Мәдина Ерасылқызы, депутат нақты, менің ойымша, өте өзекті сауал қойды. Мұны халық білуі керек. Ал сіз заң жобасының жалпы құрылымына кетіп қалып жатырсыз. Оны біледі екенсіз, көріп тұрмыз! Сұраққа жауап беріңізші. Бұл нәрсе ертеңгі күні қала мен ауыл тұрғындарының зейнетақысында айтарлықтай айырмашылық болады деген сөз бе? Егер азамат ауылда тіркелген болса және қалада жұмыс істесе, ол қай санатқа жатады? Қала ма? Ауыл ма? Сауал мен сіздің жауабыңыздың арасында айырмашылық көріп отырсыз ба? Біз сізден өтініп сұраймыз, нақты сұраққа нақты жауап беріңізші», — деп ашуланды мәжіліс төрағасы.

Еңбек министрінің айтуынша, азамат бірыңғай жиынтық төлемді қай жерге тіркелгеніне байланысты төлейді. Мысалы, қалада тұрып, ауылда тіркелген болса, ол бәрібір 0,5 АЕК мөлшерінде төлейді. Ал қай жерде тіркелгені ЖСН нөмірі бойынша анықталады.

«Зейнетақы мөлшері адамның өтіліне қарай анықталады. Яғни сомада айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кімнің қанша алатыны өзіне байланысты. Сондай-ақ, жеке салымдары болса, бұл зейнетақы мөлшерін белгілейтін кезде міндетті түрде ескеріледі», — деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұл жолы мәжіліс төрағасы министрдің жауабына қанағаттанып, бірден осылай жауап беруі керектігін ескертті.


Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 1 721

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 645 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 467 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 436 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 371 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 352 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 797 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 717 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 462 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 274 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 425 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930