24 октября 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Еліміздегі отбасылардың 50 пайызы ерлердің денсаулығына байланысты перзент сүйе алмайды

14 ноябрь 2018, 11:52
Еліміздегі отбасылардың 50 пайызы ерлердің денсаулығына байланысты перзент сүйе алмайды


Еліміздегі уролог мамандар тексерілуге келген азаматтардың бойынан түрлі инфекциялық аурулар табылғанын айтады. Стресс, депрессия, экология, ішімдік ер азаматтардың физиологиясын құртып, бала көтертуге қауқарсыз еткен, дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жасыратыны жоқ, еліміздегі ер азаматтардың басым бөлігін жыныстық проблемалар мазалайды екен. Бірақ намысшыл жігіттер ерте бастан дәрігерге қаралудың орнына, дертін жасырып келеді. Нәтижесінде ауруын мойындағысы келмегендер ұрпақ жалғастыруға қауқарсыз болады, дейді урологтар.

«Біздің орталықтың зерттеуі нәтижесіне сүйенсек, елімізде жас отбасылардың 15 пайызы бала сүю бақытынан айырылған. Оның 45-50 пайызы ер азаматтардың үлесінде. Яғни бұрын әйелдерден проблема болушы еді, қазір жігіттерден кінәрат табылуда. Ең сорақысы белсіздік жыл сайын белең алуда. Оны тоқтату тек азаматтардың өз қолында», – дейді Акадаемик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ Ғылыми-зерттеу істері бойынша басқарма төрағасының орынбасары Марат Батырбеков.

Соңғы бес жылда бұл дерттің көрсеткіші екі есеге артқан. Тіпті, әрбір бесінші жұп бала сүю бақтытынан айырылыпты. Одан қалса 25-30 жас аралығындағы келіншектердің 20 пайызының жатыры перзент көтеруге қауқарсыз болса, ер азаматтардың статистикасы тіпті жаға ұстатарлық.

«Егер жалпы есептейтін болсақ, дәрігерге тексерілуге келген пациенттердің арасында 50%-ы осы бедеулікке байланысты келеді. 20-19 жастан бастап 42 -44 жастағы дейін жетеді.Біздің қыз келіншектер жүріп қалады сөйтіп, 10 жыл 16 жыл жүріп қалатындар болады.Кейбір кісілердің дәрігерлерге қолы жетпей қалады, көбі үміттену мен көптеген уақытын созып алады», – дейді медицина ғылымдарының докторы, гинеколог-акушер Талшын Үкібасова.

Сол үмітпен жүргендердің бірі – Нұргүл есімді елорда тұрғыны. Келіншек 10 жылдан бері перзент сүйе алмай келеді. Ақыр соңы жолдасымен баланы асырап алуға бекінеді. Үйі шаттыққа толған отбасы, бұл шешіміне өкінбейді. Керісінше қыз бала көз қуанышымызға айналды дейді. Тек, асырап алған қызы аутизм дертіне шалдыққан. Десе де, қиындыққа мойымаған отбасы онымен бірге күресіп келеді.

«10 жылдан астам түрлі медициналық жағынан түрлі ем-шара қолдандық, емделдік. Сосын осы жағдайға қарап, ақылдасып біраз ойлар туындады, біраз бала асырап алуға шешім қабылдадық. Көзіміз тоймай жүрдік осы балаға. Ол Алланың тағдыры, оған ешкім кепіл бере алмайды. Бала болады ма жоқ па?» – дейді қала тұрғыны Нұргүл Балтабайқызы.

Еліміздегі 1 миллион азаматтың бала көтертуге қауқарсыз екені анықталған. Бұл ресми стастистика. Ал тіргелмегені қаншама. Урологтар, дәрігерге жүгінген азаматтардың бойынан белсіздіктің түрлі формасын тіркепті. Арасында ішімдік ішіп, темекі шегіп және ауыр жұмысқа жегілген азаматтар бар. Мәселен, көпбалалы ана Нұрхан Әуелбекова бұрындары «бедеу», «белсіз» ерлі-зайыпталар дегенді мүлдем естімененін айтады. Қазір, әрбір үшінші отбасы дәл осы проблемамен бетпе-бет келеді, дейді кейуана.

«Шында да көбейіп кетті ғой, біз тек әйел ғана деп ойлаушы едік. Ер адамнан да көптеп табылып жатыр. Кейде тағамнан ба деп ойлаймын», – дейді қала тұрғыны Нұрхан Әуелбекова.

Осылайша, урологтар ер азаматтардың қуаты кеміп, белсіздікке шалдығудың көрсеткіші артты деп дабыл қағуда. Себебі оны дер кезінде қолға алмаса, емі де соғұрлым қиындайды екен. Сондықтан да бала сүюді армандаған әрбір отбасы бұл мәселеге ертерек назар аударған абзал, дейді.
Просмотров материала: 802

Поделиться материалом


23:48 Можно порнофильм снимать – мама девушки, обвинившей... 142 Просмотров

23:41 Ерке Есмаханның бейнебаяны рекорд орнатты... 171 Просмотров

23:33 Прогноз погоды на 24 октября: на севере и востоке... 118 Просмотров

23:29 Считаю некорректным комментарий министра юстиции, - Б.Уали... 174 Просмотров

22:56 Касым-Жомарт Токаев встретился с Айман Умаровой... 103 Просмотров

19:06 Қазақ ыдыс-аяғының түрлері... 177 Просмотров

18:49 Пьяный начальник следственного изолятора избил 12 человек в... 183 Просмотров

17:57 Водителя автобуса уволили за чтение намаза в Алматы (ВИДЕО)... 194 Просмотров

17:38 Ержан Жиенбаев стал замруководителя АП... 185 Просмотров

17:34 "Когда оперные певцы поют на банкетах, это вызывает всегда... 193 Просмотров

17:33 Почему в Казахстане снизился урожай зерна – мнение эксперта... 149 Просмотров

17:14 Ұстаздардың жалақысын көтеруге 1,7 триллион теңге... 576 Просмотров

17:08 Серик Ахметов просит освободить его досрочно... 236 Просмотров

16:53 "Аллаху әкбар, ақша жоқ!": Нығматулин "ҚазАгро" ұлттық... 264 Просмотров

16:26 Ракишева Алия назначена советником президента... 200 Просмотров

16:26 «Қайыр қылсан, бүтін қыл» – деген АТАМ - ҚАЗАҚ. Ашық хат... 247 Просмотров

15:38 Сырдариядан Түркістанға дейін канал салынады – Шөкеев... 282 Просмотров

15:25 Указом Токаева упразднены пять военных судов... 180 Просмотров

15:14 Были те, кто специально рушили свои дома - У.Шукеев об... 206 Просмотров

15:09 Появилось видео встречи Назарбаева с Зеленским... 153 Просмотров

15:04 Митингующих с детьми будут наказывать в Казахстане... 182 Просмотров

15:00 В Мангистау зарегистрировано более 17 тысяч безработных... 152 Просмотров

13:54 Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа атақ берілді... 320 Просмотров

13:34 Объявить голодовку намерены кызылординские... 143 Просмотров

12:56 Lexus протаранил пять машин: пострадавшая в коме в... 159 Просмотров

12:46 Судья Ауэзовского районного суда Алматы лишен свободы... 152 Просмотров

12:05 Назарбаеву присвоили новое звание... 205 Просмотров

11:41 Темекі бағасы 11%-ға қымбаттаса да, оны тартатындар қатары... 169 Просмотров

11:11 Чем грозит "левый" телефонный номер... 221 Просмотров

10:42 200 теңгенің тиынға айналуы нені білдіреді – экономистер... 206 Просмотров

10:30 Казахстанские водители будут сдавать отпечатки пальцев... 218 Просмотров

10:18 Мужчина обстрелял инспекторов, защищая сына-браконьера в... 169 Просмотров

09:51 Казахстанцы потратили на онлайн-покупки 144,6 млрд тенге... 185 Просмотров

09:41 Курс валют на 23 октября... 149 Просмотров

09:36 Прогноз погоды на сегодня: казахстанцев ждут дождь и снег... 149 Просмотров

19:06 "Ситуация не просто трагичная для журналистов, она... 329 Просмотров

18:21 Президент помиловал главных фигурантов "Хоргосского дела"... 403 Просмотров

18:18 Избиение девушки-инвалида в отделении полиции Нур-Султана:... 363 Просмотров

17:21 Школьное задание о доходах родителей возмутило казахстанцев... 323 Просмотров

17:12 Адамның жасына байланысты қазақтың атаулары... 1 980 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031