29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кореядағы қазақтардың жанайқайы: отандастарымыз бөтен елдегі мүшкіл хәлін айтты

08 ноябрь 2018, 10:41
Кореядағы қазақтардың жанайқайы: отандастарымыз бөтен елдегі мүшкіл хәлін айтты


Оңтүстік Кореяда заңсыз мигранттар саны 330 мыңға жеткен. Визасыз режим енгізілген соң бұл тізімге қазақстандықтар да кіре бастады. Мысалы, 4 жыл бұрын Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар саны небәрі 350 адам болса, биыл тек тоғыз айда қазақстандық мигранттар саны 12 мыңға жеткен. Олар түрлі тағдырмен Қазақстанды Кореяға алмастырған отандастарымыз, деп жазады kaztrk.kz.

Қазақстаннан Кореяға келген әрбір рейстің ішінен кемінде он адам елге кіре алмай кері қайтады. Себебі, олар шекарашыларға не мақсатпен кімге және не үшін келгенін айтып түсіндіре алмайды. Жасыратыны жоқ, олардың көбісі бұл елге заңсыз жұмыс істеуге келген отандастарымыз.

Қазақстандық мигранттың бейнесі мынадай: Кореяда заңсыз жүргеніне 6 айдан 2 жылға дейін болған. Отбасын құрмаған, бойдақ.

Заңсыз жүрген 12 мың қазақстандықтың 50 пайызы 20-29-жаста. Қалған 36 пайызы 30 бен 39 жастағы қазақстандықтар. Олардың көбі Түркістан, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының және Шымкент пен Алматы қаласының тумалары. Әрқайсысында кем дегенде уақытылы төленбеген бір немесе бірнеше несиесі бар. Орта білімді. Тіл білмейді. Қара жұмысшы. Еңбек келісімшарты мен медсақтандыру мүлдем жоқ. Корей шекарасынан өту үшін түрлі қулыққа барған.

Шекара асқан қандастарымыздың бір тобы Сеул маңындағы құрылыстардың бірінде істейді екен. Кореяда заңсыз жүргеніне бір жылға жуықтаған. Барлығы Түркістан облысының тумалары. Мақсаттары ақша тауып, несиелерін жабу, елден жер алып, кішкентай болса да, үй салу. "Қазақстандықтар мұнда өте көп", — дейді. Олармен әлеуметтік желілер арқылы чат құрып, байланысып отырады.

"Басымда екі кредит бар. Сол екі кредитімді жауып, баспаналы болсам деген арманым бар. Мен мұнда досым арқылы келдім. Келмек ойда жүрген жігіттерге тәуекел етпеген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, мұнда келетін адам жоқ дегенде алты айдан бір жылға келсе ғана пайда табады. Келе салып, ақшаны күреп табамын деген ой болмасын", — дейді Ержан есімді отандасымыз.

Ержан әңгіме арасында "жігітпіз ғой, қиындыққа шыдармыз. Жаман жолға түсіп жатқан өзіміздің қыздар да бар" дегенді де айтып қалды. Жасыл дәліз режимі біткенше елге қайтпақ ойы бар.

Көшеден кездестіріп қалған тағы бір жерлесіміз Дастан. Алматының тумасы. Қазір жұмыс таппай қиналып жүр екен. Сол баяғы төленбеген несиесі бар. Кореядан көп табыс таба алмапты, тамақ пен тілден қиналған. Бірнеше ай жұмыссыз жатыпты.

"Қазір жасаған қадамым дұрыс па, бұрыс па деп ойланып жатырмын. Жасыл дәліздің бітуіне дейін ақша жинап, қайтуға тырысамын", — дейді ол.

Қазақстандық мигранттардың көпшілігі жұмыс орындарын көрсеткісі келмеді. Шымкенттік сыныптас екі жігіт те бәрін тастап, арман қуып келген. Біреуі жоғарғы білімді. Әскери шені де бар. Құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Алайда, арманы сағымға айналған. Жұмыс істеп жалақысын ала алмаған. Оны талап ететін келісімшарты жоқ, заң қуайын десе, тіл білмейді. Қазір шекарашылардан қашып, басқа қаладағы металл қабылдау бекетіне жұмысқа тұрыпты. Ауыр жұмыстан қажығандары көрініп-ақ тұр. Кореяға келу үшін де біраз шығынданған. Барып-қайту билеті мен қосымша ақша ала келген. Сол шығынды жапса, қайтпақ ойлары бар.

Корея билігінің көші-қон тәртібін күшейтуіне шетелден келгендер арасында қылмыстың көбеюі түрткі болған. Мысалы, қазақстандықтар қатарында да корей түрмелерінде отырғандар бар. Оның ішінде кісі өлтіру мен қыз зорлау фактілері де жоқ емес. Сондай-ақ, тіл білмейтін, заңсыз жүрген, қалтасында аз-кем ақшасы бар мигранттары алдап соғатын жеңіл жүрісті қыздар көбейген.

"2018 жылы 9 қылмыстық іс-әрекет тіркелген. 3 азаматқа қатысты іс қозғалуда. 4 азамат бойынша сот процесі өтті. Адамның өміріне қастандық жасағандар бар. Біздің азаматтардың да қыз зорлау фактілері кездесті", — дейді ҚР Корей Республикасындағы Елшілігінің консулдық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғабиден Темірбеков.

Ақша тауып, табысқа кенелеміз деп келіп, мүгедек болғандар, тіпті осында қаза тапқан қазақстандықтар да көп екен. Биыл 4 азаматтың денесі Қазақстанға жіберілген.

Ең сорақысы, кейінгі кезде қыздар арасында виза алу үшін жасанды неке рәсімдеу белең алған. Себебі, қазақстандық немесе өзбекстандық кәрістермен некеге тұрғандарға 5 жылдық жұмыс визасы беріледі. Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға заңсыз миграцияның құқықтық жауапкершілігі қатаң екенін ескертумен келеді.

Тек биыл 5000-нан астам қазақстандық шекарашылардың сұрақтарына жауап бере алмай, әуежайдан кері қайтқан. 700-ден астам адам елден күшпен депортацияланыпты. Бұған Кореяда қашып-пысып жүрген 12 мың қазақстандықты қосыңыз. Жағдай жаға ұстатарлық деуге негіз бар. Себебі, бұл салада бизнес бой көтере бастаған. "Кореяда жұмыс бар, ақшаның астында қаласың, шекарашыларды алдаудың алты әдісін айтамыз" дейтін "делдалдар" толып жүр.
Просмотров материала: 1 533

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 632 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 470 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 456 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 395 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 350 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 643 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 453 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031