24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Хэллоуин кешінде каскадер көз жұмды: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

05 ноябрь 2018, 15:15
Хэллоуин кешінде каскадер көз жұмды: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды


Танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожиннің қазасының мән-жайы белгілі болды. Nomad Stunts кәсіби каскадерлер тобының байланыс менеджері Евгения Ли әртіс-каскадердің алматылық "ТСБ" түнгі клубында Хэллоуин мерекесіне қатысқанын растап, қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Евгения Ли берген мәлімет бойынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге "ТСБ" барында шоу бағдарламаға қатысады. Сценарий бойынша ол арқанға асылған мумияның рөлін сомдаған.

Қасым бұл трюкті орындау үшін, арнайы каскадер жилетін киген екен. Сырттай қарағанда жай киім сияқты көрінетін жилетте адам денесінің төменгі бөлігін ұстап тұратын арнайы белдігі бар.

"Қасымды осы жилет арқылы байлап, іліп қойды. Көрермендер көрген арқан — костюмнің бір бөлігі, ол бос болатын. Қасым мойнындағы арқаннан босап шығуға тырысып жатқаны түсірілген кадрлар — шоу-бағдарламаның бір бөлігі", — деп атап өтті Ли.

Каскадерді үш метр биіктікке іліп қойған. Барда орнатылған іліп қою жүйесі қазақстандық, ресейлік, голливудтық фильмдерді түсіру кезінде талай рет пайдаланылған, дейді баспасөз хатшысы. Бұл жүйе биіктен құлағанда, мысалы, каскадер көпірден төмен секіргенде немесе жарылыс толқынынан ұшып кеткенде және ұшу иммитациясын келтіргенде қолданылады екен.

"Жилет пен оның әр бекіткіші 500 кг салмақты көтере алады. Қасымның салмағы — 75 кг", — деп атап өтті Евгения Ли.

Оның үстіне, қойылым алдында сынақ өткізіпті — Қасымды жоғары көтеріп, ол "бәрі дұрыс" деп жауап берген соң, қайта түсірген.

"Оның қасында тәжірибесі мол кәсіби каскадер болды. Мұндай трюк және іліп қою жүйесімен жұмысты каскадер ешқашан жалғыз өзі орындамайды. Оны қадағалап, керек кезде көмекке ұмтылатын әріптесі қасында болады. Бүкіл каскадерлердің ым-ишара тілі бар, қандай да бір жайсыздықты сезінгенде белгі беріп, трюкті тоқтатады. Қасым бәрі дұрыс екенін білдіріп, бірнеше рет белгі берген", — дейді Евгения Ли.

Қазасының себебі — инфаркт

15 минуттан соң қойылым аяқталып, Қасымды түсіреді. Ол есін жоғалтпаса да, бір түрлі әлсіреп тұрғандай көрінген.

"Әріптестері оны бірден таза ауаға алып шығып, жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсете бастайды. Дәрігерлер аман алып қалуға тырысқанымен, сәлден соң қаза болғанын хабарлады. Бүгін Қасымның туыстары сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алды. Онда әріптесіміздің өліміне миокард инфаркті себеп болғаны жазылған", — деп хабарлады Nomad Stunts өкілі.

Әріптестерінің айтуынша, Қасым Жұмағожин — өте тәжірибелі каскадер. Nomad Stunts тобы құрылғаннан бастап еңбек еткен. Одан бөлек, кәсіби цирк әртісі. Қасымның дайындығы өте жоғары деңгейде болатын, үздік отандық және голливудтық фильмдердің түсіріліміне қатысқан, деп атап өтті Nomad Stunts.

Жұмағожинді қашан жерлейді?

"Қасым Жұмағожиннің жерлеу рәсімі дүйсенбі 5 қарашада өтеді. Біз Қасымның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Досымыздан айырылып қалдық, болған оқиғаға әлі сене алмай отырмыз", — дейді Ли.

Қасым Жұмағожин 1984 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Спорттық гимнастикадан спорт шебері. Ижевскте өткен Халықаралық цикр өнері фестивалінде "Алтын аю" жүлдесін иеленген.

Жұмағожин 25 қазақстандық, ресейлік және шетелдік фильмге түсті: "Көшпенді", "Дневной дозор", "Рэкетир", "Неудержимые-2", "Балуан Шолақ", "Коловрат", "Викинг", "Жаужүрек мың бала" және тағы басқа.

Просмотров материала: 1 276

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 007 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 830 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 801 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 740 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 720 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 233 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 260 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 717 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 845 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 963 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 493 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 643 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930