23 августа 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



ОСТОРОЖНО! АЛАЯҚТАР!!!

31 октябрь 2018, 9:50
ОСТОРОЖНО! АЛАЯҚТАР!!!
Еуропадан тұрақты жұмыс тауып береміз. Жайлыөмір мен жоғары жалақыалуға 100 пайыз кепілдік. Ғаламтор арқылы осындай ұсыныс тастаған Жұмыспен қамту агенттігінің қызметіне жүгінгендер алаяқтарға тап болып, сан соғып қалдық деп отыр. Біздің редакцияға хабарласқан тұрғындардың айтуынша, аталған орталық «бәлен жерде алтын бар» деп құрғақ уәде беріп, елден әлі де ақша алып жатқан көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Визу я взял. Все хорошо. На работу устроились. У нас все хорошо».

«Бір топ адамды шетелге қаңғыртып, біздің атымыздан бәрі тамаша деп пікір қалдырыпты». Амангелді Тәкенов "жұмыспен қамту агенттігінің бұл ісіне айтар сөзім жоқ" дейді. Еуропаға бару үшін 1 миллион теңге ақша төлеп, төрт ай дегенде Польшаға ұшқан. Ол жаққа барғанда жұмыс тұрмақ, тұратын орын да жоқ болып шыққан. Далада қалған. Астанадағы кеңсеге хабарласса, жөнді жауап таппай, қайтар жолға қаражат табу үшін қара жұмыс істеуге мәжбүр болыпты.

«Берген ақшамыз өздерінде қалды. Қалтамыздан кеткен ақшаның бәрін шашып, былай қарасақ кредитке де баттық. Соған бола машинамды да саттым. Бәрі кетті бізде. Енді міне кредит төлей алмай жатырмын қазір. Проценті мол өсіп жатыр. Мына Амадес деген фирманың кесірі бізге тиіп жатыр» - дейді қала тұрғыны Амангелді Тәкенов.

«Польшада зауытта қызмете тесің. Израильге барсаң да болады. Немесе Чехияда үлкен қонақ үй салынып жатыр, сонда еңбек ет. Тіптен болмаса Германиядағы компанияға орналасасың». Келушілерге негізінен осындай ұсыныстар жасалады екен. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермейін дегендердің саны аз емес.

«Келсек мында оннан аса адам бар екен. Февральден бастап жүргендер бар екен. Үйлерін залогқа қойып ата-анасының. 4-5 жігітті көрдім Шымкенттен келген 4,5 миллион қарызға алып. Көкшетаудан 2-3 жігіт келді. Олар да ата-анасының үйін залогқа қойып кредит алған» - дейді қала тұрғыны Ықылас Оспанов.

Шетелге шығып жұмыссыз, жатар орынсыз қалғандардың оқиғасы бір бөлек. Кей азаматтар ақшасын төлесе де Қазақстаннан соларман болған жұмысқа жете алмай қалған. Ақшасын берген, бірақ әлі жолдама жоқ.

«Інім екеуіміз 1 миллион 440 мың теңге ақша бердік. Алдымен 500 мың бердік. Соңынан 1 миллионын бердік. Астымдағы машинаны сатып, кредитке кіріп сонымен енді жүрміз ақшаны ала алмай» - дейді қала тұрғыны Руслан Өтемісов.

Жұмыспен қамту агенттігінен зардап шектік деген азаматтар өз ара ақылдасу үшін әлеуметтік желіде ортақ чат ашқан. Түгендей келе олардың саны азды-көпті 20-ға жетіп отыр.

«Арыз жазғанда бұл кісі айтты ғой беремін, құтыламын деп сөз берген. Біз енді сол сөзіне сеніп қалдық. Ұрсыспай, қырылымай келісіп алайық деп. Сөйтіп келгенде енді басын ала қашып тұр. Ештеңе төлемеймін, осымен бітті деп. Әлі де адам қабылдап жатыр. Білмеймін не деген жүрек жұтқан адам екенін. Бір бірімізбен сөйлестірмейді» - дейді қала тұрғыны Амангелді Тәкенов.

Ғаламтор арқылы шетелде жұмыс ұсынған агенттікке бас сұқтық. Бір анығы Мая есімді азаматшаның айтуынша, өзі атқарып отырған қызметте сертификат атымен болмайды екен. Есесіне, жеке кәсіпкер деген куәлігі бар. «Мені алаяқ деп айтуларына негіз жоқ» дейді.

«Біздің қызмет жұмыспен қамту агенттігі деп аталады. Өзге елдердің осындай агенттіктерімен байланыс орнатамыз. Бәлкім шетелдік тараптағы мамандар өз міндеттерін толық атқармаған шығар. Біз тікелей жұмысберуші емеспіз. Келісім-шарт ұсынбаймыз. Тек делдалдық қызмет атқарамыз. Ол жаққа барғанда жұмыс ұнамаса да,ол үшін мен ақша төлеп қойғанмын» - дейді Жұмыспен қамту агенттігінің басшысы Майя.

«Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсаң, мыс та жоқ» дегеннің керісі. Мұны ұққан азаматтар енді кәсіпкердің айтқанына көніп, айдағанына жүрмейміз деп полицияға жаппай арыз жазып жатыр. Қолдарында құжаттары түгел. Енді Еуропаға жолдама ұсынған агенттіктегілер ақшаларын қайтарып, заң жүзінде әділ жазасын алса екен дейді.
Просмотров материала: 831

Поделиться материалом


18:22 Вынесено судебное решение по делу в отношении производителя... 260 Просмотров

18:01 21 тысяча тенге на ребенка: 70 тысячам семей пересматривают... 118 Просмотров

17:56 Воспитательница сняла на видео, как ее дочь побила малыша в... 125 Просмотров

17:52 Осложнения после обрезания: 10 мальчиков поступили за месяц... 134 Просмотров

17:45 Могут быть изменения, - Б.Сапарбаев о 5% пенсионных... 152 Просмотров

17:38 Депутаттар кімге 1 миллион теңгеден берілетінін анықтады... 126 Просмотров

17:18 Сотни домовладельцев уличены в самозахвате земель в... 113 Просмотров

16:58 Полковник погиб во время прыжка с вертолёта в Алматинской... 161 Просмотров

16:56 Токаев - Скляру: Не путайте понятия "инновации" и... 185 Просмотров

16:50 Мы не слишком жестки в отношении наказания за клевету -... 139 Просмотров

16:29 Жабық тақырып-7: Секс не үшін керек?... 263 Просмотров

16:18 Мужчина ударил сотрудника ЦОНа в Шымкенте за отказ... 164 Просмотров

16:16 Поиски пропавших альпинистов прекращены... 153 Просмотров

16:03 Отандық танымал әнші бейнебаянына гейлерді не себепті... 131 Просмотров

15:16 На сегодняшний день лёгкая промышленность у нас... 199 Просмотров

15:04 У беременной забрали машину из-за штрафов в 100 тысяч тенге... 135 Просмотров

14:50 Токаев открыл новую детскую поликлинику в Караганде... 141 Просмотров

14:36 500 лесных пожаров нанесли государству ущерб на сумму 220... 113 Просмотров

14:09 Судьи Казахстана предлагают ввести кастрацию насильников... 157 Просмотров

13:24 Полицейские в столице продавали информацию о смерти людей... 174 Просмотров

12:58 Апелляцию по УДО Джакишева перенесли в очередной раз... 138 Просмотров

12:30 Валихан Тен стал советником акима Алматы... 145 Просмотров

12:02 Изнасилование казахстанки в России: в соучастии... 200 Просмотров

11:42 Семьи из Павлодара не хотят жить в новых квартирах... 156 Просмотров

11:38 Оқушылар мектеп бітіргенде домбырада 10 күй ойнай алуы тиіс... 223 Просмотров

11:25 В МОН обратились к абитуриентам... 199 Просмотров

11:17 Газопровод «Сарыарка» достигнет столицы в октябре... 196 Просмотров

10:38 Апелляцию по УДО Джакишева перенесли в очередной раз... 188 Просмотров

10:35 К.Токаев прибыл в Карагандинскую область для участия в... 228 Просмотров

10:30 За ДТП по вине пьяного полицейского наказали руководителей... 184 Просмотров

10:26 Қарағанды әкімдігі жетім қыздан үйін тартып алмақ... 166 Просмотров

10:14 Мошенница из Алматы выманила у жителей 50 млн тенге... 183 Просмотров

10:11 Дело Виктории Шарбону: суд не разрешил американке получить... 343 Просмотров

10:01 Около 30 тысяч пар развелись с начала года в Казахстане... 165 Просмотров

09:43 На большей части территории Казахстана будет без осадков... 161 Просмотров

09:36 Человеческие органы сжигали прямо на улицах Шымкента (ВИДЕО)... 438 Просмотров

09:34 Курс валют на 23 августа... 189 Просмотров

09:22 Төрт мәрте ажырасса да той жасап ұзататындар бар... 159 Просмотров

08:55 Книгу о путешествии британцев в Жетысу презентовали в... 180 Просмотров

17:58 Двое полицейских задержаны по подозрению в изнасиловании... 562 Просмотров





Опрос


«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031