26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жамбылда жас келін төркінінде 10 күн жатып келгеннен кейін ажал құшты

Жамбылда жас келін төркінінде 10 күн жатып келгеннен кейін ажал құшты
Жамбыл облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған Гүлнұр Тұрдалының анасы қайғылы оқиғаға құдағиын айыптайды. Оның айтуынша, құдағиы келініне пышақ сұғып өлтіріп, кейін оны өзіне қол салғандай етіп көрсеткен көрінеді.

Қайғыдан қан жұтқан ана перзентінің суицид жасағанына сенбейді. Сондықтан қызының енесін қамауға алуды талап етеді, деп хабарлады КТК.

Гүлнұр Тұрдалы келін болып түскен үйінде өткен айдың 18-і күні ажал құшты. Ұзатылғанына небәрі тоғыз ай болған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп көз жұмған. Ол өзіне қол салған дейді марқұмның енесі. Алайда марқұмның анасы, бұған сенбейді. Айтуынша оны енесі, қайынсіңлісі және күйеуі әдейі немесе жанжал кезінде абайсызда өлтіріп алған.

"Қайынсіңлісі үшеуі жабылып істеген. Бәрін тап-таза қылып отыр ғой. Менің қызымның өзіне қол жұмсайтындай күші де жоқ", — дейді Гүлнұрдың анасы Динара Заттыбекова.

Отбасылық жанжалдан зәрезап болған Гүлнұрдың төркінінде 10 күн жатып келгені анықталды. Сол оралған күннің ертесіне қайғылы жағдай болған. Бауыр еті баласынан айырылған ана енді ақиқатына жете алмай зар жылап жүр.

Құда болып, құйрық-бауыр асатқан қос тарап қазір бір-біріне өлердей өш. Көрген жерде жаға жыртысып, қырық пышақ болады. Бірақ Гүлнәр Садырқұлова құдағиының таққан айыбы орынсыз дейді.

"Құдай алдында адалмын, Құран да ұстайын, жасыратыным жоқ. Бала-шағам да, өзім де адалмын", — дейді Гүлнұрдың енесі Гүлнәр Садырқұлова.

Гүлнәр Садырқұлова сұмдық жағдайдың қалай болғанын өзі де анық білмейді. Оның айтуынша, томаға тұйық келіні таңғы астан кейін үлкен үйге кіріп кеткен. Артынан іздеп барған қызы мен өзі оны жерде ес-түссіз жатқан жерінен көреді. Жанында пышақ болған. Дереу жедел жәрдем шақырмастан ауруханаға жеткізеді. Гүлнұр сол жерде жан тапсырған. Қазір осы жайтқа қатысты тергеу жүруде.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тегеу амалдары жүруде. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", — дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Марқұм кісі қолынан қаза тапты ма әлде суицид пе? Енді ол жағын тергеушілер анықтайды.


Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 3 784

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 350 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 171 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 142 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 085 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 070 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 087 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 605 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 753 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930