26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Асаба және ішкі саясат

26 сентябрь 2018, 16:28
Қазақтың тойын өткізіп жүрген әр асабаны саяси партиялардың және әкімшіліктердің ішкі саясат бөліміне жұмысқа алу керек. Неге дейсіз ғой? «Жас Алаш» газетінің 10 шілдедегі 53(16343) нөмірінде Алмас Нүсіп деген бауырымыздың «Қазақтың тойы – тыраштың ісі» деген мақаласы жарияланды. Аты айтып тұрғандай Алмас бауырымыз қазақтың жайы мен жағдайына шырылдап тұр. Алып-қосары жоқ, автордың айтқандары мен уәждерінің бәрімен де келісуге болады. Себебі, шынында да солайы-солай, рас сөз.


Дәлелді болу үшін осы мақаладан бірнеше үзінді келтірейік:

- «Бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деп кенет келген өлімді айтушы еді қазақ, енді қарасақ, тойдың өзін өз қолымызбен осындай дәрежедегі «тажалға» айналдырып алыппыз».
- «Той – салт-дәстүрдің қаймағы, ұрпақты қазақылыққа тәрбиелейді деп те бөсіп жібереміз. Бұл да әншейін сөз. Сөз бермедің деп шу шығару да үлгі болып па?».
- «Бір сүйкімсіз сөз бар, той сайын айтылады: «Ешкім тойды асқанынан, тасқанынан жасамайды». Одан арғы жауабы да дайын: «Жұрттың батасын алу үшін, елді риза қылу үшін. Бос сөз. Елдің ризалығын алатындай ел аш жүр ме? Анығында біз тойды мақтан үшін жасаймыз».

Осылай кете береді, кете береді, ой түйдек-түйдек болып. «Той өткізу» деген жалпы үрдістің бетінде қалқып көрініп тұрған мәселелер бұлар. Ал енді тереңірек үңіліп, басқа жағынан қарасақ қалай болар екен?

Ең бастысы: «Мұның негізгі себебі неде?» – деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Жас Алаштағы мақаланың авторы қаншама сын айтып жатса да сөз соңында былай дейді: «Нәтижесін көріп отырсыз, жақын арада қазақ тойдан шаршамайтын сияқты». Бұл да рас сөз.

Әңгіме қазақтың тойына қатысты айтылып отырған соң ең бірінші саусағымызды бүгіп айтарымыз – Бүгінгі қазақ қарнының ашқанына жылап жүрген жоқ!... Конституциямызда айтылғандай – байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттің иесі – ҚАЗАҚ тиісті дәрежеде ұлықталып жүр ме, елімізде?

Парламент отырыстарында, үкіметтік, қоғамдық, ресми іс-шараларда, саяси партиялардың үлкенді-кішілі жиындарында ҚАЗАҚТЫ қаншалықты ұлықтап жүрміз? Қаптаған ішкі саясат бөлімдерінің жүргізіп отырған идеологиялық жұмыстары қарапайым ҚАЗАҚТЫҢ көкейіне қонып, жүрек қылын шертіп, қаншалықты тебірентебі екен – осыны ойладық па? Бүгінгі қоғамда айтылып жүрген Жаңа патриотизм деген не? Оны қалай қалыптастырамыз?

Алдыңғы буын ағаларымыздан қалған мынадай ғаламат әфсана-ой бар: «Ерім деп еркелететін елі болмаса, елім деп еңірейтін ер қайдан болады?» деген. Ал ерім деп еркелету дегеніміз – азаматын ұлықтау, көтеру. Өз кезегінде елім деп еңіреу дегеніміз – ардақты, ұлық азаматтың елін, жерін ұлықтауы, көтеруі.

Менің ойымша – Жаңа патриотизмнің негізгі қазығы – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТЫ ұлықтауы, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ қадірін асыруы. Ал бүгінгі күні ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТЫ ұлықтайтын бір-ақ жері бар. Ол – той!

Той – бір ҚАЗАҚТЫ екінші ҚАЗАҚ құдайдай құрметтейтін, ағайындары бір-бірін дұшпаны жанынан түңілетіндей ғып жаттай сыйлайтын, бірін-бірі көтермелеп, қошаметтеп, ұлықтайтын жер. Мейлі, ол – бай болсын, кедей болсын, бәрібір.

Ал асабалар – осы ұлықтауды бір арнаға түсіріп, жүйелеп, жүректен жүрекке жеткізіп, қарапайым ҚАЗАҚТЫ тебірентіп жүрген, идеологиялық қызметтің жауапкершілігін мойнына алып жүрген азаматтар. Ел ішіндегі талай тойларда осы асабалар «Мәңгілік ел», «Ұлы дала», «Рухани жаңғыру» сияқты тұғырнамалық келелі ой-идеялар жайында сөз қозғап, Абай, Шәкәрім мен оның алдындағы және кейінгі жырау-ақындардың, данагөй қариялардың парасатты сөздері мен ұлық сөздерін келтіріп небір ғаламат ойларды қозғайды.

Еріксіз тебіренесің. Ол тойлардан қанаттанып шығасың. Осыдан кейін армандайсың – «Шіркін, ішкі саясат бөлімінің қызметі осындай болса» – деп...

Осыдан 3-4 күн бұрын жақын жолдасым – досым ұлын үйлендіріп, той жасады. Құдалардың құрамында белгілі қоғам қайраткері Әбішев Қабылсаят ағамыз болды. Сол кісі осы тойда мынадай ғып бата берді:

Бір Алладан тілек ет!
Шапағаты бұйырсын
Пайғамбардың Мұхаммед.
Махаббаттың алауын
Жас Отауға шуақ ет.

Құдалықты мың жыл ет,
Күйеу-кәде жүз жылға
Тартылған асты қайыр-ғып
Сыйласуға нәсіп ет
Тобай байдың дәулетін
Екі жаққа жұғысты ет. Әумин.

Мұны тыраштыққа жатқызуға болмас.



Нұғман Аралбай, профессор

Просмотров материала: 3 264

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 326 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 147 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 118 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 060 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 045 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 079 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 598 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 745 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930