26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алаш арыстары білім алған Семейдегі оқу орнына 115 жыл толды

Кәсіби құзыретті педагог кадрлар даярлайтын іргелі оқу орны Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі 1903 жылы, 23 қыркүйекте Семей мұғалімдер семинариясы негізінде ашылған тағдыр-талайы күрделі, шежіресі бай, еліміздегі тұңғыш оқу орны.

Алаш арыстары білім алған Семейдегі оқу орнына 115 жыл толды


Семинария 1920 жылы ха­лыққа білім беру институты болып өзгерді. 1922 жылы осы оқу орнының негізінде екі педтехникум (қазақ, орыс) ашылды. Ал 1937 жылы педтехникум базасында дербес екі педучилище құрылды. 1953 жылы екі педучилище біріктіріліп, «К.Д.Ушинский атындағы педа­го­гикалық училище» атанды.

1957 жылы оқу орны жабылып, 1963 жылы жұмысын қай­та жалғастырды. 1967 жылы оқу орнына Мұхтар Әуезов есі­мі берілді. Семейдің Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық училищесі білікті кадрлар даяр­лауға қосқан үлесі үшін Қазақ КСР-нің ағарту ісі қыз­мет­керлері кәсіподағының ауыс­палы Қызыл Туымен үш рет марапатталды. 1992 жылы 22 мамырда педучилище колледж болып қайта құрылды.

Педагогикалық колледждің тарихы Н.Құлжанов, Н.Құл­жанова, И.Тарабаев, Алаш қай­рат­керлері Х.Ғаббасов, Ә.Ер­ме­ков, Қ. Нұрмұхамедұлы, А.Дүй­­себаев, Б.Сәрсенов, А.Бар­­лыбаев, Т.Жарқынбаев, И.Әлім­беков, Қ.Мұздыбаев, М.Тұр­ғанбаев, С.Мұстафин, М.Мал­­дыбаев сынды көрнекті қоғам қай­раткерлері мен ағарту­шы-педагогтердің, сондай-ақ ел ғылымының дамуына қомақ­ты үлес қосқан оқу орны түлек­терінің есімдерімен тығыз байланысты. Олардың бір парасы – Қазақ КСР ҒА академигі, фи­лология ғылымдарының док­торы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қай­раткері М.О.Әуезов, Қазақ КСР ҒА-ны ұйымдастырушы жә­не оның тұңғыш президенті, Қа­зақ КСР ҒА академигі, Кеңес Ода­ғының және Қазақстанның ме­таллогения мектебінің негізін қа­лаушы, қазақтан шыққан тұң­ғыш академик Қ. Сәтбаев, т.б.

Сондай-ақ әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан ҒА академигі, Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi Ә. Марғұлан, абайтанушы ғалым М.Бөжеев, Абайдың шөбересі, ғалым-зерттеуші Б.Ақыл­баев, Кеңес Одағының Батырлары І.Айтықов, В.Бунтовских, В.Шу­­лятиков, Социалистік Ең­бек ерлері Ж.Шайжүнісов, М.Но­сова, Д.Парий, қоғам қай­рат­­керлері Ж.Аймауытов, Т.Жо­мартбаев, Т.Қасенов, жазу­шы Ә.Нұршайықов, тұңғыш қазақ генералы, Қазақ КСР-ы Ішкі істер министрі Ш.Қабылбаев, Қазақ КСР-ы білім министрінің, КСРО ҒА-ның тұңғыш мүше-тіл­шісі А.Сембаев, білім беру ісінің көрнекті ұйымдастырушысы К.Дәукеев, қазақ тіл білімінің маманы, педагог, филология ғы­­лымдарының кандидаты, диа­лектолог, қазақ диалек­тологиясы ғылымының негі­зін салушылардың бірі Ж.Досқа­раев, Бүкіләлемдік әйел­дер кон­гресінің мүшесі, қоғам қай­раткері Ф.Халитова сияқты еліміз­ге белгілі тұлғалар бар. 115 жылдық тарихы бар кол­­леджде оқу-тәрбие үрдісін инно­вациялық тұрғыда ұйым­дастыру, орта кәсіптік педаго­гикалық білім беруді халық­аралық стандарт талаптарына сәй­­кестендіру жүйелі жолға қойылған.

Педагогикалық колледж ұжы­­мының барша қажыр-қай­раты еліміздегі білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама мазмұнындағы сындарлы саясаты мен тың баста­маларының барынша сапалы жүзеге асуына бағытталған.

Жа­ңартылған білім беру талабына сай кәсіби құзырлы маман дайын­дауды негізгі міндеті деп есептеген ұжым ұдайы прогрессивті даму қағидаларын берік ұстанып келеді. Соған орай кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізуді, білім берудегі жаңашыл үде­рістер мүмкіндігін пайдалана бі­луді күн тәртібінен түсірген емес.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайындағы отандық білім беру жүйесінің басым бағыт­тарын ойдағыдай жүзеге асыруда оқытушылар кәсіби шеберлігін, оқу-әдістемелік тәжірибелерін ұдайы жетілдіріп отырады.

Колледжде 108 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде 1 филология ғылымдарының кандидаты, 46 жоғарғы санатты (43%) ұстаз бар. 2014-2018 жылдар ара­лығында педагогикалық құрамның сапалық динамикасы өсті. Магистрлер үлесі 2014 жылы 10,37 % құраса, 2018 жылы 40%-ке жетті. Қазіргі таңда онлайн оқу арқылы 17 оқытушы арнайы магистратура кафедраларында біліктілігін көтеруде. Колледж оқытушыларының кәсіби сапа көрсеткіші ретінде дәстүрлі «Бейбітшілік әлемі» халық­аралық ұйымының мұға­лімдер байқауына, респуб­ли­ка­лық «Үздік оқу орны», «Үз­­дік педагог», «Ең үздік маман», Оқыту және дамыту орта­лы­ғы ұйымдастыратын «Про­фес­сионалы», облыстық «Жыл мұғалімі», «Үздік сынып жетек­шісі», «Үздік электронды бағ­дарлама» байқауларына қаты­сып, жүлделі орындарды иеле­нуін айрықша атауға болады.

Қазір Білім және ғылым ми­нистрінің қолдауымен білікті мамандарды шет мемлекеттерге іссапарларға жіберіп, олар­дың халықаралық жобалармен танысуына мүмкіндіктер қарастырылуда. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен колледж оқытушылары А.Аралова, Г.Нұркенова Ресейдің Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Дю­себае­ва Финляндияның ХАМК университетінде біліктілігін көтеріп, педагогикалық тәжіри­бе жинақтап қайтты. Қоғамның және экономи­каның индустриялық-инно­вациялық даму сұраныстарына сәйкес, ТжКББ жүйесін жаңғырту шеңберінде тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын әрі кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптасты.

Сапалы адами капитал қалыптастыру аясында колледж оқытушылары смарт-техникаларды қолдана отырып, студенттердің мәдениет­аралық коммуникативті құзы­­реттілігін қалыптастыру бағы­тында оңтайлы жұмыстар ат­қарады. «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын ІІІ-курс студенті А.Шалқарқызы Анкара қа­ла­сында «Just English» курсында білі­мін жетілдірсе, гранттық негізде Кипр халықаралық универ­ситетінде білім алып жат­қан ІV курс студенттері А.Нұр­төлеу, А.Орын­бекова мен ІІІ-курс студенті Ж.Касенова «Бей­біт­шілік әлемі» (World of Peace) Ха­лықаралық бірлестігінің ұйым­дастыруымен 2017 жы­лы өткен «ДУБАЙ-2017» Халықаралық достық форумы, өнер фестивалі мен ғылыми конференцияға қатысып, ғылыми жоба қорғау­дан I орын иеленді. Мәдениетаралық коммуника­цияға қабілетті мамандарды дайындау – колледждегі оқу-тәр­бие үдерісінің бас­ты бағы­­ты.

Мемлекеттің үш тұ­ғырлы тіл саясаты аясында оқу орнына 2013 жылдан бас­тап «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында көптілді білім беру жүйесін жүзеге асыратын қанатқақты жо­ба енгізілді. Студенттердің ком­муникативтік дағдыларын, іскер­лігі мен креативтілігін дамыту мақсатында 2010 жылы құрылған «Conversational club» үйірмесі қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебімен ынтымақ­т­астық туралы меморандум негізінде шетел еріктілерімен «Ер­кін сұхбат» алаңын құрып, поли­мәдениетті кәсіби тұлға қалыптастыруда.

Шығармашылыққа бе­йім, талантты, үздік білім алу­шыларға халықаралық кәсіби ше­берлік конкурстарына, олим­пиадаларға, спорт жарыстарына қатысу барысында оқу орны әрқашан қолдау көрсетеді. Білім алушылар Барнаул педагогикалық колледжінде өткен халықаралық «Моя будущая профессия – учитель!» байқауы мен тарихи-өлкетану «Наш Алтай – от истоков к современности» конференциясына, халықаралық серіктестер қатысуымен Семейде өткен республикалық «Мұғалім – мәртебелі мамандық» және республикалық «Үздік инно­вациялық сабақ» кәсіптік бай­қауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.



Колледж студенттері түрлі спорт сайыстарына қатысып, еліміздің туын биік тұғырға көтеруге әрдайым атсалысып келеді. Мәселен, семсерлесуден спорт шебері К.Тусупбекова, кара­тэдан спорт шебері М.Дүй­сенғазин, таэквондодан еліміз­дің үш дүркін жеңімпазы, Қыр­ғызстан Республикасының екі дүркін жеңімпазы, қара белбеу иегері Н.Әбдрахым, самбодан ел чемпионы Н.Жұмай, киокушинкай каратэдан ха­лықаралық турнирдің екі дүркін жеңімпазы, қоңыр белбеу иегері М.Құмарова, шаңғыдан ел жеңімпазы Е.Қа­йыңбай, таэквандодан спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ел жеңімпазы Т.Серікханов, футболдан «Ал­тай» құрама­сының мүшесі, об­лыс­­тық, рес­публикалық, ха­лық­­аралық ж­а­рыстардың жүл­дегері Ғ.Сұ­лтанов және А.Аман­жол, Қ.Саин сынды саң­лақ­тар колледж мерейін асқақ­татуда.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру барысында сту­денттердің ел Үкіметі мен БҰҰ жүйесі агенттіктері арасындағы бірлескен бағдарламаға сәй­кес ашылған (UNFPA) Y-PEER («Жас құрдастар») ре­сурс ор­талығы және спорт, гим­нас­тика, жаттығу залдары, «Спар­так» стадионы мен «Дель­фин» бассейні, «Тисса» шаң­ғы базасы, спорт секциялары тұрақты қызмет атқарады. Y-PEER (Жас құрдастар) қала кө­лемін­де колледж студенттеріне ре­продуктивті денсаулықты қорғау мәселелері бойынша кеңес беріп, орталық еріктілерін даяр­лауды жүзеге асыруда.

Маралсай рес­публикалық жазғы лаге­рімен өзара серіктестік те кә­сіби білім бе­руге әсерін ти­гізіп, сапалы бі­лім мазмұнын толық­тырып отыр. Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық тұтас база құрылып, кабинеттер, зертханалар, шеберханалар талапқа сай жасақталған.

Колледж кітап­ханасындағы 51 404 дана кітап қоры қазақстандық авто­маттандырылған ортақ ақпарат бағдарламасына (КАБИС) енгізілген. Колледж­дегі 33 оқу кабинетіне мекеменің айтулы түлектері мен оқытушыларының есімдері берілген.

Студенттің ақпараттық мәдениеті мен компьютерлік сауаттылығын дамытып, цифрлы білім беру ресурстарын дайындау сияқты сан салалы міндеттерді орындау мақсатында, еліміздің қоғам қайраткерлері мен ұлтжанды кәсіпкер-меценаттарының қар­жыландыруымен Wi-Fi нүктесі арқылы интернет желісіне қосылған М.О. Әуезов атындағы электронды ақпараттық зал, 9 атаулы кабинет және 30 орындық интернет зал ашылды. Бұдан басқа мультимедиялық-лингафондық аудиториялар және заманауи аудио-видео құралдарымен жабдықталған интерактив тақталы дәрісханалар студенттердің сұранысын қана­ғаттандырып отыр.

Кәсіби-функционалдық ең­бек нарығында бәсекеге қабі­летті, сұранысқа ие, кәсіби әле­уеті берік мамандар даярлау үшін «Халықаралық экология және инженерлік ғылым академиясы» ЖШС, еліміздің ТжКББ жүйесіндегі іргелі оқу орындарымен келісімшарт және ынтымақтастық туралы меморандум аясында ха­лықаралық деңгейге дейінгі ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кәсіптік байқаулар мен олимпиадалар, ғылыми консультациялар, инновациялық жобаларды бірлесіп өңдеу мен өткізу бағытындағы жұмыстар да тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Оқу орнының халықаралық білім саласындағы ынтымақ­тастықты дамыту бағытындағы жұмысы уақыт талабына сай атқарылуда.

2013 жылы Ресей Білім академиясының теория және педагогика тарихы институты және Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясымен үш жақты келісімшарт, Түркияның ДОГУ Акдениз университетімен және 2017 жылы Ресейдің Алтай өлкесіндегі Барнаул, Рубцовск, Славгород, Бийск, Каменск педагогикалық колледждерімен ынтымақтастық туралы ортақ меморандум жасалып, өзара әріптестік-серіктестік байланыс­тар мығым орнықты.

Жеке тұлға тәрбиесін ізгі­лендіру – бүгінгі заманның бас­ты талабы. Колледж ұжымы студенттердің білім сапасына айрықша мән бере отырып, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы адами капитал сапасын жақсартуға байланысты білім беру ісіндегі өзгерістерді меңгеруге бейім кадрларды дайындауға да колледж ұжымы үлес қосуда.

Оқу орнының басты мақсаты – кәсіби білім беру жүйесін озық методологиямен ұдайы жүйелеп отыру, білім берудегі жетілген дағдылар түрін меңгерген білікті мамандарды даярлау.

Шағангүл ЖАНАЕВА,
М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры,
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері

Дереккөз: Егемен Қазақстан
Просмотров материала: 2 428

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 280 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 101 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 073 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 015 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 998 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 868 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 061 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 582 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 729 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930