27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кооператив: өткеннен - болашаққа

21 сентябрь 2018, 13:55
Дәл осы тақырыпта әлеуметттік желіде қызу пікірталас жүріп жатқанына біршама уақыт болды. Оның ішінде шаршуашылық ардагерлері, сала мамандары, тіпті ауылшаршуалылық министрлігі өкілдері де бар. Соңғы кезде ауылшаруашылығы саласында оң өзгерістер бар екені рас. Мал тұқымын асылдандыру, егін түрлерін көбейтіп, жаңа технологиямен өсіру, техникамен қамту да бір ізге салына бастады. Бірақ бұл игілікті істің нәтижесін ауылдықтар көріп отыр ма? Міне, осы сұрақ ең маңызды мәселе.


Мемлекет тарапынан бірнеше жыл бұрын қолға алынып, қазір алғашқы жемісін бере бастаған реформаны алып қарайық. Субсидия тек ірі шаруа қожалықтары мен гигант-холдингтерге ғана беріледі.

Әрине, өнім экспорттау бойынша стратегиялық дұрыс қадам. Бірақ ауылда бес-алты бас малына қарап отырған қарапайым шаруалар ше? Жеке шаруаға берілетін 3 млнға дейінгі арзан пайызды несие барлығына жетіп жатыр ма? Жеткендер оны іске асыра алды ма?

Осыны қалада отырып талдамай, істі ауылға барып өз көзімен көруге ынталы топ Қарағанды облысы, Нұра ауданына барып қайтты. Топтың құрамында белсенді ағамыз, ауыл шаруашылығының маманы Төлеутай Рақымбеков, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, «Атамекен» кәсіпкерлер одағының сарапшылары, БАҚ өкілдері болды.

Нұра ауданы облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан. Халқы 25 мыңнан сәл асады. Ынталы топ бас сұққан бірінші ауыл –Жараспайда 352 адам тұрады. 80 бала оқитын мектебі бар.

Мектеп, пошта сияқты мемлекеттік мекемелерден басқа, үнемі 20-25, жиын-терім кезінде 60 шақты адам істейтін «Жараспай» ЖШС негізгі жұмыс орны. Бірақ жұмысқа жарамды халықтың жартысы бос немесе «өзін өзі қамтушы» есебінде.

Ең басты мәселе – ауыз су. 2011-2012 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылған құбырлар су ащы болып, қазір қаңсып тұр. Тұщыландыру аппаратын алғаннан басқа амал жоқ. Қазір бұл мәселе де мемлекеттік бағдарламаға енгізіліп, кезегін күтіп отырған көрінеді.

Негізгі тұрғындары жұмыссыз, тек малға қарап отырған соң ауылдың жағдайы да мәз емес. Оны кірген кезде үйлердің жағдайынан-ақ бірден байқауға болады. Мал басын өсіру үшін несиеге кепілдік сұрайды. Ал малдың да, үйдің де кепілдік бағасы төмен. Несие берсе тау қопарамыз дейді жараспайлықтар.


Ал Жараспайдан 30 шақырым жердегі Изенді ауылында жағдай мүлдем бөлек. 520 адам тұратын ауылдың барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Тіпті қол күші жетпей баспана мен сыйақы (подъемный) беріп қаладан жастарды тартып жатыр.

124 бала оқитын мектепте 24 ұстаз қызмет етеді, оның жартысынан көбі дипломмен келген жастар. 14 мың дана қоры кітапхананы, медпунктті, тағы сондай әлеуметтік нысандарды тұрғындар өз күштерімен салып алыпты.


Бұл не қылған батпан құйрық деп таң қаларсыз. Біз де таң қалдық. «Мұның барлығы еңбекпен келді» дейді изенділіктер. 20 жылдай үкіметке қол жайып келген олар жоқшылықтан шаршап, кооперативке біріге бастаған.

Нәтижесінде біріккен (солидарный) несие алып қырманды іске қосқан. Қазір жемісін бірге көріп отыр. Айтпақшы биыл Изендіде 12 бала дүниеге келіпті, жыл соңына дейін тағы 3 нәресте күтіп отырмыз дейді жергілікті фельдшер. Ауыл болашағының айқын көрінісі осы болса керек.


Ойланып қайттық. Екі ауылдың арасы атты адамға жарты сағаттық ғана жер. Екі әлемге барғандай боласың. Төлеутай ағамыздың айтуынша «ауылдықтар әлі күнге дейін кооператив сөзінен үрке қашады. Бұрынғы колхоздастыру кезі елестейді. Тіпті субьективті бір-біріне деген сенімсіздік те үлкен кедергі болады. Ал жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін көп жағдайда ұмытып кетеді» екен.

Қазіргі ынталы топтың ұсынысы «табыс кооперативі». Қысқаша түсіндіре кетейін: мысал ретінде қазір әркім жеке шелектеп қалаға тасып жүрген сүтін кооператив арқылы бөшкемен сатады. Егер заңды кооперативке біріксе үкімет сүт сақтайтын 4 тонналық термоыдыс алуға субсидия бөледі немесе біріккен (солидарный) несие береді.

Заңды тұлға ретінде сүт зауытымен келісім шартқа отырса сүтті тұрақты өткізу көзі, тұрақты пайда болады. Мал, егін шаршуашылығы бойынша да әркім меншігін емес, сол меншігінен шыққан өнімін біріге өткізе отырса ыңғайлы әрі тұрақты болары сөзсіз.

Әрине, қағаз жүзінде бәрі әдемі. Бірақ заңдылық бұралаңдарын зерттеп, оны адамдар психологиясы қабылдап, алғашқы пайдасын әкеле бастағанша уақыт өтер. Бірақ алғашқы қадам ауыл тұрғындарының өзінен басталуы қажет. Төртеу түгел болса төбедегі келеді деген мақал бекер айтылмаған ғой.

Алмас Тоқабаев, Қарағанды облысынан




Кооператив: өткеннен - болашаққа







Просмотров материала: 1 216

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 456 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 275 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 248 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 192 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 174 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 747 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 124 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 638 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 786 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930