25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлердің жағдайы адам шошытады

Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлердің жағдайы адам шошытады
Ал, осы Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданындағы мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізген жұрт наразылық білдірді. Себебі, жылдар бойы зарығып жеткен үйлерінде жылу, су және жарық мәселесі реттелмеген. Бес қабатты үйді тұрғызған мердігер құрылыс жұмыстарын шала атқарып, кетіп қалыпты. Бұған қарамастан әкімдік халыққа сапасыз салынған пәтерлерге «кіре беріңдер» депті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Күздің қара суығы кіріп, балалар ауырып жатыр. Арасында бірде-бір растовор жоқ. Міне мынаның арасының бәрінен жел соғады. Қабырғамен терезенің арасына өзіміз ағаш қақтық» – дейді тұрғын. Айжан Жүсіпова осы пәтері үшін бірнеше жыл кезекте тұрып, ақша жинапты. Толық салынып бітті деген баспанасының сиқы мынау. Қисық орнатылған есік-терезесінен былай қойғанда, едендегі төсенішке дейін алмастыру керек.

«Мынау деген Сарыадырдың құрылысқа жарамсыз кірпіштері. Мұны шығаруды тоқтатып тастаған еді. Енді содан үй салып беріп отыр бізге. Ертең бұл қалай болады, бір Алла біледі!» – дейді тұрғын Айжан Жүсіп.

Құрылысты бақылаған тұрғындардың айтуынша, мына үйдің іргетасы кеуіп болмай мердігер компания жұмысты бастап кеткен. Балкондарға қарасаңыз, ол қалай болса солай салынған. Жаңбыр жауса, оған су кіріп кете беретін көрінеді. Ал үйдің айналасында тұрмыстық қалдық, қоқыстар толып жатыр.

«Завтра зимой это пятиэтажка рухнет. Фундамент месяц не простоял. Они обманули людей просто» – дейді тұрғын Борис Леонтьев. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдың құрылысы алты жыл бұрын басталыпты. Мердігерлері ауысып, сағызша созылған жұмыстар біткенде жергілікті шенеуніктер үйді қабылдап алып, пәтер кезегін күткендерге кілттерін үлестірген. Алайда, баспананы көрген бетте жұрттың қуанышы су сепкендей басылыпты. Себебі есік, терезесі алқам-салқам, барлығына ең арзан материалдар қолданылған.

«Үйге кіргенде бөлмелерді қарап шықтым. Өзім құрылыспен айналысқан соң жағдайдың бәрін білемін. Былай қарағанда бүкіл материал ең арзан материалдан істелінген. Есік-терезелердің барлығы ең арзан» – дейді тұрғын Аманғали Мұстафин.

Бұл видеоны қатты жауын болғанда осында тұратын тұрғындардың бірі түсіріп алған. Онда үйдің ішіне дейін су кіріп, терезе жақтауынан бөлініп, құлайын деп тұрғаны көрінеді. Одан бөлек түйткілдер де жетіп жатыр. Судың қысымы жоғары қабатқа дейін жетпейді. Тұрғындардың ешбірінде үйдің құжаттары жоқ. Ал сапасыз үйді қабылдап алып, елді зар жылатқан әкімдік мұның бәріне мердігер компанияны кінәлайды.

«Біз құрылысты сеніп тапсырған мердігер компания бізді осындай ұятқа қалдырды. Жұрт есік терезелердің дұрыс орнатылмағанын, сапасыз құрылыс монтаж жұмыстарына шағым айтып жатыр. Кемшіліктердің барлығын білеміз, көзімізбен көріп те келдік. Қазір біз мердігер компанияны сотқа беруге барлық құжаттарды жинап қойдық» – дейді Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Алик Манадыров.

Әкімдік пен құрылыс компаниясы арасындағы текетірес немен бітетіні белгісіз. Бірақ әкім орынбасары бізге үйдің құжаттарын үш күннің ішінде тұрғындарға беретінін айтып, сөз берді.

«Үш күннің ішінде алады құжаттарын», – дейді Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Алик Манадыров. Бес қабатты үй пайдалануға берілгенмен, оның жартысы әлі бос тұр. Себебі жұрт ыстық суы мен жылу жоқ пәтерлерге қоныстанудан қорқып, жалдамалы үйлерінде тұрып жатыр екен. Ал мұнда көшіп келіп, сан соғып қалған тұрғындар жоғарғы сот пен прокуратураға арызданыпты.

Просмотров материала: 1 324

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 220 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 041 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 013 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 955 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 937 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 270 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 859 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 038 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 316 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 314 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 561 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 709 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930