19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой": Министрлер Сағынтаевтан сөз естіді

11 сентябрь 2018, 14:28
"Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой": Министрлер Сағынтаевтан сөз естіді
ҚР Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев 8 айдың ішінде бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отырған министрлерді сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жыл басынан бері бюджеттен бөлінген қаражатты игермеген министрліктердің жұмысын сынға алды.

8 айдың қорытындысы бойынша, ең көп игерілмеген сома – 15,4 миллиард теңге қорғаныс министрлігіне тиесілі. Қорғаныс ведомствосының басшысы болып жуырда ғана тағайындалған Нұрлан Ермекбаев тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

"Сіз жаңадан келіп жатырсыз, сондықтан қаржының не себептен игерілмей жатқанын анықтаңыз. Жылдың соңына кеп қалдық", — деп тапсырды Бақытжан Сағынтаев.

Ал мәдениет және спорт министрлігі 11,1 миллиард теңгені уақытында игермеген.

"Бақытжан Әбдірұлы, бәрі жоспарлы түрде жүріп жатыр", — деп ақтала бастады министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

"Қалай жоспарлы түрде жүреді? Бұл 8 айдың қорытындысы бойынша игерілмеген ақша. Сонда біз жоспарлы түрде біз игермей отырамыз ба?..Осы сегіз айда 11 миллиардқа қанша мектеп, балабақша, аурухана салуға болады, қанша шақырым жол жөндеуге болады… Жаңа Сұлтанов айтып өтті, игерілмеген ақшаны бюджетті қайта қарау кезінде алып қоямыз. Өкпелемеңіздер", — деді премьер-министр.

Бақытжан Сағынтаевтың сынына орынбасары Өмірзақ Шөкеев те ілікті. Шөкеев жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы министрлігі 10,9 миллиард теңгені игере алмай отыр.

"Қазір су шаруашылығынан актілер күтіп отырмыз. Актілерге қол қойылса, 5 миллиард теңге бірден төленеді. Содан кейін ғылым жағынан, білім министрлігіне маусым айында өтінім бердік. Екінші өтінім – тамызда. Өтінім 90 күн қаралады екен. Мен қайта-қайта хабарласып, сөйлестім. Мүмкін, тәртіпті өзгерту керек шығар, 90 күнді қалай қысқартамыз?", — деп сұраққа сұрақпен жауап берді.

"Өмірзақ Естайұлы, сіз үкімет басшысының орынбасарысыз! Министрлерге қарағанда лауазымыңыз жоғары. Тәртібін өзгертесіз бе, басқа шара қолданасыз ба, әйтеуір берілген ақша игерілу керек…Ғылымға деп ақша аласыздар да, сосын ол игерілмей жатады. Онда не үшін ақша беріледі?", — деп ашуланды Сағынтаев.

4,5 миллиард теңгені игере алмай отырған ішкі істер министрі де премьерден сөз естіді.

"Бақытжан Әбдірұлы, 4,5 миллиард теңгені қыркүйеккке дейін игереміз", — деп сөз бере бастап еді, үкімет басшысы сөзін бөлді.

"Қыркүйектің ішінде отырмыз ғой, қалай қыркүйектің соңына дейін орындайсыз? Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой", — деп дауыс көтере сөйледі Сағынтаев.

Бюджет қаржысын уақытында игермеген ақпарат және коммуникациялар министрлігі де премьер-министрдің сынына ілікті.
Просмотров материала: 1 721

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 597 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 419 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 389 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 325 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 304 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 700 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 260 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 411 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930