21 июля 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Алматыда белгісіз біреу 12 жерінен пышақтаған бойжеткен оқиғаның қалай болғанын айтып берді

11 сентябрь 2018, 11:43
Алматыда белгісіз біреу 12 жерінен пышақтаған бойжеткен оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Алматыда он екі жерден пышақталған бойжеткеннің ата-анасы полицейлердің салғырттығына ашулы. Өйткені, жеті күннен бері төсек тартып жатқан қыздарынан әлі күнге дейін сұрақ-жауап алып, іс қозғамады, дейді. Ал әкесі учаскелік тәртіп сақшыларынан қайыр көрмеген соң, куәгерлер мен жақын маңдағы жасырын камераларды ақтарып, күдіктіні өзі іздеуге кірісіпті. Әйгерім қазір ауыр халде облыстық ауруханада жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға төртінші қыркүйектен бесіне қараған түні сағат 12.30 шамасында болған. Думан-2 ықшамауданында таксиден түскен 24 жастағы қыз екі қадам жүрер жүрмес жерде дәл осында қараңғыда бейтаныс азамат күтіп тұрды дейді. Жанынан өте бергенінде арқасынан келіп шап беріпті.

Аузын жапқан, басынан ұрған. Қыз айғайлап сес көрсете бергенінде пышақтап қаша жөнеліпті. Ал, Әйгерім қансыраған күйі 100 метр алыстағы үйіне әрең жеткен.

Қызының қаны жуылмаған киімдеріндегі пышақтан тесілген іздерді әкесі қайта-қайта санаймыз, дейді. Он екі рет ұрғылаған адам он екі жерін тіліпті. Абырой болғанда пышақ ұшы жейдесін тескенімен, терісін сызып өте берген. Арқасы тұтас тілінген қыздың жүрек қуысындағы екі омыртқасына кәдімгідей суық қару кіріп үлгеріпті. Жантүршігерлік оқиға бір апта бұрын болса да, Әйгерім түнде әлі «қаскөймен» арпалысып шығамын, дейді.

«Бір қолымен аузымды жапты. Бір қолымен ұрды. Мен ол қолмен ұрып жатыр деп ойладым. Пышақ тигенін қатты сезген жоқпын. Кейін қан аққанда пышақ тигенін білдім. Түрі есімде жоқ, бірақ спортттық киім киген. Бірақ қазақ емес», – дейді жәбірленуші Әйгерім Мақашева.

Әйгерім Мақашева түн жарымда облыстық ауруханаға жеткізілген. Түскен кезде халі өте ауыр еді дейді дәрігерлер. Кеуде тұсы пышақталып, керекті ем-дом жасағандарын айтады. Арқасындағы тіліктерді пышақтың ізі емес, құлаған сияқты деп отыр.

«Пнимоторкс, гемоторкс бойынша екі рет пульс жасадық. 100 мм ауа шықты. 100 мм қан шықты. Болмаған соң дренажды түтік қойдық», – дейді облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі Асқар Өтетілеуов.

Ал, Әйгерімнің анасын пышақтаған азаматтан бұрын полицейлердің іс әрекеті күйіндіреді. Себебі, сол күні келіп, сұрақ-жауап алудың орнына аурухана төсегінде науқастармен жарыса ұйықтады, дейді. Содан кейін қарасын көрсетпепті.

«Мына жақтан қан атқылап жатқанда келді. Сол кезде бізден түсініктеме алды. Сосын қызды отаға алып кетті. Бірдеңе жасады. Содан кейін үш төрт сағат диван үстіне жатты тергеушілер. 3-4 сағат ұйықтады. Содан кейін келген жоқ», – дейді жәбірленушінің анасы Салтанат Тұрсынбаева.

Жәбірленушінің әкесі полицейлер бір апта тым-тырыс жатқан соң күдіктіні өзім іздей бастадым, дейді. Көрші маңдағы бүкіл бақылау камерасынан видео сұратып көрген. Тіпті, қызының шыңғырған дауысын естіген куәгерлер де табылыпты.

«Ол адам сұлулық салонының жанында жүрген. Камерада анық көрінеді. Ал сағат 12:36 да қызыма тап берген. Ол видеоларды полицейлер тіпті сұрамаған да. Куәгерлерден сұрақ-жауап та алмаған. Сол үшін өзім зерттей бастадым», – дейді жәбірленушінің әкесі Мейрам Мақашев.

Ата-анасы журналистер мен желіні шулатқан соң ғана бүгін пролицейлер келіп сұрақ-жауап алып, тергеуді бастапты. Жәбірленуші шабуыл салдарынан бір рет пышақ жарақатын алған, дейді. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалыпты.

Аталған факті бойынша Медеу АІІБ ның жанындағы полиция бөлімінде ҚР ҚК 107-бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Құрамына криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жасақталған арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іздестіру және тергеу іс шаралары жүргізілуде.

Енді қылмыстың нақты деңгейі тек сараптамадан соң белгілі болмақ. Ал 24 жастағы бойжеткен қылмыскер табылмай үйден шығуға қорқатын күйге түскен. Сондықтан әке-шешесі де істің соңына дейін барамыз деп отыр.
Просмотров материала: 1 647

Поделиться материалом


15:15 Сел пьяным за руль: сельский аким в Костанайской области... 326 Просмотров

14:49 Каждым четвертым предприятием в СКО руководят женщины... 326 Просмотров

14:43 72 миллиона тенге задолжало бизнесменам Управление... 356 Просмотров

14:38 А.Мамин раскритиковал ЗКО за слабую реализацию ГЧП... 371 Просмотров

13:02 Табысы төмен азаматтарға кредит беруге тыйым салынады... 646 Просмотров

12:05 Память Дениса Тена почтили в Алматы... 394 Просмотров

11:41 Аружан Саин поблагодарила казахстанцев за поздравления с... 385 Просмотров

11:26 Женщина выпала из автобуса и скончалась в Алматы... 431 Просмотров

11:20 Батыстың бәрі мұнайшы. Оларға мұнай саласында қызмет... 403 Просмотров

11:08 Акимы в соцсетях: Уразалин задавил массовкой... 453 Просмотров

10:51 "На любой стрелке обосную": Уволенный генерал Абисатов... 482 Просмотров

10:31 Врач на селе – больше, чем врач... 508 Просмотров

10:17 Выходца из Казахстана в США обвиняют в работе снайпером в... 410 Просмотров

10:04 Прогноз погоды на 20 июля: сильная жара и ветер ожидаются... 381 Просмотров

18:14 Врача Гани Куттымуратова подозревают в незаконном изъятии... 662 Просмотров

18:02 Впервые в казахстанском вузе начнут подготовку пластических... 420 Просмотров

17:57 Эксперт: Преддиабет – это не повод для отчаяния, а сигнал к... 454 Просмотров

17:38 Землетрясение произошло в 113 километрах от Алматы... 431 Просмотров

17:30 Отец-педофил приговорен к 11 годам колонии в Караганде... 600 Просмотров

17:25 СКО планирует перенять у США самые передовые агротехнологии... 503 Просмотров

17:18 Сделай фото - выиграй приз: В Талдыкоргане стартовал новый... 418 Просмотров

17:17 Грузияны бағындырған Дима... 400 Просмотров

17:14 Июнь-2019 назван самым жарким за последние 140 лет... 391 Просмотров

17:03 Интернет-мошенники привлекали бомжей для обмана казахстанцев... 373 Просмотров

16:42 Бывший генеральный директор нацпарка признался в... 398 Просмотров

16:29 МВД набирает кандидатов для работы в патрульной полиции по... 424 Просмотров

15:57 Запустят дополнительные поезда между Нур-Султаном и Алматы... 395 Просмотров

15:38 Куда больше всего хотят поступить абитуриенты в 2019 году... 400 Просмотров

15:20 В этом году по казахстанским учебникам поступило почти 4,5... 254 Просмотров

15:01 Казахстанцы смогут получать ЭЦП через мобильное приложение... 200 Просмотров

14:51 Казахстан намерен внедрить 5G одним из первых в мире... 158 Просмотров

14:29 17 миллиардов тенге потратили госорганы Казахстана на авто... 141 Просмотров

13:55 "Казавтожол" расширит сеть платных автодорог... 164 Просмотров

13:42 Токаев освободил от должности Махамбета Абисатова... 166 Просмотров

13:35 Назначен заместитель МВД РК... 165 Просмотров

13:01 Взятка 115 тысяч евро: начался суд над экс-замакимом... 177 Просмотров

12:42 Иле-Алатауский нацпарк задыхается от мусора... 173 Просмотров

12:35 Фото автобусных карманников показала полиция Алматы... 151 Просмотров

12:31 Мужчина пытался изнасиловать ребенка в Уральске... 177 Просмотров

12:18 Казахстан открывает посольства в 6-ти странах Европы... 154 Просмотров





Опрос


«    Июль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031