16 июля 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Ұстаздық еткен... жалығар, қоғамның көңілі қамығар...

Білуімізше, биологтардың өзі эксперимент жасағанда алдымен тышқандар мен құрбақаларға жасап көретін еді ғой. Олай болса, біздің билік неге ең сорақы әрі сұмдық реформаларын мұғалім мен мектеп оқушыларынан бастайды?!


Дереккөз: Facebook


Арғы күні – 1 қыркүйек, Білім күні. Дәл осы күні барлығы – президенттен бастап, ауыл әкіміне дейін – мектеп мұғалімдерін, барша ұстаздар қауымын салтанатты түрде құттықтап, жылына үш рет қана еститін (қазан айындағы Ұстаздар күні мен «Соңғы қоңырау» тағы бар емес пе?) жаттанды да жауыр болып кеткен жылы сөздер айтады.

Оны ұстаздар қауымы өздерінің табиғи болмысына, тәлім-тәрбие мен тектілігіне тән мәдениеттілік пен әдептілік танытып, тиісінше қабылдайды: ұстаз болсаң, кішік бол! Өздерінің мардымсыз жалақысы мен әлеуметтік әлеуетінің әлсіздігі, әлжуаздығы туралы тіс жармай, керісінше, үкімет пен партияға алғысын жаудырып, осы екі институт мүлдем бағаламайтын еңбегін одан сайын еселей түсетіні туралы уәде беріп жатады.

Бұға берсең, сұға беретін билік оған да бойы үйренген секілді: өз жағдайына наразылық танытып, бас көтеріп жатқан ұстаздар да некен-саяқ. Ондай ішкі оппозиционер шыға қалса, бүкіл мемлекеттік машина оған қарсы жұмылады.

Ертеректе, біз оқып жүрген кезде, мектеп мұғалімі ауыл-аймақтағы ең құрметті, қадірлі, сыйлы адам болатын. Той-томалақтың төрінде қазіргідей шенділер мен жергілікті байшыкештер емес, дәл осы ұстаз отыратын. Оны өсіп келе жатқан бала-шаға көріп өсетін. Содан «мұғалім боламын, дәл осы сыйлы азамат сияқты балаларды оқытып, тәлім-тәрбие беремін» деп армандайтын.

Ал қазіргі заманның «геройлары» кім? Шенеунік, банкир, прокурор мен судья. Асып кетсе, не той-шоуының көрнекті өкілдері, не табысын басқалардың аузынан жырып алатын бандит-бизнесмен. Осы табысты мамандықтарды теледидар да күні-түні талмай насихаттап жатса, ондай тренд қалыптаспағанда, не істейді?! Бір сөзбен айтсам, «алтын алма, білім ал» талабы салтанат құрған замандар келмеске кеткен болар. Ұлағатты ұстаз беделінің бүгінде ұштығы түгіл, пұштығы да жоқ.

Бүгінгі мұғалім дегеніңіз кім?

Ол (ұлы мамандық иелері кешірсін!) барып тұрған бейшара. Ұрты солған, ұстараның жүзінде отырған ұстаздар. Ешбір құқығы мен еркіндігі жоқ қоғамдық жаратылыс. Директордың, қала берді, жергілікті әкімдіктің қара құлы. Барып кел, шауып келіне айналған қолбаласы. Арқалағаны алтын, жегені жантақ, әлеуметтік жағынан еш қорғалмаған тұтас бір тап.

Мектеп секілді моральдық және адамгершілік тұрғыдан алғанда биік тұруға тиіс институт ағымдағы саяси конъюнктураның құрбаны боп кеткелі қашан. Мәселен, кезінде әлемге паш етіліп, Қазақстанның ерекше трендіне айналуы тиіс «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аяғы неге сиырқұйымшақтанып кетті? Ол тамаша жобаның орындалуы не орындалмауы туралы неге ресми есеп берілмейді? Мектеп пен медицина мекемелерін білмеймін, соңғы кездегі елде етек жайып кеткен әкімшілік-бөлінушілік бастамалар осы құтханаларды емес, әкімдердің және олардың қол астындағы шенеуніктердің ғимараттарын салуға ұласып кеткен жоқ па?! Соларға жаңа кеңсе салып берудің не керегі бар?

Мектептің мұңы мен мұқтажы ұзын елдің үйіріне, қысқа елдің қиырына кеткелі қашан. Қазір екінің бірі білім саласындағы жөнсіздіктерді айтып, мектепке түбегейлі де түпкілікті реформа керек деп жатыр. Меніңше, реформаны мынадай басты екі қадамнан бастау керек.

Біріншісі – мұғалімнің, ұстаздың абыройы мен беделін арттыру қажет. Ол құрметті қауымды интеллектуалды итаршы етуді қою керек. Ол дегеніңіз – арнайы қабылдануы тиіс тұтас бір бағдарлама. Және де мәселе тек қана олардың жалақысын көтеріп, әлеуметтік мәселелерін шешумен шектелмейді.
Бұл жұмысты мұғалімнің қоғамдағы моральдық рөлін арттырумен қатар жүргізу керек.

Ең алдымен оны атқарушы биліктің – жергілікті әкімдіктердің – тікелей бағыныштылығынан шығару керек. Ол үшін міндетті түрде мектепті десаясиландыру, департияландыру қажет. XXI ғасырдың рухани, саяси, іскерлік жағынан бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу үшін ұстаздар жастайынан олардың құлағына бір ғана «Нұр Отанның» бағдарламасы мен басшысын емес, адамзаттық игілікке айналған экономикалық, әлеуметтік, дүниетанымдық, қоғамдық құндылықтарды сіңдіре беруі шарт. Қазақ балалары дәл осындай өркениетті әрі бейпартиялық білім мен тәрбие алып жатқан ағылшын не неміс оқушыларынан еш кем болмауы тиіс.

Елде 10 мыңға тарта учаскелік сайлау комиссиясы бар. Соның барлығы дерлік мұғалімдер мен дәрігерлерден құралған. Ал олардың бәрі дерлік билік партиясы – «Нұр Отанның» мүшесі. Сайлау кезінде де билік басқаның қолымен от көсегендей, сол науқандағы барлық бассыздықты, шынтуайтына келгенде, саяси қылмысты дәл осы қауымның қатысуымен атқарады.
Ол үшін сайлау комиссиялары құрамында мұғалім қауымы болмауы тиіс.

Кей кезде ұстаздар да ұзақтай шулап, өз мұң-мұқтажын айтқысы кеп жатады. Меніңше, бізге мұғалімдердің мықты әрі әлеуетті, үкімет пен тиісті министрлікпен терезесі тең келіссөз жүргізе алатын кәсіподағы қажет. Сол кезде біз оқу басқармалары мен мұғалімге өзінің құлы ретінде қарайтын директорлардың диктатынан біржолата құтыламыз.

Екіншісі – білім министрлігін дербес орган ретінде қайта құрып, оның басшысы етіп еңбек жолын қарапайым мұғалімнен бастап, қызметтік карьера жасаған, өзін қайраткер ретінде таныта білген танымал тұлғаны тағайындау керек.

Дәл осындай, білікті әрі өзінің кәсіби ортасында беделді басшы болмауы бұл саланың соншалықты берекесіз боп кетуіне тікелей әсер етті. Тәуелсіздіктің 27 жылында 14 білім министрі ауысты деген сөздің өзі не тұрады?! Министрлердің тұрақтамауы – мемлекет өмірінің аса маңызды, ел болашағын анықтайтын саласына, қала берді, мектепте оқып жатқан өз қаракөздерімізге тұрақты жанашарлық болмады деген сөз.

Білуімізше, биологтардың өзі эксперимент жасағанда алдымен тышқандар мен құрбақаларға жасап көретін еді ғой. Олай болса, біздің билік неге ең сорақы әрі сұмдық реформаларын мұғалім мен мектеп оқушыларынан бастайды?! Мұндай саясатты не деп атауға болады? Мәселен, барша қазақ баласының басын қатырып, әбден дүмбілез етіп жіберген «үш тілділік» бағдарламасы ше? Ол туралы зиялы қауым қаншама жар салып, қарсы шығып жатса да, билік осы бір берекесіз бастамасынан бас тартар емес. Барша мұғалімді бір жаздың ішінде ағылшын тілінде сабақ бере алатындай ететін жалған ұраншылдық, науқаншылдық тағы бар. Оған жыл сайын ауысып, балаларымыздың басын қатырып жатқан «жаңа» оқулықтарды қосып қойыңыз.

Кейде «осы арам ойы бар баз біреулер біздің жылдар бойына қалыптасып, аяққа тұруы тиіс оқу-ағарту ісімізді әдейі, біз біле бермейтін бір мақсатпен тұқыртып, жарамсыз етіп жатқан жоқ па?» деген ой да келіп қалады. Бір сөзбен айтқанда, 1 қыркүйек күні бізге бүкіл халық болып Қазақстандағы оқу-білім саласының рөлі мен маңызы туралы келелі әңгімені ұзын арқан, кең тұсауға салмай, дереу бастауымызға бір себеп болып тұр.

Бірақ тек қана жоғарғы жаққа жағымды пікір айтып, оң есеп беруге бойы үйреніп кеткен біздің билік осы ойларға, мұғалім қауымының жанайқайына құлақ тігер ме екен? Ол жағынан менің күмәнім мен күдігім зор.

Әміржан Қосанов,
арнайы «Жас Алаш» үшін

30 тамыз 2018 жыл
Просмотров материала: 1 716

Поделиться материалом


16:53 Казахстан расплатится с Таджикистаном электроэнергией за... 13 Просмотров

16:41 21 мың теңгенің жыры: жалғызбасты ана екі баласын әкімдікке... 69 Просмотров

16:15 Биыл Құрбан айттың алғашқы күнінде қазақстандықтар... 90 Просмотров

16:09 Смерть студентки из Казахстана в Китае: версия убийства... 49 Просмотров

15:46 9 тысяч деревьев планируется вырубить для постройки... 62 Просмотров

15:07 Микроавтобус сгорел на пр. Аль-Фараби в Алматы (ВИДЕО)... 66 Просмотров

14:34 Около 1100 домов отремонтировали в Арыси... 76 Просмотров

14:01 МВД Казахстана начнет отслеживать превышение скорости на... 90 Просмотров

13:25 487 миллиардов тенге вывели с депозитов жители Нур-Султана... 126 Просмотров

13:06 Вы не оправдали доверие людей и доверие государства -... 143 Просмотров

12:33 Қазақстанда білім және ғылымды дамытудың жаңа бағдарлама... 190 Просмотров

12:22 Потребовавшая квартиру вне очереди многодетная мать... 207 Просмотров

12:08 С января 2020 года пожарным повысят зарплаты на 50%... 160 Просмотров

11:35 Налоговая амнистия коснётся более 7 тысяч алматинцев... 161 Просмотров

11:31 На севере Казахстана увеличили количество уличных видеокамер... 168 Просмотров

11:00 Средняя зарплата в Казахстане составила почти 178 тысяч... 149 Просмотров

10:58 Министр Мирзагалиев призвал казахстанцев вместе очистить... 178 Просмотров

10:43 Какая помощь в ближайшие годы будет доступна людям с... 141 Просмотров

10:37 О роли личности в истории... 201 Просмотров

10:05 Жители Алматы смогут отправлять фото, видео ЧП через... 191 Просмотров

09:50 Казахстан лидирует по количеству самоубийств в Центральной... 1 210 Просмотров

09:34 Афганистан планирует закупать североказахстанскую пшеницу... 160 Просмотров

09:19 Акмолинский пеший патруль раскрыл свыше 4500... 172 Просмотров

09:11 Убийство судьи и 100 госслужащих планировали двое жителей... 173 Просмотров

09:08 Қасым-Жомарт Тоқаев: Шетелдіктерге жер сатылмайды... 158 Просмотров

08:50 Жителя Сайрама убило током во время зарядки телефона... 201 Просмотров

08:43 Тамара Дуйсенова получила новую должность... 148 Просмотров

08:38 Жаркая погода ожидается сегодня во всех регионах Казахстана... 151 Просмотров

08:31 Курс валют на 16 июля... 149 Просмотров

08:26 Алматы облысында 47 жолаушыны тасмалдаған автобус аударылды... 180 Просмотров

18:44 Когда добрые соседи перестали быть добрыми... 610 Просмотров

18:00 В Алматы прорвало газопровод (ВИДЕО)... 440 Просмотров

17:34 Началась выдача жилищных займов для многодетных под 2%... 398 Просмотров

17:09 600 полицейских вышли на обесточенные перекрестки Алматы... 335 Просмотров

16:32 Финансовая система Казахстана нуждается в серьезной реформе... 364 Просмотров

15:47 "Болашак" не для чиновников... 463 Просмотров

15:40 Автобус перевернулся по дороге на Алаколь - 17 пострадавших... 347 Просмотров

15:28 Названа причина отключения электричества в Алматы... 403 Просмотров

15:24 Алматы: пассажиры застряли в метро из-за отключения... 360 Просмотров

15:19 Каждый государственный служащий должен быть активным в... 459 Просмотров





Опрос


«    Июль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031