22 июля 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Ерлан Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты

Ерлан Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты
Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында алдағы жылдары информатика пәні 1 және 2-сыныптардан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астана қаласында педагог қызметкерлердің тамыз конференциясында айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Конференция барысында Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді.

"Өткен жылы Елбасы, Үкімет біздің білім саласына, жастарымызға, ұстаздарға ерекше назар аударып, үлкен қамқорлық көрсетіп, осының арқасында біршама маңызды мәселелер шешілді. Алдағы оқу жылының басты міндеті — ұстаздардың жағдайын жақсарта отырып, білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыру. Бұл міндет әрбір білім беру деңгейіне қатысты. Әрбір деңгейдің өзінің ерекшілігі бар. Біріншіден, мектепке дейінгі білім. Ең маңызды мәселелер: қамту, бірыңғай бағдарламасын енгізу және тәрбиешілерді дайындау", — деді Сағадиев.

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік осы деңгейде ең жақсы дамыған. Жекеменшік балабақшалар үлесі 30%-тен асқан. Бұл жалпы әлемдік көрсеткішке сай келеді. Ал 3-6 жастағы балалар балабақшамен 93% қамтылған.

"Балапан" бағдарламасы арқылы балабақшалардағы жалпы орын саны халықтың сұранысынан асты. Бірақ бұл республика бойынша. Аймақтарда дисбаланс бар. Ол аймақтағы жұмыс деңгейіне және миграцияға байланысты. Ірі қалаларда, әсіресе Алматы мен Астанада дефицит үлкен. Одан кейінгі маңызды жұмыс — балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беруді толығымен электронды форматқа ауыстыру. Сонда кезек жария түрде және тез жылжитын болады. Осы жылдың ерекшелігі бала-бақшаларда оқу-тәрбие сапасын көтеріп, бір деңгейге келтіру", — деді министр.

Сағадиевтің айтуынша, келесі жылдан бастап 0-сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындау жұмыстары жүргізіледі. Латынша "Әліппе" және кириллицада "Букварь" базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дайын болады.

"Орта білімге өткен жылы ең көп көңіл бөлінді. Бұл білім беру деңгейінде кестеге сәйкес жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда. Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8-сыныптар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды. 4, 9, 10-сыныптарда апробация басталады. Кезең-кезеңімен көшіп отырмыз. Мұғалімдер де, оқулықтар да дайын. Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін көп жұмыс жасалды. Биыл оқулықтардың сапасы жоғары болады деп сенеміз. Оқулықтардың электрондық нұсқалары енгізілді. Сонымен қатар, осы жылы 1 және 11-сыныптарға арналған жаңа мемлекеттік білім беру стандарттары, жаңа типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бекітілді", — деді ол.

Әрі қарай Ерлан Сағадиев білім беру жүйесіне қандай жаңа пәндер енгізілгеніне тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақстандық оқушылардың информатика пәнін 1-сыныптан бастап оқулары мүмкін екенін айтып өтті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 5 және 7-сыныптарда "Өлкетану" курсы биыл алғаш рет енгізіледі. Оқулықтар мазмұнын өңірлерде құрылған авторлық топтармен бірге жасадық. Бүгінгі күні оқулықтар дайын. Өлкетануды сапалы жүргізуіміз қажет. Биыл "Информатика" пәні 3-сыныптан басталады. "Цифрлық Қазақстан" программасының аясында информатика сабағы келесі жылдан 1-2-сыныптарға енгізіледі. Олардың бағдарламалары дайындалуда. Цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылуда. Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілді, мұғалімдер оны тиімді пайдалана білуі қажет. Министрлік ұсынысымен жаңа оқу жылынан бастап әр балаға жеке логин беріледі. Енді цифрлық ресурстар үйде де, мектепте де бәріне тегін қолжетімді болады", — деп қорытты сөзін министр.

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы — жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға. Конференция Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауында және "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, туындаған мәселелер мен инновацияларды талқылауға арналған сұхбат алаңына айналады.
Просмотров материала: 5 548

Поделиться материалом


19:20 Шесть штрафов получил алматинец за езду "задом" по... 101 Просмотров

19:10 Выбежавший к Роналду юный казахстанец отделался... 137 Просмотров

18:13 В КазАгро объяснили убытки холдинга: Много занимали в... 153 Просмотров

17:57 Тоқаев: мен өзімді өзгертпеймін, осы қалпымда қабылдаңыздар... 158 Просмотров

17:44 Нужно решать вопросы обновления законопроектов —... 205 Просмотров

17:34 3 тысячи пар обуви от Adidas: WhatsApp-рассылка опасна для... 370 Просмотров

17:29 Тоқаев: Сталиндік қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес... 153 Просмотров

17:17 Поступок 14-летнего фаната Роналду из Актау рассматривает... 196 Просмотров

17:10 Куда пожаловаться на госслужащих в Казахстане... 125 Просмотров

16:52 Сбил женщину и уехал: актюбинский полицейский получил... 248 Просмотров

16:25 В Нур-Султане сотрудники аэропорта по ошибки отправили... 180 Просмотров

16:08 Наркопритон в вузе Шымкента: в МОНе прокомментировали... 206 Просмотров

16:07 Граждане 61 страны мира могут посещать Казахстан без визы... 190 Просмотров

15:53 Воспитательницу, предотвратившую похищение ребенка, поощрят... 199 Просмотров

15:34 В Алматы напали на журналистов на пресс-конференции по делу... 227 Просмотров

15:28 Необходимо поднять зарплаты работникам АПК, - Кумар... 140 Просмотров

14:40 Токаев пообещал постараться понять творчество Скриптонита... 215 Просмотров

14:32 Студентов медвузов переводят на шестилетнее образование... 171 Просмотров

14:17 Член Нацсовета предложил увеличить заработные платы всех... 324 Просмотров

14:05 Сакральную карту Петропавловска предложили дополнить двумя... 171 Просмотров

13:17 Не от жадности многодетные разводятся. Разводятся от... 2 220 Просмотров

13:11 Арысь: восстановительными работами охвачены порядка 5000... 203 Просмотров

12:36 Начальник колонии подозревается в получении взятки... 164 Просмотров

12:29 Зарплаты врачей поднимут до 550 тысяч тенге... 223 Просмотров

11:57 Аида Балаева назначена помощником президента РК... 183 Просмотров

11:50 Тоқаев: Қытайда жемқорларды қалай ататынын көрдім... 202 Просмотров

11:42 В Петропавловске откроют реабилитационный центр для... 154 Просмотров

11:37 Службу центральных коммуникаций создали при президенте... 162 Просмотров

11:15 Алматы арена и Халык арена переданы в частные руки... 673 Просмотров

11:10 Тендер не для вас: Павлодарский бизнесмен обвинил чиновницу... 189 Просмотров

10:58 Казахстанцы стали меньше интересоваться азартными играми... 117 Просмотров

10:34 Цены на бензин в Казахстане снижаются... 172 Просмотров

10:20 Тело 4-летней девочки нашли в заброшенном гараже в Шымкенте... 188 Просмотров

10:13 21 тыс. тенге на ребенка: Многодетная мать задержана по... 199 Просмотров

10:09 Четверо детей отравились волчьей ягодой на севере Казахстана... 156 Просмотров

09:32 Токаев ушел в краткосрочный отпуск... 203 Просмотров

09:28 9 млрд тенге выделено на обеспечение аулов водой в... 148 Просмотров

09:20 Токаев: Зачем мне вызывать журналистов, когда есть Twitter?... 390 Просмотров

09:18 Двое военнослужащих ранены в результате взрыва на полигоне... 158 Просмотров

09:11 Военные перехватили дрон, пытавшийся провести съёмку над... 174 Просмотров





Опрос


«    Июль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031