27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



12 жасында студент атанған вундеркинд Абзал Мырзаш АҚШ-қа кеткісі келеді

17 август 2018, 17:20
12 жасында студент атанған вундеркинд Абзал Мырзаш АҚШ-қа кеткісі келеді
12 жасында студент атанған Абзал Мырзаштың 15 жасында бакалавр, 17 жасында магистр, ал 18-інде PhD дәрежесін алуға барлық мүмкіндігі бар. Бүгінде Абзал – 13 жаста. Алайда ол өзін бала сезінбейді, керісінше өзгелерден бір қадам алда болуы керектігін айтады.
12 жасында студент атанған Абзал Мырзаш ЖОО-ны мерзімінен бұрын тәмамдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Kazakh TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Бүгінде ҚБТУ-да оқып жатқан Абзал 1 жарым жасында сөйлеп, 2 жасында әріп танып, 3 жасында оқу-жаздуды үйренгенін айтты.

«Кейін 5 жасымда түрл әлем, жаратылыс туралы сұрақтарым көбейе бастап, ата-анамнан сұрай бердім. Сонда әкем: «Бізден сұрай бермей, кітаптан оқысаң қайтеді? Әйтпесе біз саған дұрыс түсіндіре алмауымыз мүмкін», – деді. Сөйтіп маған түрлі кітаптар мен энциклопедияларды сатып алып берді», – дейді Абзал.

Дарынды бала 5 жасында орыс мектебінің табалдырығынан аттаған. Ол екі сыныпты орысша оқығанымен, әрі қарай оқуын қазақ сыныбында жалғастырыпты.

«Мен 4-сыныпта ата-анама оқудың қызық емес екенін айттым. Сонда олар мені 5-сыныпқа көшіру туралы өтініш жазды. Мен сынақтан өтіп, 5-сыныпқа көштім де, оқу жылының жартысында 6-сынып бағдарламасын оқи бастадым. Осылайша, сыныптан-сыныпқа көшіп, мектепті ерте бітірдім», – дейді Мырзаш.

Иә, осылайша, Абзал небәрі 12 жасында мектеп бітіріп, еліміздегі беделді оқу орындарының біріне мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен. Абзалдың сөзінше, өзінен біршама жас үлкен студенттермен араласып кету қиынға соғыпты. Алайда 2-3 аптада тез тіл табысып кеттім, дейді ол.

Ал бүгінде ІТ саласында оқып жатқан Мырзаш бала кезінде дәрігер болғысы келгенін жасырмады. Алайда әкесінің кеңесі таңдауын түбегейлі өзгертіпті.

«Алғашқыда мен әкем сияқты кардиохирург дәрігер болғым келді. Алайда әкем маған: «Ата-анаңның мамандығына біздің көңіліміз үшін қызықпа, өзің қалаған жолды таңда», – деді. Осы сөзінен кейін дәрігер боламын деген ойымды өзгерттім», – дейді Абзал.

Өз сөзінде Абзал Мырзаш ақпараттық технологиялар заманында елі үшін көп еңбек сіңіргісі келетінін жеткізді. Алайда бүгінде барлығы автоматтандырылып жатқанымен, кей салада роботтар өз міндетін дұрыс атқара алмауы мүмкін екенін атап өтті.

«ХХІ ғасырды ақпараттық технологиялар заманы деп бекер айтпайды. Оларды жастар дамытуы тиіс. Ақпараттық технологиялардың арқасында бәрі автоматтандырылып, көптеген жұмыс пен қызметті роботтар атқаратын заман алыс емес. Дегенмен адамдардың жұмыс істеуіне орын қалады деп ойлаймын. Роботтар дәрігерлердің, мұғалімдердің жұмысын дұрыс жасай алмауы мүмкін. Мұндай қызметтерді атқаратын роботтарды жасау үшін осы саладағы жақсы маман және ақпараттық технологияларды танитын адам қажет», – дейді ол.

Абзал Мырзаш өзін үлкен ғалымдармен салыстырмайды. Алайда болашақта өз саласында үлкен жаңалық ашсам деген арманы барын жасырмады.

Бүгінде ҚБТУ-да 2-3 жылды бітірсем деп жоспарлап отырған Абзал білімін Массачусетс технология институтында жалғастырғысы келеді. Ол аталған танымал оқу орнының «Ақпараттық жүйелер және нанотехнология» факультетінде оқуды жоспарлап отыр.
Просмотров материала: 2 364

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 396 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 215 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 187 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 130 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 114 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 617 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 765 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930