19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарақалпақтар тәуелсіздік алуға талпынуда

17 август 2018, 10:56
Өзбекстанның құрамындағы Қарақалпақстан автономиясы тәуелсіздік алу мақсатында түрлі күрестер жүргізіп жатыр. Telegram әлеуметтік желісіне "Алға, Қарақалпақ" атты парақша ашылып, ұлты қарақалпақ ағайындар жаппай тіркелу үстінде. 10 тамыз күні Қарақалпақстан республикасының Азаттық ұйымдары Нөкіс қаласында тыныштық пен бейбітшілік акциясына шыққан. Сол митинг турасында қарақалпақ тілінде жарияланған мақаланы ықшамдап, оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

Міне, ағайындар, күні кеше Қарақалпақстан Республикасы Азаттық ұйымдары тек Азаттық деп, Еркіндік деп 10 тамыз күні астанамыз Нөкіс қаласында тыныштық пен бейбітшілік акциясына шықты. Халықта әлі де болса қорқыныш бар. Белгіленген майданға біз 100 адам шығады деп едік. Бірақ, тек 29 адам Қарақалпақстан Парламенті алдына барып, соның 5 адамы Қарақалпақстан Республикасы басшысы Мұса Ерниязовқа арыздар беріп, талаптар қойды. Бұл жеңіс пе? Жеңіліс пе? Бүгін осы нәрсеге асықпай баға беретін уақыт келді.

Қатысқан адамдар Қарақалпақстан Республикасында Өзбекстанның әскери бөлімдері, Өзбек ұлттық гвардиясы және ОМОН мен ГАИ қызметкерлері мен полиция көбейгенін, әр бір 100-200 метр жерде полиция қызметкерлері жүргендігін назарға алды. Өзбек Қауіпсіздік комитетінің арнайы адамдары сияқты киініп жедел алып бара жатқанын назарға алды.

Ташкенттен арнайы топтар келіп Қарақалпақстанда азаматтық қоғамды жоқ ету, қорқыту бойынша жұмыстар істеп жатқанын нақты дәлелдейді. Міне, осындай Өзбекстанның арнаулы Қарақалпақстан Республикасының халқын қорқытуменен шұғылданып жатқанын, батырларымыздың қорықпастан майданға шығуы бұл бұл жетістік болып саналады.

Қуаныштысы, Қарақалпақстан Азаттық ұйымдары акцияны заң талабының аясында өткізді. Бұл бағдарды енді әр бір бейбітшілік акциясына мысал етуіміз керек. Егер біз шын мәнінде Азат һәм Еркін ел боламыз десек, осы Заң аясында талаптар қойып, Ташкентте отырған Мирзияевтың адамдарына Қарақалпақстан Өзбекстан емес екенін түсіндіріп және көрсетіп беруіміз керек. Мұны Миризияев түсінуі керек. Қарақалпақстанда демократиялық өзгерістер болуы керек. Бірақ, бұл іске Ташкент араласпауы тиіс. Қарақалпақстан мен Өзбекстан арасында тең құқылы қарым-қатынасты бүгіннен бастау керек. Адам еркін болмай рухани даму болмайды. Халықты қорқытып, Қарақалпақстан Республикасының жер асты байлықтарына Мирзияев жүйесі тағы 10 жыл иелік етуі мүмкін. Мирзияев та мәңгі тұрмайды. Мирзияевтың Қарақалпақстаннан әкеткен валюта түсімдері де бір күні әшкере болады. Міне, сонда Миризияевтің қиянат істеріне жол ашылады. Ақиқатты ешкім жоқ ете алмайды және ақиқат бәрібір өз жолын табады. Бұл Құдай алдында да, халық алдында да хақ!

Қарақалпақстан бұл Өзбекстан емес! Өзбекстан бүгін есебін тауып Қарақалпақстанға Азаттықты беру талабын айтуы керек. Қарақалпақстан мен Өзбекстан арасында экономикалық қарым-қатынас болуы керек. Скандинавия елдері сияқты қарым-қатынас болуды қалаймыз. Бүгінгі Қарақалпақстан басшылары Өзбекстанға Мирзияев айтқан қағазға қол қойып, қалаған шешімді һәм қағазды істеп беруі мүмкін. Бірақ, бұл халықаралық сотта Мирзияевқа қорған бола алмайды. Дүниежүзілік Заң бар. Міне, Өзбекстан мен Қарақалпақстан арасында қарым-қатынас сол дүниежүзілік Заң талабына сай болуы керек.

Қарақалпақстан Азаттық алса Өзбекстанның көп мәселесі шешіледі. Арал теңізі мәселесі де шешіледі. Бұл үшін бірінші кезекте Өзбекстан оккупациялық армиясын Қарақалпақстаннан алып шығып кетуі керек. Өзбекстан Қарақалпақстандағы агитациялық басқыншылық жұмыстарын тоқтатуы керек. Қарақалпақстанда “Қарақалпақстан ЖАСТАРЫ” ауқымы түзілуі керек һәм Қарақалпақстанда қарақалпақтың партиялар құрылуы керек. Олар бүгінгі Азаттыққа ұмтылушы әрекеттің авангард жол бастаушысына айналуы керек. Яғни, Қарақалпақстан Республикасында “Алға, Қарақалпақстанды" партия етіп біріктіретін уақыт келді.

Бүгінде Өзбек Қауіпсіздік Комитеті үлкен провакциялық әрекет істеп отыр. Көрінген адамды қоқытумен шұғылданады һәм олардың арыздары бойынша ақша алып, арыз берген 5 адамның да шағымдарын орындайды. Демек, сол 5 адамды бақылауға алады. Біз мұны білеміз және КГБ іс әрекеті арқылы бұлардың ертеңгі істейтін іс-әрекеттерін толық біліп отырмыз.

Енді не істеу керек? Ендігі тыныштық пен бейбітшілік акциясы үшін халық әлі де қатты даярлануы керек. Кешегі арыз берген адамдар 31 тамыз күні сол арыздарының шешімін тағы сұрауы керек. Жаңадан арыз жазған адамдар қайтадан 31 тамыз күні Қарақалпақстан Республикасының басшысы Мұса Ерниязовқа арыз жазып баруы керек. Бұл жерде бір ұйым жасап, Қараөзектен келген халық Қоңыраттан келген халықпен және олардың арасындағы көшбасшылармен кездесуі керек емес. Себебі біз кездесуге әрекет жасасақ, Өзбек ұлттық қауіпсіздік комитеті біздің көшбасшыларды анықтап, оларды жоқ етуге әрекет етеді.

Сол үшін ең негізгі қағиданы естен шығармаңдар. Акция ТЫНЫШТЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛЫ екен, тек АРЫЗ жазып бара беруіміз керек. Сонда ешкім де СІЗДЕРГЕ күш көрсете алмайды. Арандатуға жол бермеу керек. Ашуланбау керек.

Милиция келіп күш көрсетпекші болса, қарсыласпай айтқынын істеу керек! Тағы айтамын, тыныштық жолы бұл ең дұрыс һәм мәселені шешетін жол.

Қарақалпақстан Республикасы бұл – Мемлекет. Мемлекетті халық түзеді екен. Конституцияны қағида етіп, тыныштық акциясын пана ете береміз. Егер біз Заңды бұзсақ, Өзбек ұлттық қауіпсіздік комитеті бізді қудалауға алады. Сондықтан біз ешқандай Заңды бұзбайық!

АҒАЙЫНДАР ҺӘМ БАУЫРЛАРЫМ, ӘЗИЗ ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ХАЛҚЫМ!

Тек біз Азат болсақ, біз Еркіндік алсақ, Қарақалпақстан Респубилкасы жер асты байлықтары Қарақалпақстанда өмір сүріп жатқан халыққа теңдей бөлінеді. Адам құқығын құрмет ететін заман болады. Сөз еркіндігі һәм сайлау еркіндігі болады. Халықта жұмыс болады және ең аз іс ақысы 4 млн.сум болады. Оқу ақысы бәрі төлемсіз болады. Қарақалпақстанда өндіріліп жатқан газ, тоқ, су халыққа 24 сағат беріледі. Және көрші елдерге сатылатын болады.

Бірінші орында халық қызметі Қарақалпақстан Республикасы үшін маңызды болады. Бұл үшін біз көрші ел Өзбекстаннан өз құқымызды һәм Азаттығымызды алуымыз керек!

Біз Өзбекстан басшылары мен Қарақалпақстан Азаттығын тыныштық жолымен шешуге және сөйлесуге даярмыз. Бұл үшін әрбір Азаттыққа ұмтылған Халықты - бізді қолдап, қуаттауға шақырамыз!

Қарақалпақ тілінен еркін аударма жасаған Нұрбике Бексұлтанқызы
Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 6 263

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 670 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 492 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 462 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 397 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 380 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 229 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 726 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 282 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 432 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 823 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930