29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ашаршылықты көрген қарияның әңгімесі

16 август 2018, 12:29
Ашаршылықты көрген қарияның әңгімесі
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында КСРО-ның әпербақан басшысы Н.Хрушевтің ұйғаруымен және ол кездегі Қазақ КСР-нің басшысы Юсуповтың қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының Мырзашөлдегі үш бірдей ауданы Өзбекстанға бөлініп берілген болатын. Арада сегіз жыл өте Қазақстанның жаңа басшысы Д.Қонаевтың тікелей араласуымен қайтадан кері қайтарылып алын­ған еді.

Осы кездері мен Ленгер ауданының тұтынушылар одағында қызмет істеп жүргенмін. Бірде «Казпотребсоюздың» шешімімен бізді «Облпотребсоюзға» жинап, үш аудандағы сауда орындарын жаппай жауып, тексеруден өткізуге жіберді. Біз Мәжит деген кісі екеуміз Жетісай ауданына барып, сол жердегі сауда орындарын түгелдей есеп-қисапқа жаптық.

Жұмысымыз аяқталуға жақын қалған кезде сол жердің басшысы Қалмет бізге: «Ау, ағайындар, жұмыстан шаршаған шығарсыздар. Мынау көрші Жызақ облысын басқарып жүрген бір жақын сыйлас ағайыным үлкен той бергелі жатыр, соған барып тамашалап қайтайық», – деп ұсыныс жасады. Жаңағы кісі әкесінің сексенге толғанына орай әрі сүндет той өт­кізбекші екен. «Бәйге беріліп, көкпар да болады, салымы жүз қара басы түйеден басталады», – деп бізді қы­зықтырды.

Содан үш жігіт болып Жызаққа атанып кеттік. Ертелете жолға шыққандықтан түскі асқа уақтылы жеттік. Жетісайдан барған бізді қадірлі қонақтар жайғасып отырған қазақи киіз үйге орналастырды. Үлкен кісілер болатын тойдың қызығын әңгімелеуде.

Арада көп өтпей алдымызға ас келіп, бата сұралды. Бір жасы үлкен кісі бата бергесін алдымыздағы асқа бас қойғанбыз. Біраздан соң арада отырған бір жігіт жаңағы той иесінің әкесіне: «Қария, міне, балаңыз сізге осынша шашылып құрмет көрсетіп, сексен жасқа келгеніңізге әрі немереңізге сүндет той жасап жатыр. Сізде не арман бар?» – деп қалды. Сол кезде анау кісі сәл ойланып алып: «Әй, балам, сен не деп отырсың?! – деді оған қадала, басын шайқай қарап. – Бұл пәни жалған дүниеде армансыз адам өтпеген шығар. Ел басқарған патша да, ғұлама ғалым да, қарапа­йым пенде де армансыз болмайды. Енді сен сұрап қалдың, өзімнің ең күшті де жанымды қинайтын арманымды айтып берейін».

Бәріміз елеңдесіп, ол кісінің аузына қарадық.

«Мен сонау алыстағы Арқа жақтан едім, – деді ол кісі әңгімесін жалғап. – 1930-жылдардағы ашаршылық нәубеті біздің де отбасымызды қыспаққа алған болатын. Содан жұрттан Ташкент жақта еңбек етсең аштан өлмейсің дегенді естіп бір күні әйелім мен 3 жасар жалғыз ұлымды ертіп, біраз ас-ауқат алып жолға шықтық.

Жолда әр жерге қонып, қырық күннен аса шаршап-шалдығып келе жаттық. Баланы кезек-кезек арқалаймыз. Жолға алған ас-ауқат, талқан, құрт та таусылып, ада болды. Содан амал жоқ жол-жөнекей әртүрлі шөп тамырын пышақпен қазып жеп талғажау еттік. Денеміз аштықтан ісініп кетті. Аштық пен ләпсі жеңіп, әйелімді: «Бекерге аштан өлгенше баланы сойып жейік», – деп айналдыра бастадым. «Осыдан аман қалсақ, әлі жаспыз ғой, Алла берсе тағы да перзент болар», – дедім. Ол бірден шошып, тұрып кетті де, баланы құшағына қысып алып, жылаған күйі менен аулақ қаша жөнелді.

Содан ол бағыты белгісіз жаққа ұзап қаша берді, ал мен одан көз жазбай, артынан ілбіп ілесе бердім. Арада екі күн өтіп, үшінші күні сәске түс болған кезде алыстан аттылы жо­лаушылардың шаңдатып келе жатқаны көрінді. Алда келе жатып бұны байқап қалған әйелім дереу басындағы орамалын шешіп алып, бұлғай бастағанын көрдім. Жолаушылар да байқады білем, екі аттылы әйеліме қарай бұрылып келді, жанына тоқтап, біреуі аттан түсіп жатты.

Зорға дегенде сүйретіліп біраз уа­қыттан кейін олардың алдына мен де жеттім. Ат үстіндегі жолаушы мені ай-шайға қарамай, бас-көз демей қамшының астына алды. Менде қайбір қауқар бар, етпетімнен құлап түстім. Осы кезде әйелім мен үш жасар ұлым шырылдап жылап арашаға түсіп, екеуі де үстіме құлай кетті. Сол кезде жерде тұрған балуан денелі жолаушы ананы ұрсып тоқтатып: «Өзі өлімші немені несіне ұрасың?» – деп қайырып тастады.

Олар есімізді жиған соң бізге азғантай нанды суға жібітіп берді. Біз біраз әл жиған соң біреуі әйелімді артына мінгестіріп, біреуі баламды алдына алды да, жақын тұста көрініп тұрған бір ауылға қарай тартты. Мен де олардың артынан еріп, жетер жерге жете құладым.

Сол жерде біраз болып, кейін Ташкентте бір бақуат кісіге жұмысқа жалданып әйелім екеуміз өмір сүріп жаттық. Осы жерде әйелім бір ұл мен бір қыз туды да, ауырып, бұл пәниде үш жылдай жасап, о дүниеге аттанып кете барды. Мен үш перзентімді тәрбиелеп өсіріп, оқытып, қатарынан қалдырмай, осы күнге аман жетіп отырмын. Ащы өкінішті арманым – перзенттерімнің рахатын мен көріп, ал талай қиыншылыққа төзіп, ұлын ажалдан алып қалған әйелім осы балаларының рахатын көре алмай кеткені».

Қария осылай деп, көзінен парлай аққан жасты әзер тыйған күйде төмен қарап үнсіз отырып қалды. Біз де оны не деп жұбатарымызды білмей, мең-зең күйде үнсіз қалдық.

...Иә, тағдырға дауа бар ма, ағайын? Халқымыздың басына енді қайтып ондай нәубет төн­бесінші! Еліміз тыныш, халқымыз тоқ, дастарханымыз әрда­йым берекелі болғай!

Ашаршылықты көрген қарияның әңгімесі


Шырмалбек ОРАЗБЕКҰЛЫ, Төлеби ауданы

Дереккөз: zamana.kz
Просмотров материала: 2 261

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 632 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 470 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 456 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 395 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 350 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 643 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 453 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031