29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен тұрғындарды саяжай басшысы жарық пен сусыз қалдырмақшы

11 август 2018, 12:36
Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен тұрғындарды саяжай басшысы жарық пен сусыз қалдырмақшы
Өскемен қаласы «Восточник-3» баубақша қоғамдастығына қарасты саяжай басшысы Шушанников Г.П күшіне мінді. Жергілікті тұрғындарға қазақ тілінде хабар беріп, қазақ тілінде жиналыс өткізуден бас тартып отырғанын айтып шағымданғандарды қыспаққа алып жатыр. Сондағы ойлап тапқаны не дейсіздер ғой, өз пікірін айтып, шағымданғандарды қоғамдастық мүшелігінен шығарып, жарық, судан ажыратамын деп қорқытыпты. Бұл туралы qamshy.kz хабарлайды.

Кеше «Восточник-3» баубақша қоғамдастығының саяжай тұрғындарына ашқан жиналыста, тұрғындарды жинап алып резонанс тудырғандарды мүшеліктен шығаруды қарастырылып жатқанын айтқан. Неткен өзіне деген сенімділік дерсің. Құдды бір аталған саяжай Қазақстан территориясында емес, жеке дара мемлекетте тұрғандай. Өз заңдары бар, саяжайда қандай шешім қабылдаймын, нендей заң шығарамын десе де өз еркі. Ол Қазақстан Республикасының Ата-Заңына сәйкес келе ме, жоқ па, оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Өйтпей қайтсін? Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңын белшесінен басып келеді. Оған әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Мұндағы әже мен қожа жергілікті халық емес, құзырлы органдар. Себебі халық бұрыннан бері бұл бассыздық пен заңсыздыққа өз наразылығын білдіріп келеді. Алайда нәтижесіз. Басындағы мәселесін айтып, прокуратураға да арыз жазды, әкімдіктің де табалдырығын тоздырды. Халықтың мұңына құлақ асар бір ресми орган табылмады.

Шушанников тұрғындардың шағымы аяқ асты қалып жатқанына куә болған сайын тұрғындарға деген өктемдігін қаталдата түскендей.

Заңгер Абзал Құспан бұл мәселенің күрмеуін шешу оңай екенін айтады. Прокуратураға жіберілетін арызда Шушанниковтың қандай әрекеттері нақты қай заңды бұзып отырғанын тізбектеп шығу керек екенін айтады. Заңгер Прокуратураның нақты функциясы анықталып, көрсетілмегендіктен, арыз нақты заң бойынша көрсетілмегендіктен оны қарамай отыр деген ойда.

– Менің заңгер ретінде кеңесім, тұрғындардың әрқайсысы 20 мыңнан жинап сауатты, ұлтжанды, табанды юристі жалдағаны абзал. Шушанниковтың ҚР Тіл туралы заңын бұзып отырғаны айдан анық. Шушанниковке шағымданғандарды кооператив мүшелігінен шығарып, жарықты, суды өшіру туралы шешімді қарауының өзі заңсыз. Себебі жарықты, суды тек оның ақшасын төлемеген жағдайда ғана қия алады, дейді заңгер.

Абзал Құспан айтпақшы, бұл заңсыздыққа заң аясында тоқтау қою жеңіл, бірақ бірнеше жылдан бері Шушанниковқа, қоғамдастыққа прокуратураның да, әкімшіліктің де тісі бата алмай отыр. Заңгер Руслан Түсіпбеков те қоғамдастықтың тілге қатысты жүргізіп отырған саясатының нақты қандай бап бойынша бұзып отырғанын айтып берді.

– Көбісі орыс тілі ресми тіл деп ойлайды. Алайда орыс тілі ресми тіл емес. Себебі Қазақстанда ресми тіл деген ұғым жоқ. Мемлекеттік тіл деген ұғым бар. Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

ҚР Ата-заңының 7-бабында былай деп жазылған – «Орыс тілі ресми емес, бірақ тек мемлекеттік органдарда ресми қолданылады» делінген. Конституцияның 7-бабына сүйенсек, орыс тілі ресми тіл болып саналады. Ал мемлекеттік емес органдарда қазақ тілі міндетті түрде қолданылу керек. Ең бірінші басымдылық қазақ тіліне берілуі тиіс. Себебі, тағы қайталап өтейін – қазақ тілі мемлекеттік тіл.

Заңгер айтып өткен 7-бапқа толығырақ тоқталайық. 7-баптың екінші тарауында «Орыс тілі ресми емес, тек мемлекеттік органдарға ресми тіл ретінде қолданылады» делінген. Айырмашылық бар ма, бар. Көбі қателесіп, «Елбасының өзі енгізді ғой, орыс тілі – ресми тіл» деп қателесіп жатады.

Заңгердің айтуынша, кез келген қазақстандық Қазақстанның кез келген жеріне барып, қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етуге толық құқылы. Одан бас тартса, сотқа шағымдануына да болады.

ҚР Тіл туралы заңда заң тасқа таңба басқандай жазылған. Алайда Шушанников бұл заңды оқымаған немесе оқығысы келмейді.

Қазақстанда тілге қатысты осындай мәселенің туындауының өзі елдігімізге сын. Заңгер Руслан Түсіпбеков мұндай жағдай екінші мәрте қайталанбауы үшін арнайы құзырлы орган құру керек екенін айтады.

– Бізбен қатар тәуелсіздік алған Балтық елдері – Латвия, Литва, Эстония ана тілдерін қорғап, дамыту үшін тіл полициясын құрған. Бізге сондай орган қажет. Оның атауын полиция дейміз бе, әлде басқалай қоямыз ба, ол жағын ойлану керек. Қазақ тілінің дұрыс қолданылуын қадағалап, тіл туралы орган заң жүзінде шара қолдана алатын, жазалай алатындай болу керек. Сот арқылы мәселені шешу көп уақытта талап етеді.

Заңгерлер айтпақшы, бұл мәселені шешу оңай болғанымен, оны қиындатып жүрміз. Заң бұзушылық орын алғанын шырылдап айтып жүрген тұрғындар бірнеше жыл бойы осы заңсыздықтың құрбаны болып келеді.
Просмотров материала: 3 158

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 593 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 433 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 420 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 357 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 311 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 632 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 442 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031