25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Өзбекстандағы Абай жолы". Ташкент төріндегі той

Бауырлас Өзбекстан мемлекетінің астанасында ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет кең ауқымда тойланып жатыр. Айтулы шараға Шығыс Қазақстан өңірінен облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова бастаған арнайы делегация қатысуда.

Өзбек елінде Абайды ұлықтау, оның әдеби мұрасын жұртқа насихаттау жұмыстары наурыз айында басталып кеткен екен. Оған қос мемлекет басшыларының өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімдері серпін берсе керек. Осы келісім аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиев арнайы қаулы қабылдаған. Сол қаулы негізінде биыл Өзбекстанда Абай жылы жарияланыпты.

Ташкент төріндегі салтанатты іс-шара Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаевтың, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің, Өзбекстан Республикасының Ұлтаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Рустам Курбановтың, Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың қатысуымен өтті.

"Өзбекстандағы Абай жолы". Ташкент төріндегі той


Ұзындығы үш шақырымға жетеғабыл Абай көшесінің басында қасқайып ұлы Абайдың ескерткіші тұр. Оның артында - төбесіне көк күмбез төңкерілген Қазақстан елшілігінің еңселі ғимараты. Ташкенттіктер оны Өзбекстандағы ең үлкен елшілік ғимарат деп сипаттады бізге. Ескерткіш алдына ел таңғы сағат 8.00-ден жинала бастады. Арасында қазақша қауқылдасып жатқан қарттар да жетерлік.

Абай тұлғасына тәу етуге келген қалың қауымға алғашқы лебізді Қазақстан елшісі білдірді.

-Биыл наурызда қабылданған Өзбекстан Президентінің қаулысында Абай шығармашылығы Қазақстанмен қатар, өзбек халқының да рухани дамуына зор ықпал еткені атап көрсетілген. Абай ескерткішінің алдында ақынның туған күні қарсаңында өлең оқу бұдан былай дәстүрге айналмақ, - деді Ерік Өтембаев.

Өр Алтайдан арнайы барған Шығыс Қазақстан делегациясы ұлы ақынның Ташкенттегі оқырмандарына ерекше сыйлық ала барған еді. Ол – «Абай әлемі» сериясымен басылып жатқан 100 томдық топтаманың алғашқы бес кітабы. Аталмыш тартуды белгілі ғалым Арап Еспенбетов Өзбекстан Жазушылар одағының ғимаратында өткен конференцияда табыс етті. Екі іс-шарада да Семей қалалық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері мазмұнды көрме ұсынды. Ташкенттің зиялы қауымын әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген сирек кітаптар қызықтырды. Олардың арасында Абай көз майын тауысып оқыған ескі кітаптарды қолға алып, жақсы ырымға балағандар да болды

-Ташкент төріндегі тойға ұлы Абайдың жерлес ұрпақтары ретінде қатысу – біз үшін үлкен абырой. Қазақтың бас ақынын осылайша ұлықтап жатқан бауырлас мемлекетке бүкіл Шығыс Қазақстан халқының атынан алғыс айтамын. Ұлы Абайдың мұрасы өзі туған өңірде де кеңінен насихатталуда. Оның шығармасы бүгінде әлемнің 28 тіліне аударылды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да ұлы ақынның мұрасын түгендеуге көп септігін тигізуде. Биылғы жазда ғана 2000-нан астам мектеп оқушысы ұлы Абай туған Жидебай өңіріне саяхат жасап, Абай әлемімен тыныстап қайтты. Бұл мазмұнды саяхатқа Өзбекстан оқушыларын да шақырамыз, - деді делегация жетекшісі Әсем Нүсіпова.



Ташкенттегі қазақ жастары Абай мұрасынан кенде емес екендіктерін дәлелдеп, ақын өлеңдерін қос тілде жатқа оқыса, семейлік дәстүрлі әнші Берік Омаров Ташкент аспанын Абай әндеріне бөледі.

Елшілік алдындағы іс-шара ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен түйінделді. Ал Жазушылар одағының ғимаратындағы конференция кешке дейін жалғасып, қос елдің зиялылары Абай әлемін насихаттау мәселелерін талқылады.





Есімжан Нақтыбайұлы
Просмотров материала: 2 752

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 172 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 993 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 964 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 904 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 885 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 023 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 548 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 696 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930