29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Халықтың өзі әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді - Жұбаныш Жексенұлы

09 август 2018, 16:49
Халықтың өзі әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді - Жұбаныш Жексенұлы
Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы қазақ шоу-бизнесіндегі былықтардың бетін ашып, жан айқайын жеткізді. Ол бүгінде телеарналарда мән-мағынасыз, дабыра шоулардың қаптап кеткенін, ал әншісымақтардың той төңірегінде ән шырқап, өзін ел мүддесін ойлап, шаршап жүрген тұлға көрсеткісі келетінін айтып ашынды. Бұл туралы «Қазақ үні» порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің сөзінше, бүгінде шоу-бизнесте жүрген өнер адамдары “не істеп жүргенін өзі білмейді. Мұндай масқараға қарап, Жексенұлының өзі әнші болғанына арланатын көрінеді.

«Жоғары жақтан тапсырма бар ма, жоқ шын мәнінде арналардағылар арзандады ма, өңшең өресіз күлдіргі, саяз сатириктердің заманы туды. Танымы бар, ой қозғайтын бағдарламалар жоқтың қасы. Ойын-сауық, бос даңғаза.. Сын айтсаң тағы өкпелеп, жауығады… Өздеріне сенімді, ылғи «кәсіпқой». Үлкеннен имену, кішіден ұялу дегенді мүлдем білмейтін бір толқын келді. Соларды қоғам тағы ұлықтап, қолдан «тұлға» жасауды әдетке айналдырған. Бір сөзбен айтқанда, Масқара! Кім не істеп жүргенін өздері білмейді (әсіресе осы шоу бизнес, әннің айналасында жүргендер). Осыдан кейін әнші болғаныңа ұялып, арлана бастайсың…», – деп бастады сөзін Жұбаныш Жексенұлы.

Өз сөзінде әнші қоғамның деңгейі жұлдыздар туралы өсек теруден аспай тұрғанын айтып қынжылды. Сондай-ақ, ол біраз уақыт бұрын Қайрат Нұртасты «жерге» теңегені үшін қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы сынап-мінегендерді көріп, тыңдарманның ойлау деңгейі, мәдени деңгейі өте төмен екеніне көзі жеткенін басып айтты.

«Есімін ұмытып қалдым, Қытай жақтан келген бір бауырымыз: «Қазақстанда айқайлап ән айтқаннан басқаның бәрі адам емес екен ғой» – деп еді…

Қоғамның да деңгейі сол, әнші-мәнші жайлы өсек теруден аспай қалды. Деңгейсіздік өте қатты белең алды… Осыдан біраз уақыт алдында Бибігүл Төлегенова апамызға «Инстаграмда» өте сорақы пікірлер жазылды. Сол кезде менің жалпы тыңдарманның ойлау деңгейі, мәдени деңгейі өте төмен екеніне көзім анық жетті. Төмен бе, жоқ әлде мүлдем жоқ па? Көрген көз бен естіген құлақтан ұят. Айта берсең, мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады», – дейді Жексенұлы.

Ал мұндай ойыңды айтудың өзі қауіпті, дейді әнші. Себебі көре алмайтын адам болып шыға келесің.

«Айтатын әннің деңгейі той-томалақтың төңірегінде… Бірақ, образдары – ел мүддесін ойлап, шаршап жүрген тұлға. Өйткені ел, халықтың өзі сол әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді… Экранға елпілдеп, екі-үш рет шықса, мән-мағынасы жоқ «Бірлік болсын әлемде» дегенді аузы талғанша қайталағаннан басқа ешнәрсе айта алмаса да, аяғы талғанша секіре берсе, жетіп жатыр… Ертеңіне – «жұлдызсың». Тіпті, сені одан кейін телеарналар мәнсіз, даңғаза шоу бағдарламаларына жүргізушілікке шақырады. Осындай, тек фонограммамен ғана елді алдап, ән айтатын, бірақ екі ауыз сөздің басын құрап сөйлей алмайтын «әншілерді» жүргізушілікке шақырып жүрген телеарналардың «талғамы» туралы не айтуға болады?» – деп ашынды әнші.

Сөз соңында Жұбаныш Жексенұлы даңғаза шоулардың телеарналарда қаптап кетуіне көркемдік кеңестің болмауы себеп болып отырғанын айтты.

«Арзан күлкілі сайқымазақтар мен дәлдүріш әншілердің қаптап кетуіне еш таңдаусыз, талдаусыз, талғаусыз, сүзгіден өткізбей-ақ, эфирге шығара беретін көркемдік кеңесі жоқ телеарналар мен радиолардың да үлесі зор. Ең алдымен миллиондаған көрерменді аяу керек емес пе? Ұят тіпті…» – деп тәмамдады әнші Жұбаныш Жексенұлы.
Просмотров материала: 2 155

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 637 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 475 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 461 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 400 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 355 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 644 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 300 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 454 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031