25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Cолтүстік Қазақстандағы археологиялық Ботай қонысы шетелге ғана керек пе?

Cолтүстік Қазақстандағы археологиялық Ботай қонысы шетелге ғана керек пе?



Жері сулы, орманы нулы теріскейдің әр тауы мен қыраты өткен ғасырлырдың дүбірлі дәуірінен сыр шертетін тарихтың бір парағы іспеттес. Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақытта бұрын кеңестік идеологияның бұғауында шідерленіп келген талай жайлар мәлім болып, рухани құндылықтарымыздың бай қазынасын толықтырғаны белгілі.

Алайда әлі де өткеніміздің оқылмаған беттері, жазылмаған жолдары жетерлік. Бұған Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына барған сапарымызда көз жеткіздік. Бұл ауданның киелі топырағы Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды рухани тұлғаларымыздың атамекені. Сондықтан да мұнда алыс, жақын жерлерден зиярат етіп келушілер көп.

Біз мінген темір тұлпар жер апшысын қуырып тас жолмен жүйткіп келеді. Екі қапталда жасыл желегі төгіле жайқалған қайыңды орман, шоқылы белестер, самал желмен теңіз толқынындай толықсып тербелген шексіз-шетсіз егін алқаптары сырғып өтіп жатыр. Аумағына бес Франция сыйып кететін Қазақстанның әр өңірінің өзіне ғана тән өрнегі мен бояуы бар ғой. Солтүстіктің, ссіресе Айыртау ауданы жерінің көркемдігі ерекше. Алыстан көгілдір сағымға оранып мұнартқан тау жоталарының әр тасында тарихтың айтылмаған сыры, Абылай хан тұлпарының ізі жатыр.

Шуақты күн сәулесі айнадай жарқыраған айдынында ойнаған көлдің жағасындағы аудан орталығы Суаткөлге түс әлетінде жеттік. Ауданның 37 мыңнан аса халқының 38,7 пайызын ғана қазақтар құрайды. Алайда қазақы салт-дәстүр, ұлтымыздың рухани құндылықтары мұнда ежелден берік сақталған.

Саумалкөлдің мәдениет үйінің алдындағы 1993 жылы Елбасының қатысуымен ашылған Ақан сері Қорамсаұлының еңселі ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып осы көрікті де қасиетті мекеннің өткені мен бүгінгісіне қанықтық. Мәдениет үйінің ауқымды бөлігін мұражай алып жатыр. Мұнда да аудан тарихынан сыр шертетін дүниелер аз емес екен. Ал Саумалкөлден отыз шақырымдай жердегі Сырымбеттегі Шоқанның әжесі Айғаным ханымның қонысында болғандағы әсеріміз ерекше. Айналасын тау шоқылары, жасыл балауса көмкерген бұл қонысты Николай патшаның тапсырмасымен Омбы губернаторы салдырған. Осыдан-ақ Айғаным ханымның сөзі өтімді, қадірлі адам болғанын көруге болады. «Мәдени мұра» Бағдарламасы аясында халқымыздың біртуар ұлы, Абылайдың ұрпағы Шоқан Уәлиханұлының балалық, жастық шағы өткен бұл үй жаңартылған. Соның нәтижесінде қоныстағы мешіт, қонақтарға арналған үй, медресе, монша, жел диірмені Шоқан сызбаларының көмегімен қалпына келтіріліп, қазір тұтас мұрпажай кешенін құрап отыр.

Айыртау ауданындағы тағы бір киелі орын Қарасай батыр ауылынан төрт шақырым жердегі Қарасай және Ағынтай батырдың ескерткіш кесенесі. Құлшынбай төбесіндегі қос күмбезді биік кесене алыстан көз тартады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған Ордабұлақ шайқасында жаудың елу мың қалың қолына қарсы бірге шауып, өмір бойы қан майданды бірге кешкен Шапырашты Қарасай мен Арғын Ағынтайға Алла тағала бұл фәни дүниеден өткеннен кейін де ажырамай, бірге болуды бұйырыпты. Екеуінің де мүрделері осы Құлшынбай төбесіндегі құлпытастың астында қатар жатыр. Ел басына күн туған замандағы қазақтың бірлігі қазіргі замандастарымызға үлгі болса игі. Қос батырдың рухына Құран аяттарын бағыштаған біздің пікіріміз осы арнада тоғысты.

Ұлттық құдылықтарымызды тереңнен зерделесек қазақтың көне тарихы адамзат өркениетімен сабақтасып жатыр. Бұған Айыртау ауданындағы Никольское ауылынан бір жарым шақырым жерде, Есіл өзенінің сағасы Иманбұрлықтың маңындағы археологиялық қазба орындарында болғанымызда анық көз жеткіздік. Тарих ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Археология және дала өркениеті институтының директоры Виктор Зайберт бастаған ғалымдар көне Ботай қонысын 1980 жылы зерттей бастаған еді. Қазба жұмыстарының алғашқы кезеңінде-ақ бұл жерден қыш ыдыстардың сынықтары, және ең қызықтысы, тұрғын үйлер аумағынан көп мөлшерде жылқы сүйектерінің табылуы тарихта Еуразия даласын мекендеген сақтардың мәдениеті туралы бұған дейінгі көзқарасты түбегейлі өзгерткен ғылыми төңкеріс болды. Ботай қонысынан жылқы сүйектерінен жасалған пышақ, садақ, найза ұштары, қыш құмыраладың түбінде кеуіп қалған қымыз қалдықтарының ізі, ат әбзелдерінің бөліктері осыдан алты мың жыл бұрын осы аймақты мекендеген ботайлықтардың қымыз ішіп, адамзат тарихында алғаш рет жылқыны қолға үйреткенін дәлелдейді.

Ботай қонысын ондаған жылдардан бері заманауи құралдардың көмегімен жан жақты зерттеп жүрген АҚШ, Германия, Ресей ғалымдары да осындай қорытындыға келіп отыр.

- Негізінен «ботайлықтар» деген шартты атау, - дейді Виктор Федорович Зайберт. – Қазір университетке айналған Солтүстік Қазақстан педагогикалық институтында қызмет істеп жүргенде осы қонысты алғаш рет ашқанымызда оны сол маңға жақын ауылдың атымен Никольское қонысы деп атау ойға келген. Бірақ артынан сол жерде Ботай деген дәулетті адамның ауылы болғаны ескеріліп, әрі айтуға жеңіл, әуезді болғандықтан Ботай қонысы деп атауды ұйғардық. Анығында бұл өңірді тас дәуірінен қола дәуіріне өтер кезеңде сақтар мекендеген. Сақтарға дейін ол жерд кімдер қоныстанғаны әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Жылқы өсіру ботайлықтардың ең басты шаруашылық саласы болғаны толық дәлелденіп отыр.

Ботайды қоныстанған адамдардың жылқыны қолға үйретуі адамзат өркениетінің дамуына зор ықпал етті. Жылқыны алғаш рет көлік ретінде пайдалану Еуразия аумағындағы халықтардың көшіп-қону үрдісіне, басқа аймақтағы халықтармен сауда, экономикалық байланыстар орнатуына, олармен араласып ассимиляцияға ұшырауына әсер етсе, алғаш рет қолданылған ат үстінде соғысу сақтардың әскери өнерін жетілдіріп, жаңа жерлерді жаулап алуына, географиялық кеңістік аумағын кеңейтуіне мүмкіндік берді. Жылқыны әскери мақсатта қолдану осы дәуірден басталады. Жылқыны қолға үйрету адамзаттың өмір салтына, ойлау жүйесіне, мәдениетіне, техникалық дамуына бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкеліп, әлемдік өркениетке жаңа серпін берді.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Досбол Сүлейменұлы Байқонақов Виктор Федоровичпен жұбы жазылмай көп жылдардан бері Ботайдағы қазба жұмыстарына қатысып келеді.

- Ботай мәдениеті жылқыны пайдалану нәтижесінде Ертістен Оралға дейінгі кең аймаққа таралған, - дейді ол. – Ботай өркениетінің тарихы қола дәуіріне өту кезеңінен басталып, сақтардың Еуразия аймағына келіп қоныстануымен жалғасады. Ботайлықтар адамзат тарихындағы ат үстінде соғысқан алғашқы жауынгерлер болған. Жаугершіліктің осы кезеңіндегі ассимиляция барысында бұрын оқшауланып келген қауымдастықтарда генетикалық өзгерістер басталды.

Осыған дейін Ботайды зерттеу мақсатымен әлемнің әр түкпірінен отыздан аса ғалымдар Солтүстік Қазақстан облысына келіп халықаралық ғылыми конференция өткізген еді. Таяу күндері Италиядан екі архелог мамандар келмек. Осы уақытқа дейін Ботай қазбаларынан екі жүз мыңнан аса құнды заттар табылған.

Алайда Ботай қонысында 39 жылдан бері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Виктор Зайбертті шенділердің, тіпті жергілікті тарихшы мамандардың немқұрайдылығы қынжылтады. Тегі ғалымды ғалым ғана түсінеді ғой. Сексенінші жылдардың басында Солтүстік Қазақстан педагогикалық институтының ректоры болған марқұм Қанаш Шәкенұлы сол кездегі илікпегенді ұрып сындыратын партия орындарының қарсылығына қарамастан күзгі егін жинау науқанына көмекке жіберілген тарих факультетінің студенттерін кері шақырып алып Виктор Зайберттің археологиялық экспедициясына аттандырады. Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мүтанов та парасаттылығын танытып, Виктор Федоровичке университет жанынан арнайы Археология және дала өркениеті Институтын ашып беруі осы ғылыми жаңалықтың маңызын терең түсінгені емес пе!

Шетел ғылыми орталықтарының Виктор Зайбертпен байланыс орнатып, оны Ботай туралы дәріс оқуға Кембридж университетіне, Германияның оқу орындарына шақыруы осы Ботай мәдениетінің адамзат өркениетіне ықпалын жоғары бағалауынан ғой. Түсіне білген адамға Ботай қонысындағы археологиялық қазба нәтижелері Қазақстанды әлемдік ғылыми кеңістіктегі биікке шығаратын жетістік, еліміздің абыройын асқақтататын жаңалық.

Тек осыны ұғынып, бұл жұмысқа Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ғана емес, үкімет те қаржылай қолдау көрсетсе ғой. Әзірге бұл орындалмай отырған тілек қана болып тұр. Ал Виктор Федоровичтің жоспары ауқымды. Ол болашақта Ботай қонысында аспан астындағы ашық археологиялық мұражай ашып, табиғаты әсем Айыртау ауданына шетелдік саяхатшыларды тартуды, өлкеміздің көне тарихын әлемге паш етуді армандайды. Үкіметтен қаржылай қолдау болса Ботай әлі де тарихтың терең қойнауында жатқан сырын ашып, Қазақстан ғылымын жаңа белеске көтерері анық.

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 2 972

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 118 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 941 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 911 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 851 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 832 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 239 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 265 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 723 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 852 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 002 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 528 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 678 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930