29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақтөбеде құрылысы басталмай жатып тоқтаған туберкулезге қарсы диспансерге 1 млрд теңге бөлінген

Ақтөбеде құрылысы басталмай жатып тоқтаған туберкулезге қарсы диспансерге 1 млрд теңге бөлінген Ақтөбеде туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы басталмай жатып тоқтап қалды. Бірақ, соған қарамастан облыстық құрылыс басқармасы 1 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз бөлген.

Былық өңірге бөлінген республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы жөніндегі мемлекеттік аудит қортындысы кезінде белгілі болды. Шенеуніктердің шалағайлығының зардабын енді қарапайым халық тартуға мәжбүр. Емдеу мекемесін дер кезінде көшіргеменінің кесірінен ауламызда ауруы асқынғандар жүр деп дабыл қағуда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жазира Биханова жаз шыққалы кішкентайларының шыққан-тұрғанын аңдумен әлек. Өйтпеске амалы жоқ. Себебі, үйдің тап іргесінде құрт ауруынан емдеу мекемесі тұр. Жабық ғимарат болғанымен, туберкулездің асқынған түрімен сырқаттанғандар ауладағы дүкенге емін-еркін келіп, сауда жасайды екен.

«Төрт-бес жылдан бері тұр әлі. Қазір кешке таман бәрі шығып, дүкендердің қасында жүреді. Әрине қауіпті. Олардың қолымен ұстап берген ақшаларын бізге де қайтарады. Балалар қолын жумай зат алады да, жейді, сусын алады да, ішеді. Көшіру керек», - дейді тұрғын Жазира Биханова.

Қаланың қақ ортасындағы туберкулезге қарсы диспансерді оқшаулау жерге көшіреді деген әңгіменің шыққанына аз болған жоқ. Тек осыдан екі жыл бұрын ғана Жаңақоныс ауылынан арнайы жер, құрылысына деп 3 млрд теңгеден астам қаражат бөліп, іргетасын қалаған болатын. Мақтауын асырған мекемені заманауи жабдықтармен толтырып, онда тек бір ғана Ақтөбенің емес, күллі батыс өңірінің пациенттерін қабылдайтын орталыққа айналатынын айтты.

Біз қазір емдеу мекемесінің құрылыс басында тұрмыз. Мұнда қажетті материалдарды да әкеліп қойған. Бірақ сол күйі тұр. Соған қарағанда, сақалды құрылысқа айналатын түрі бар. Жалпы нысандағы жұмыстар ақпан айында орта жолдан тұрып қалған. Ал әу баста 300 орындық емдеу мекемесін екі жылдың ішінде аяқтаймыз деген мердігер компанияның жоспары биыл да орындалмайтын секілді.

«Жылдың аяғына дейін бөлінген қаражатты толық игереміз. Бірақ, жалпы осы туберкулез ауруларына арналған диспансерді, біздің ойымызша, шамамен 2022 жылға дейін біз саламыз» - дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлова.


Құрылыс тоқтап тұрса да, мердігер компанияға 1 млрд 115 млн теңге көлемінде қаржы аударғаны республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы жөніндегі мемлекеттік аудит қортындысында белгілі болды. Бірақ, қомақты соманың қалай жаратылып жатқаны белгісіз. Нысанның басында жұмыс жасап жүрген адам жоқ. Ал осы уақытқа дейін жаңа орынға қоныс аударамыз деп буынып-түйініп отырған туберкулезге қарсы диспансердегілер ескі ғимаратта күнделікті жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Егер туберкулезге шалдыққан науқас болатын болса, 0153 инфекциялық бақылау жеткілікті, одан қасында халыққа жұқпайтын және соны емдеп жатқан дәрігерге жұқпайтын ғимарат керек. Ол ғимарат қаланың сыртында, өзінің желдің бағыты бойынша есептелген, ауласы көгалдандырылған жер болуы керек», - дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.


Диспансердің қазіргі отырған орны туберкулезден емделушілерге лайықталмаған. Мысалы, талап бойынша поликлинкалық бөлім қақпаның сыртында, алшақ тұруы тиіс. Яғни, кеңес алуға келген пациенттер емханада емделіп жатқандармен ұшыраспауы қажет. Әрі тұрғын үй секторынан емхана 500 метр қашықтықта орналасқаны жөн. Алайда, емдеу мекемесінің басшылығы кеңестік кезеңде салынған ғимаратта барынша осы талаптарды орындауға тырысып отырғандарын айтады. Қазір облыс бойынша 1033 адам туберкулезден емделіп жатыр. Және бұл көрсеткіш жылдан-жылға азайып келеді.
Просмотров материала: 1 337

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 612 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 451 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 437 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 374 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 330 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 637 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 448 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031