26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қытайда сотталған Ақжарқынның анасы: қызымның ақталып шығатынына сенімдімін

06 август 2018, 17:22
Қытайда сотталған Ақжарқынның анасы: қызымның ақталып шығатынына сенімдімін Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы қаржыдан қатты қиналып отыр, тіпті адвокат ақысын да толық бере алмаған.

Қытай Халық Республикасының түрмесінде отырған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының қазіргі жағдайы мен атышулы қылмыстық іске қатысты тың деректерді Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай ісі күллі елді дүрліктіргені белгілі. Бірі оны ақшаның соңынан кетті деп айыптаса, енді бірі 20 жастағы қазақ қызы есірткі бизнесімен айналысты дегенге сенбеді. Таныстарының өтінішімен Малайзияға тауар жеткізіп беруге келіскен ол әлдекімдердің шырмауына түсті деді. Қаршадай қыздың туыстары Ақжарқынның кінәсіз екенін айтып, елден көмек күтті. Тіпті анасы Елбасыдан араша да сұрады. 2015 жылы Гуанчжоу соты қазақ қызына өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын берді. Ақжарқынның адвокаттары (авт: қазақстандық Сұңқар Нұрмағамбетов және қытайлық екі қорғаушы) соттың бұл үкімімен келіспей, Жоғарғы сотқа шағым түсірді. 2016 жылдың сәуірінде апелляциялық сот қазақ қызын өмір бойына бас бостандығынан айырған Гуанчжоу соты үкімінің заңды күшін жойып, істі қайта қарау туралы қаулы шығарды. Одан бері 2 жыл, 4 ай өтті. Жалпы есеппен алғанда Ақжарқын Тұрлыбай 4 жыл 5 ай ғұмырын Қытай абақтысында өткізіп отыр.

"Қызымды үш-ақ рет көрдім…"

"Тұла бойы тұңғышымның есірткі бизнесімен айналысты дегені жалған айып, ана жүрегім алдамайды", - деген Ақжарқынның анасы сары уайымға салынғанынан биыл инсульт алып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Бірнеше ай ем қабылдаған ол бүгінде жағдайым жақсы, өзегімді өртейтіні перзентіме деген сағынышым дейді.

"Ақжарқын Қытайда ұсталғалы бері үш-ақ рет көрдім. Соңғы рет 2016 жылы сот отырысында кездестім. Одан бері 2,5 жыл өтті. Мен үшін бұл қандай ауыр екенін сөзбен жеткізе алмаймын. Қорғаушыларының айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Жұмыс істеп жүр деді. Өзіне қажетті кітаптарды Қытайдағы қорғаушысы апарып беріп жүр. Бірақ саны шектеулі және тек ағылшын тілінде болуы керек", — деген Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова бірінші кезекте ата-әжесі үшін де алаңдап отырғанын жеткізді.

Өйткені Ақжарқын ата-әженің қолында тәрбиеленген. Оның Қытай елінде ұсталды дегенін естіген қариялар үшін бұл хабар қатты соққы болып тиген.

Қытайлық мамандар да Ақжарқын жағында

Сұхбат барысында "Қызымның ақталып шығатынына сенімдімін" деп бірнеше рет айтқан Зухра Сейтімова адвокаттары да сот үкімі Ақжарқынның пайдасына шығады деп болжам жасап отыр дейді.

"Ақжарқын осы уақытқа дейін тағылған кінәні мойындаған жоқ. Басында оның ісі құжаттарда басқаша жазылған, кейін оған тағылған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы алынды. Енді іс қайта қаралып жатқан соң құжаттар да өзгертілетіні белгілі. Өткенде қорғаушысы істің созылып кетуін осымен байланыстырды. Шынымды айтсам, не ойларымды да білмеймін. Ішкі түйсігім алдамайды деп отырмын", - деген Зухра Сейтімова қытайлық кейбір мамандар да Ақжарқынның кінәсіз екеніне сеніп отыр дейді.


"Ақжарқынның әуежайда ұсталған кезіндегі видеожазбаларды көрген қытайлық психолог мамандары егер сөмкесінде есірткі барын білетін адамның жүзінде кішкене болсын эмоцияның байқалып, қобалжуы тиістігін айтыпты. Ал Ақжарқын ешбір алаңсыз тұрған. Мамандардың айтуынша, егер адам бір рет болса да есірткі қолданса, қан құрамында ол бірнеше уақытта жойылып кетуі мүмкін, бірақ тырнақ пен шашта өмір бойына сақталады екен. Тіпті есірткіні жай ұстап көрген адамның қолындағы клеткаларда оның құрамы сақталады дейді. Бұл екі сараптама қорытындысында да Ақжарқын таза боп шықты. Адвокаттары да шындықтың жеңіп шығатынына сендіріп отыр", - деді Қытай түрмесінде отырған бойжеткеннің анасы.


"Адвокат ақысын таппай отырмын"

Ақжарқын Тұрлыбай істі болған соң ата-анасы үйлерін сатып, туыстарынан жылу жинаған. Кейін кредит алған. Бас-аяғы жиналған 10 мың АҚШ долларын Қытайдағы қос адвокаттың қызмет ақысы ретінде төлеген. Оның бірі ағылшын және орыс, екіншісі қытай тілін еркін меңгерген. Ал Қазақстандағы қорғаушы Сұңқар Нұрмағанбетов Ақжарқынға ақысыз араша болып келеді.

"Қытайдағы екі қорғаушының қызмет ақысының бір миллион теңгесі қалған. Оны наурыз айында беруім керек еді. Өзім "Қызмет ақысын әлі күнге дейін төлемеген соң, жұмыс істемей жатыр ма екен?" деп ойланып отырмын. Бір миллион теңге біз үшін оңай ақша емес. Өзім екі жерде жұмыс істеймін, тапқан табысым кредитім (Ақжарқын ұсталған кезде қорғаушы ақысын төлеу үшін алынған – автор) мен күнделікті ас-ауқаттан артылмайды. Ақжарқыннан өзге де перзенттерім бар ғой" деп мұңын шаққан ана қаржының жоқтығы қолды байлап отырғанын айтты. Тіпті Қытай еліне бармақ түгілі, виза жасатудың өзіне ақша таппай отыр екен. СІМ жасап берген виза мерзімі өтіп кетіпті.

Үкім шығатын күнді ешкім білмейді

"Қорғаушылар үкім өткен жылдың басында шығып қалар деп үміттендіріп еді. Кейін сол жылдың соңында ары кетсе үш айда үкім шығуы мүмкін деп те болжам жасады. Одан бері қаншама уақыт өтті. Қазір хабар жоқ. Адвокаттары күтуден басқа амал жоқ дейді. Үкімнің қашан шығатыны туралы тіпті болжам да жасай алмай отыр ол кісілер. Қорғаушылары қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатқанына сенімдімін. Осы тамыз айының ішінде Қытайдағы қорғаушыларының бірі Алматыға келмекші. Жақсы хабар болар деп үміттеніп отырмын", - деді Зухра Сейтімова.


Еске сала кетсек, жуырда ғана Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов Қытай еліне барып қайтты.

"Шілденің 17-20 аралығынды Қытайда болдым. Жұмысым Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты. Қазір не болып жатыр? Сот шешімі жария ету сатысында тұр. Сот (жаңа құрам) кеңес беру бөлмесіне кетті. Ақжарқынның жағдайы бұрынғыдай қанағаттанарлық деңгейде”, – деп жазды адвокат желідегі парақшасында.
Просмотров материала: 1 595

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 355 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 175 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 146 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 090 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 074 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 088 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 606 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 754 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930